Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: Күні



бет4/7
Дата21.08.2023
өлшемі3,6 Mb.
#179890
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
mzh.-ksp-zhne-biznes-10-synyp-ilon-mask-keys

2-тапсырма
X.com (PayPal) стартабын іске қосуға қандай ресурстар мен өндіріс факторлары тартылғанын және нәтижесінде неге ол сәтті болғандығын ойлап көріңіз.
Масктің келесі қадамы 2002 жылы ғарышқа ұшуларды жүзеге асыратын әлемдегі алғашқы Space Exploration Technologies Company (SpaceX) жеке компаниясын құру болды. «Зымырандарда соншалықты қымбат ештеңе де жоқ. Тек бұрынғы кездері оларды құрастырып және қызмет көрсетіп жүргендер мұны мүлдем тиімсіз істеді», - деп санайды кәсіпкер.
Бұл жағдайда Илонның кәсіпкерлік қабілеттері өндіріс факторларына айналды, бұл жобаға сенім артқан инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, талантты инженерлер мен бағдарламашылар тәрізді Маск командасының зияткерлік әлеуеті де өндіріс факторларына айналды.
Бұл жағдайда өндірістің басты факторы
Илон Масктың кәсіпкерлік қабілеті болды. Атап
айтқанда, жақын арада адамдардың қандай
өнімдер мен сервистерді талап ететінін болжау
үшін болашаққа көз жүгірте білуі. Тәуекел ету
қабілеті - өйткені, Илонда пайдаланушылардың
оның сервисіне сенім артып, өз ақшаларын аудару үшін электронды жүйелерді пайдалана бастайтынына кепілдік болған жоқ. "Пошта" және
"ақша аударымдары"сияқты ұғымдарды біріктіре отырып, стандартты емес және креативті
ойлана білу. Сыныппен талқылау нәтижесінде
Илон Масктың кәсіпкерлік қабілеттерінің тізімін
кеңейтіңіз. Оқушыларда пайда болған барлық
идеяларды көрнекілік үшін тақтаға жазуыңызға
болады

3-тапсырма
SpaceX-ға тартылған өндіріс факторларының тізімін кеңейтіңіз.

SpaceX бірінші ғарыштық зымыранын ұшыру оның жарылуымен аяқталды. Соған қарамастан, Маск халықаралық ғаламдық станциясына (ХҒС) жүк жеткізу және Falcon-9 зымыранын құрастыру бойынша НАСА-ның келісімшарттарына қол жеткізді. Масктің тек төртінші зымыранды ұшыруы сәтті өтті, ол оған алғашқы үш сәтсіз ұшыру мен әлемдік экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындаған қаржылық дағдарысты еңсеруге мүмкіндік берді.


2008 жылы Маск 12 ұшырылымға NАСА-ның (1,6 млрд. АҚШ доллары) келісімшартын ұтып алды. 2011 жылы Маск ғарыштық ұшу құнын 100 есе қысқартатын жаңа зымыран құрастырды. 2012 жылы оның Dragon ғарыш кемесі ХҒС-мен түйісті. Оның зымыраны Марсқа дейін жетті, енді Илон осы ғаламшарды отарлауды жоспарлап отыр (ниет білдірушілерге Марсқа дейінгі билет құны $ 500,000). Маск - SpaceX компаниясының бас инженері болып табылады және компания менеджменті үшін ғана емес, сондай-ақ ғарыштық технологияларды әзірлеуге де жауап береді. Маск ғарыштық ұшулардың құнын айтарлықтай төмендете алмағанына қарамастан (бір ұшыру құны 56 миллион АҚШ доллары көлемінде болғанда ресейлік «Протонның» 100 миллион долларымен салыстырғанда Маск зымырандарының пайдалы жүктемесінің салмағы «Протонға» қарағанда екі есе аз), оның компаниясы әрекет еткен 12 жыл ішінде 4 млрд. доллар пайда тапты.
SpaceX жобасы Илонның өз еңбек ресурстарын кәсіпкерлік қабілеттер сияқты өндіріс факторына айналдыру қабілетін толық көрсете білді. Маск айналасында кең ойлауға, жаңа идеяларды ойлап табуға және бел шешіп кірісуден қорықпайтын мамандар командасын құру арқылы өз әріптестерінің ресурстарын шебер пайдаланады. Ол мұндай адамдарды тауып қана қоймай, командасын жаңа жетістіктерге шабыттандыра отырып, өзі де осындай өзгерістердің катализаторына айналады.
Бизнестің барлық жан-жақты сұрақтарын қарастыра отырып - ресурстар мен менеджментті тартудан бастап жобалау мен бағдарламалық шешімдерді тікелей іздестіруге дейін, Маск өз компанияларындағы барлық өзгерістерді үнемі назарда ұстайды.
SpaceX-мен қатар, Маск тағы бір бизнес желісін – электромобильдер шығаратын Tesla Моторс компаниясын дамытады. Маск өзі 2006 жылы компанияның алғашқы электркарын шығаруға атсалысты. Бұл жолы да Маск өндіріс ресурстарына көзқарасты тағы да қайта қарауға мүмкіндік алды.
Илон Масктың жаңа стартап үшін
қажет болған барлық өндіріс факторларын
оқушылармен талқылай аласыз. Жер: яғни
кеңсе, зауыт және ғарыш айлағын салуға
арналған алаң. Капитал: қаржы құралдары,
жабдықтар, үй-жайлар, бағдарламалық
қамтамасыз ету және т. б. Еңбек: компанияға
тартылған қызметкерлердің үлкен штаты: инженерлер, бағдарламашылар, ғалымдар, дизайнерлер, жобалаушылар, талдаушылар
және т. б. Кәсіпкерлік қабілеттер: өзінің SpaceX стартапында Илон Маск қандай мінез-құлық
сипаттары мен тәжірибе қолданғанын тағы
талқылаңыз. Ақпарат: бағдарламалау, инженерия, ғарыштық ұшулар және т. б. Саласындағы кең білім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет