Жеке жұмыс. Мәтіндегі сөздердің дұрысын таңдаңыз:
Электрондық цифрлық қолтаңба сертификатының иесі-атына ЭЦҚ сертификаты берілген жеке/заңды тұлға. Әрбір сертификат иесінің қолында ЭП екі кілті бар: жабық және ашық. Электрондық қолтаңбаның ашық/жабық кілті (RSA... файлы) электрондық қолтаңбаны жасауға және электрондық құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді. Электрондық қолтаңбаның ашық/жабық кілті (Auth файлы) ЭҮ ашық/жабық кілтімен байланысты және ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеруге арналған. Егер сіз ЭЦҚ пайдаланғыңыз келсе, алдымен сіз ашық/жабық кілтті пайдалана отырып өзіңізді идентификациялауыңыз/аутентификациялауыңыз керек, ал қол ашық/жабық кілттің көмегімен қойылады.
Дескрипторлар: білім алушы
идентификация және аутентификация функцияларын біледі
Критериалды бағалау: Академиялық адалдық принципіне сәйкес дескрипторларды қолдана отырып өзін-өзі бағалау.
Зерттелген материал бойынша фронтальды сауалнама жүргізу: 1. ЭЦҚ деген не?
2. ЭЦҚ не үшін керек?
3. ЭЦҚ мен сертификаттың қандай айырмашылығы бар?
4. Неге ЭЦҚ-ны жабық кілтпен қорғау керек?
5. ЭЦҚ сертификатының мерзімі қандай?
6. ЭЦҚ-ны берумен қандай мемлекеттік орган шұғылданады?
7. ЭЦҚ-ны қандай жағдайда қайтадан шығарады?
Үй тапсырмасы:
ЭЦҚ алу тәртібі туралы бейнеролик қарау
Таныстырылым
Әр топ үшін ресурстар
Таратпа карточкалар
Сабақ соңы
Оқушылар рефлексиясыі: Linoit онлайн-тақтасындағы жапсырмалардың көмегімен келесі сұрақтарға жауап береді.
- Қандай проблемалар болды?
- Біз бүгін не үйрендік?
Оқушылар өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалай алады