1-тапсырма: «Менің атым- Қожа» бейнежазбадан үзінді көрсету.
Топ жарысы: «Серпілген сауал» сұрақ- жауап арқылы оқушылардың білімдерін ширату. Тыңдаған ақпарат бойынша сұрақтар құрап жазады.
Дескриптор:
-оқушылар жалпы мазмұнын айтады;
-негізгі ойды айқындайды;
-сұрақ құрастырады.
Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма бойынша оқушылар «Талқылау» оқыта үйрету әдісімен мәтінді оқып талдайды.
(Мұғалім оқушылардан жұпқа бөлінуін сұрайды, әркім серігіне өздерінің не оқығанын айтып беруге тырысады. Жұптағы әр оқушы мұғалім рөлінде де, оқушы рөлінде де қоса атқарады.)
Мәтін бойынша 3 топқа 3 сұрақ беріледі.
1.Қожа сияқты оқушылар сыныптарыңда бар ма?
2Сендердің қиялдарыңдағы Қожа қандай?
3.Қожамен дос болар ма едің?
(Осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын флипчартқа түсіріп, қорғайды).
Дескриптор:
-оқушылар жалпы мазмұнын ұғынады;
-сұраққа жауап береді;
-Мәтіндегі айтылатын ойды анықтайды;
-Мәтіндегі ақпаратты ажыратады.
3-тапсырма
«Талдау –табыс кілті» әдісі.
1-топ мәтіннен одағайларды табады.
2-топ мәтіннен қыстырма сөздерді табады.
3-топ мәтіннен қаратпа сөздерді тауып, топ ішінен бір оқушыдан шығып тақтаға жазады.
Дескриптор:
-Мәтінге тілдік талдау жасайды. оқшау сөздердің түрлерін табады.
-Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізеді.
4-тапсырма. Оқушылар «Ойлы болсаң, озып көр» әдісі бойынша үш топ тапсырмаларды орындайды.
1-топ Мәтіндегі көңіл-күйді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазады.«Қандай, көркем, шіркін, ғажайып» сөздерін қатыстыра сөйлемдер құрайды.
2-топ «Менің арманым» тақырыбында шағын ойтолғау жазады.Оқшау сөздерді қолданады.
3-топ Аудиотаспадан «Арман» өлеңін тыңдайды.Арман сөзі өлеңде қалай берілгенін талдау.
Дескриптор:
-Тірек сөздер бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жазады.
- Оқшау сөздерді қолданады.
-Мәтінді талдайды.
|