Сабақ: Тұсау кесу
|
Мектеп: 9
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Скакова М.А
|
Сынып: 5 «А»
Пәні: Қазақ тілі
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
5. О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.
5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Мәтіннің мазмұнын баяндай алады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Мәтіннің тақырыбын түсініп, жоспар құра алады.
|
|
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа байланысты тілдік құралдарды салыстыра отырып, мәтін жаза біледі .
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, жоспар құра алады
Тақырып бойынша тілдік құралдарды салыстыра отырып,мәтін жаза біледі
|
Дескриптор
|
|
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Оқушылар орындай алады:
Күрмеу, тақым
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» 6-құндылық
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
|
Пәнаралық байланыс
| |
Алдыңғы оқу
| |
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
7 мин
|
Сергіту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару. Түстер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
«Кіріспе сұрақтар»әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасау
Жаңа сабаққа дайындық:
«Ой қозғау»әдісі. «Тұсау кесу » рәсімі бойынша суреттер көрсету.
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Бұл суреттің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
|
|
Ортасы
мин
|
Жаңа сабақ:
1-тапсырма.Жеке жұмыс. Мәтінді түсініп оқыңдар.
«INSERT»әдісін қолданамын. Бұл тәсілді «Түртіп алу жүйесі» деп де атайды. Оқушылар мәтінді оқы
ғанда жекелей мынандай кестені толтырып отыруы керек:
V
|
+
|
-
|
?
|
«Бұрыннан білемін»
|
«Жаңа ақпарат»
|
«Менің ойлағаныма қайшы, кереғар»
|
«Келісе алмаймын.Білгім келеді»
|
Ойтүрткі негізінде оқушыларға мәтін бойынша бірнеше сұрақ қоямын
«Тұсау кесу» рәсімі не үшін жасалады?
Тұсау кесу үшін неге ала жіп пайданаланады?
Тұсау кесу үшін қандай адамдарға қолқа салады?
Мәтіннен тауып оқы. Осы тапсырма бойынша оқушылардың басым бөлігіне қажеттіліктеріне қарай мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құруды тапсырамын.
Дескриптор:Мәтіннен тірек сөздерді табады
Өзі білетін ақпаратпен толықтырады
Мәтінге сәйкес жоспар құрады
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтіннен түсініксіз сөздерді табу. Бұл тапсырмада «Мәнмәтінге қарап болжам жасау» әдісін пайдаланамын. Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Дескриптор: Қосымша ақпаратқа назар аударады
Нақты болжам жасайды
3-тапсырма.Топтық жұмыс. Графикалық органайзер арқылы
Бесікке салу мен тұсау кесу рәсімдерін салыстыра отырып Венн диаграммасын толтырады.
Дескриптор: Дәстүрлерді біледі
Ерекшеліктерін ажыратады
Тілдік құралдарды салыстыра отырып, графикалық органайзерге түсіреді
|
Интербелсенді тақта, кесте
|
Аяқталуы
5 мин
|
Кері байланыс
«Иық тірескен шеңбер»әдісі арқылы кері байланыс жасатамын. Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып,құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін келтіреді.
Қалыптастырушы бағалау.
Қалыптастырушы бағалауды дескриптор арқылы жүзеге асырамын, смайликтерді қолданамын.
|
|
Қосымша ақпарат:
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру,
«Дәстүрім-мақтанышым» тақырыбына шағын мәтін құрау
|
|
- Топта жұмыс жасау барысында бір – біріне сыйластықпен қарайды, көмекке дайын болады.
|
Рефлексия
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Тиімді оқыту мен дұрыс жоспарлау арқылы мақсат-міндетіме жететініме сенімдімін. Себебі, алынған тапсырмалар мақсатқа негізделген. Сабақ үдерісінде оқушылар «тұсау кесу» рәсімі туралы мағлұмат алады.
Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Олай дейтінім,оқушылар білімін тексеру мақсатында сабақтың соңында кері байланыс алу арқылы бағамдаймын. Жоспарланған саралау жақсы жүзеге асады деп ойлаймын. Себебі, интербелсенді әдістердің бірі «INSERT» әдісін қолдану тиімді болады деп есептеймін. Оқушылар уақытқа жұмыс жасауға дағдыланады, сондықтан тиімді пайдаланамын.
|
Қорытынды баға
Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)
1.Оқылым ( мазмұнын, тақырыбын түсінуі)
2. Мәтінді өзі білетін ақпаратпен толықтыруы
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)
Топтық жұмыс
Бірлескен жазылым әрекеті
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Белсенді оқылым тәсілдерін саралап қолдану
Оқылым бойынша ширату жаттығуларына арналған идеялармен жұмыс жасау
|