Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Мектеп: №9
Күні:01.06.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні:Алиева Жанар Мартаевна
Сынып: 5 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бесікке салу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.)
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, бесік жырын айтады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Мәтінді оқиды, мазмұнын түсініп, шілдехана мен бесікке салудың айырмашылығын айта алады.
|
|
Кейбір оқушылар:
Бесікке салу дәстүрін қазіргі өмірмен байланыстыра алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
Мәтіннің мазмұнын баяндайды және шідехана мен бесікке салудың байланысын анықтайды.
|
Дескриптор
|
Берілген сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі.
Сұрақтар құрастырады.
Бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түседі.
Мәтінде көтерілген екі негізгі мәселенің бір-бірімен байланысын айтады және айырмашылығын табады.
Шілдехана мен бесікке салудың бір-бірімен ұқсастықтары н жазады.
Айырмашылығын жазады.
Туыстық атауларын табады.
Бесікке қатысты ырымдарды толықтырады.
Ойтолғауды өмірмен байланыстырып жазады.
|
Тілдік мақсат
| |
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» 6-құндылық
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұрсатығы.
|
Пәнаралық байланыс
| |
Алдыңғы білім
| |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару.
Отбасы мүшелеріне қатысты мақал-мәтелдер тармақтары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
І топ: әке
ІІ топ: шеше
ІІІ топ: аға
ІҮ топ: іні
«Қауырсын» әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасау.
Жаңа сабаққа дайындық:
1-тапсырма
«Тірек сөздер арқылы болжау» әдісі.
бала, бесікке бөлеу, атаның бата беруі, той, балаңыздың бауы берік болсын
«Бесікке салу» рәсімі бойынша тірек сөздер көрсету.
-Бұл сөздер мен тірек сөздер сендерге таныс па?
-«Бесікке салу» дәстүріне қатысып көріппе едіңдер?
Дескриптор
Берілген сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Қима қағаздар, қауырсын, интерактивті тақта
|