Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді сабақ бөлімі 6-бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары



бет4/7
Дата19.03.2022
өлшемі30,41 Kb.
#136423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
айқындауыш мүше сабақ 3

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтінде көтерілген мәселені анықтау.

  • Тірек сөздерді теріп жазады.

  • Мәтінге атау қояды.

  • Тақырыбын талқыға салады.

  • Ұсыныс жаза алады.




Үлестірмелі тапсырмалар

3 минут

Сергіту сәті: «Еден-төбе-мұрын» ойыны
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.




3 минут

3-тапсырма: «Табиғи ресурстар» тақырыбында видеоролик көрсету, айтылған ақпараттың негізінде «БББ» кестесін толтыру.

Білемін

Білдім

Білгім келеді







5 минут

Кері байланыс: «Ашық журнал» әдісі




3 минут

Үйге тапсырма: Қазақстандықтарға табиғи ресурстар мен экологияға қатысты фото-ұсыныс жасайды.



1-тапсырма.



  1. Болыстық мектеп салуға да жинаған ақшаны тап осы кезде қырдағы уездік қалаларда: Ырғызда, Тарбағатайда, Ақтөбеде және Николаевскіде қалалық екі кластық мектеп салу жұмысына пайдалану қолайлы деп табылып еді,



  1. Бұл топтағы ақын-жазушылардың әдебиетке әкелген өз жаңалығы, өз мәдениеті бар..




  1. – Әке, - Науша жігіттен жоғары кеп отырған Арыс қарияға бұрылып, - мен жасымда осы баладай домбырашы болатынмын.



  1. Ыбырайм Танабай шопанның еңсесі түсіп отырғанына қайта-қайта қарап қойып, күрсінеді үн жоқ.




  1. Абырой болғанда, Алдаберген софы астан кейін ауырлап кеткен денесін баяу қозғап түрегелді.



  1. Онда да ыстауларынан ұзамай, теңіз жағалауынан қозы көштей ғана жерде, аралдықтардың сырт жағындағы жалпақ жазықта отыр екен.




  1. Фельтонист-публицист – әсерлі де бай әдеби тілді игерген, үлкен ирудициялы, фольклор мен көркем әдебиетті жақсы білетін болуға тиісті.



  1. Кешке, шахтаға жұмысқа дайындалар кезде, заводтың ортасынадғы тас үйлердің біріндегі бір қоралас Сергейдің үйі мен Ыбырай ұстаның үйіне Сапарғали Айшаны апарып отырғызып, жайластырып келді.




  1. Шашубай – нәзік сезімді лирик ақын, өткір тілді сатирик, асқақтаған әнші, гармоншы. қосалқы



  1. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйқтап жатқанда, бар жайды айтқан.




  1. Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұрлан мен Асқарды, жұрт көп мақтайды.



  1. Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.




  1. Біздер, жастар, Отан алдындағы парызымызды жақсы түсінеміз.

  2. Әнші Ермек Серкебаев түрік еліне танымал тұлға.



  1. Талғат Тоқтаров әлемге танымал ұшқыш-ғарышкер.




  1. Бірақ біздер жиырмасыншы ғасырдын азаматтары көп ретте асылымызды байқамай өтер едік...



  1. Бір үйден, бір кісінің қасынан, мұңшалықты кітап көргені осы.



  1. Ыбырайм Танабай шопанның еңсесі түсіп отырғанына қайта-қайта қарап қойып, күрсінеді үн жоқ.




  1. Абырой болғанда, Алдаберген софы астан кейін ауырлап кеткен денесін баяу қозғап түрегелді.



  1. Онда да ыстауларынан ұзамай, теңіз жағалауынан қозы көштей ғана жерде, аралдықтардың сырт жағындағы жалпақ жазықта отыр.



  1. Ленинградтық өренім өлеңін авторы Жамбыл ақын.


2-тапсырма. Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады. Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет