8. Т/А4. Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаттары
Айқындауыш мүшелерді түсіндіру.
Ғылыми деректерге негізделген мәтінмен жұмыс жасату.
Айқындауыш мүшелер мен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып, тапсырма жасату.
Ұйымдастырушылық кезең: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу. Әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпіне басталатын бойындағы қасиетті атайды, солайша сыныппен психологиялық ахуал қалыптастыру.
5 минут
Өткен тақырыпты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру.
10 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Белгілі бір сөйлем мүшесі болып тұрған сөздің жанама, қосымша қасиетін, белгісін білдіру үшін жұмсалатын жеке сөзді немесе сөздер тізбегін сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп атайды. Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады: Оңашаланған айқындауыш – өзі анықтайтын мүшемен тұлғалас келіп, түсіндірмелі мағынада жұмсалатын айқындауыш.
Қосалқы айқындауыш – көбінесе зат есмідердің қосымша сыны ретінде жұмсалатын айқындауыш.
Қосарлы айқындауыш – анықтайтын сөзімен қос сөздің бір сыңары ретінде байланысу арқылы соның мазмұнын дәлелдеп тұратын айқындауыш. Қосарлы айқындауыш қазақтың төл сөзінде көп кездесе бермейді, көбінесе аударма тілінде термин мағынасында ұшырасып отырады.