тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды;
Біздің мектептің оқушылары, әсіресе, 9 сынып және 10 сыныптары, әрдайым аудан сайыстарына қатысуда.
Ол Құнанбай аулына, Қорыққа, осы Ералыдан барған болар.
Тобықты ішінде ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.
ҚОСАРЛЫ АЙҚЫНДАУЫШ: Анықтайтын сөзімен қос сөздің бір сыңары ретінде байланысу арқылы соның мазмұнын дәлелдеп тұратын айқындауыштың түрі. Қосарлы айқындауыш қазақтың төл сөзінде көп кездесе бермейді, көбінесе аударма тілінде термин мағынасында ұшырасып отырады.
Батыр-ұшқыш; Тілші-ғалым; Әдіскер-ұстаз; Инженер-технолог; Инженер-механикДүйсеннің қызмет лауазымы – есепші бухгалтер;
ҚОСАЛҚЫ АЙҚЫНДАУЫШ:
• Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, нақтылап тұрады.
• Зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы, сыны ретінде жұмсалатын сөздер.
• Қосалқы айқындауыштардың арасына тыныс белгілері қойылмайды.
• Әнші Ермек, Қамбар батыр, профессор Ысмайлов, Жамбыл ақын, Біржан сал, әнші Күләш, Құрманғазы күйші.
Достарыңызбен бөлісу: |