Сабақ тақырыбы Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар



бет1/4
Дата06.09.2023
өлшемі2,24 Mb.
#180390
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар 9.1А бөлімі: Жазықтықтағы векторлар

Мектеп: №48 ЖББОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.6 векторлардың скаляр көбейтіндісін табу.



Сабақ мақсаты

- екі вектордың скаляр көбейтіндісін табу;
- векторлардың скаляр көбейтіндісінің формуласын есептер шығаруда қолдану;
- векторлардың скаляр көбейтіндісін қиындығы жоғары есептерді шешуде қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийлері

Екі вектордың скаляр көбейтіндісін табады.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді меңгереді:
-перпендикуляр векторлар;
-коллинеар векторлар;
-коллинеар емес векторлар;
-скаляр көбейтінді;
-скаляр шама.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы: Топта жұмыс жасаудың үлкен еңбек екенін ұғындыру, оқушылардың бір-бірін құрметтеу, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика, механикада қолдану

Алдыңғы білім

Векторларды қосу және азайту. Векторды санға көбейту. Векторлардың арасындағы бұрыш.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин



І Ұйымдастыру сәті.
а) Оқушыларды түгелдеу, оқу мақсатын хабарлау;
б) Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру, бір-біріне жақындастыру, бір-біріне құрмет көрсетуге баулу.
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» әдісі
Шарты: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Сағат тілі бағытымен осы сабақта жақсы көңәл-күйде отыруы үшін өзіне тілегенді қасында тұрған оқушыға айту керек. (Тілек айтады, құрмет көрсетеді)
Мұғалім: Ия, балалар дұрыс айтасыңдар. Құрмет — дегеніміз жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет. Олай болса, балалар әрдайым бір-бірімізге, өзге адамдарға құрмет көрсетіп жүрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет