Сабақтың басы
5 мин
35 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. Ой-қозғау:
Санның пайызын қалай табамыз?
Пайызы бойынша санды қалай табамыз? Шамаларды берілген қатынаста қалай бөлеміз?
Шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге қалай бөлеміз?
Ауызша тапсырма.
1. 6 = 24 ; 2 = 4 ; 1,5 = 6 ; 5 = 12
0,5 2 2,5 5 3 10 3 6
пропорцияны оқыңдар, пропорция дұрыс па?
Оқулықпен жұмыс.
Жеке жұмыс
Дифференциалданған тапсырмалар беру.
А:
№1.Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:
7,5:3,5=х:14. Жауабы: 30.
№2.2,5 кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда
сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін
сатып алуға болады? Жауабы: 3,5 кг.
№3. 120 санын 1:2:3 қатынасындай бөліктерге
бөліңіз.
Жауабы: 20; 40; 60.
В:
№1. АВС үшбұрышының АВ қабырғасында
жатқан Е нүктесі арқылы АС қабырғасына
параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=22,5 см,
АЕ=18 см, ВС=15 см болса, ВС қабырғасын түзу
қандай кесінділерге бөлінетінін табыңыз.
Жауабы: 3 см, 12 см
№2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:
2х 5 . Жауабы: 15
С:
№1.Жез – мыс пен
мырыштың қорытпасы,
олардың массаларының
қатынасы 3:2
қатынасындай. Бір кесек жез дайындау үшін 120 г
мыс қажет. Осы кесек жезді дайындау үшін қанша
мырыш қажет болатынын анықтаңыз.
Жауабы: 80 г
|
Оқушылар амандасады. Келмеген оқушыны атайды.
Үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар оқулықтан тапсырма орындайды.
Тапсырмалардың дұрыстығын тексертеді.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Дұрыс жауап 2 балл
Дескипторы:
-Пропорцияны пайдаланып, пайызы бойынша санды таба алады;
-Пропорцияны пайдаланып,екі санның пайыздық қатынасын таба алады.
-Берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек;
-Санды табылған қосындыға бөлу керек;
-Шыққан нәтижені (бөліндіні) қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек.
Дұрыс жауапқа 8 балл
|
Жылдам сұрақтар қағазы
Оқулық
Жұмыс дәптері.
|