Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:
Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Тарауы:-1 бөлім-1
|
Мектеп: «Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешені»КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:Дуйсенбина А
|
Сынып:7
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдын талдай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Әдеби шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін жасалу тәсілі тұрғысынан анықтайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:Әдеби шығармадағы образдарға талдау жасай отырып,жыр мәтініндегі сөздердің мағынасын ашады, тіліне талдау жасайды сөздікпен жұмыс жасай отырып,,ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен үндестігін салыстырады.
|
Бағалау критерийі
|
Шығарма мазмұнын, идеясын түсінеді;
Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайды;
Жырдың композициясы туралы біледі, саралау жұмыстарын жасайды;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:Жырдың тақырыбы мен идеясын аша отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді;
Кейіпкердің ерлік, батырлық болмысын ашады;
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Күлтегін, Білге Қаған,Тоныкөк,Ежелгі дәуір әдебиеті,Орхон ескерткіштері, түркі халқы, ерлік, қаза болу....
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жалаңаш халықты тонды
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым
(Күлтегін)
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Түркі елінің VI-VIII ғасырлардағы әдет-ғұрып,нанам-сенімін,өзіндік поэзиясын танып- білуде «Күлтегін» жырының маңызы қандай?Неліктен Күлтегін батырдың аты тарихта ерекше қалды?
|
Не себепті ежелгі дәуір әдебиеті мұралары түркі халықтарына ортақ деп ойлайсыз?
|
Ишара:
|
Құндылықтарға баулу
|
...Батырлық, ерлік, елдік сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, география,өлкетану,музыка,бейнелеу өнері
|
Алдыңғы оқу
|
«Қыз Жібек» жырымен «Күлтегін» жырының үндестігі мен айырмашылығы жайлы («Қос жазба күнделігі»)
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың
Басы
Қызығушылықты ояту
2-3мин
|
Шаттық шеңбері: «Жүректен-жүрекке- мен саған тілеймін...»
Топқа бөлу: Ерлік- білекте емес, жүректе;
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде
ұлтан бол:(Мақал-мәтелдерді бөліктерге бөліп, топтастыру пазл арқылы)
|
Жүрек макеті, мақал-мәтел қиындылары
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
7 мин(Т.Ж)
6 мин
8мин
8мин
5мин
|
«Тоныкөк,Білге, Күлтегін4»Тапсырма 1.Stop-кадрарқылы оқушыларға «Орхон-Енисей жазбалары, Күлтегін» жыры туралы бейнематериал (0,5 минут) бір сәтімен жұмыс жасатамын, сұрақтар қою арқылы диалогке тартамын:
Кадрда не көрсетілген?
Көріністі сипаттап берсеңіздер? ..
Не туралы баяндалды деп ойлайсыздар?
Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсыздар?
Сабақта ол туралы қандай мәлімет білгілеріңіз келеді?
Тапсырма2.Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасау:
«Болжау» (Топтық жұмыс)
Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.
Дескриптор:
1.Суретті болжайды;.2.Мәлімет жинайды;.3.Сипаттап айтады;
Т ;ж2: «Ойлан, жұптас, талқыла»
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Орхон-Енисей жазбалары-ХVIII ғасырыда табылып,оны зетттеп,оқу сол кездерде басталды.Көне түркілердің руна жазуын ең алғаш рет1893 ждат ғалымы Вильгельм Томсен оқыды.Кейін орыс ғалымы В.В.Радлов оның аудармасын жасады.Ал түпнұсқасын тура қазақшаға аударуда Ғ.Айдаров,М.Жолдасбеков,Қ.Өмірәлиев,Ә.Құрышжанов,М.Томанов, А.Аманжолов сынды белгілі ғалымдарымыз еңбек етті.
Құтылығұлы Күлтегін-екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері»атанған атақты батыры.
Суреттен алған мәліметтерді толықтыру үшін мәтінмен жұмыс жасатау:
Тапсырма 3. (Ж, Т) Үлестірме қағаздағы және кітаптағы мәтінмен жұмыс жасату.
1)Мәтінді жекелей оқу (3 минут)
2)Мәтінді топпен талқылау(5мин)
1-топ: Жырдың тақырыбы мен идеясы
2-топ: Кейіпкерлер әлемі
3-топ:Күлтегіннің жеке тұлғалық қасиеті мен ұлылығы
4-топ: Жырдың көркемдік ерекшелігі.
Дескриптор:Оқушылар жырдың тақырыбы мен идеясын ашады;
Күлтегіннің жеке тұлғалық қасиеті мен ұлылығын саралай отырып, дәріптейді;
Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды.
Бағалау: «Бутерброд»
Тапсырма4 «Сөздік» жұмысы.
«Күлтегін» жыры бойынша сөздердің мағынасын анықтайды.
Сөз
|
Біздің анықтама
|
Сөздік
тегі анықтама
|
Сөйлем
| |