Мәтінді мұғалімнің оқуында мұқият тыңдаңыз. Мұғалімнің дауыс ырғағына зер салыңыз, интонация компонентінің сақталуына мән беріп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Мәтінді мұғалімнің оқуында мұқият тыңдаңыз. Мұғалімнің дауыс ырғағына зер салыңыз, интонация компонентінің сақталуына мән беріп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Өмірде әрбір адамның мамандық таңдауда қателеспегені абзал. Себебі зейнет жасына дейін еңбек етіп, материалдық жағдайыңды жақсартатын, сүйіп атқаратын кәсібің және ынтымақ пен берекеге ұйыған, жарастығы сақталған отбасың болса ғана өмірің маңызды да, мағыналы болмақ. Сондықтан да еліміздің ертеңгі тірегі, сенім артар болашағы саналатын, егемен Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек ететін келешек маман иесі – жастарымыз мектеп бітірген сәттен өз мамандықтарын дұрыс таңдауы керек. Әсіресе әрбір мектеп бітіруші түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса, болашағы жарқын болары сөзсіз.
Дескрипторы:
мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын біледі;
сөздік қор арқылы сөздік құрамды байытады;
еліміздің болашағы жастардың қолында екеніне сенеді;
жүрек қалауымен таңдалған мамандықтың пайдасын сезінеді.
Өзіңізді тексеріңіз. берекеге ұйыған – тату, бірлігі, ынтымағы жарасқан
еліміздің ертеңгі тірегі – еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететіндер
жүрек қалауымен - көңілі қалаған, өзіне ұнаған іспен айналысу
2-тапсырма. Мақалдарды сәйкестендіріп жазыңыз, еңбек туралы өз ойыңызды айтыңыз. Еңбек ерлікке жеткізер 1. Татқаның тәтті болады
Еңбек - адамның көркі 2. Адам - заманның көркі.
Еңбегің қатты болса, 3. Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек қылмай ер оңбас. 4.Егін екпей жерге өкпелеме
Еңбек етпей елге өкпелеме 5. Бірлік қылмай ел оңбас.