Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Икишева Б. А. Пән/Сынып: қазақ тілі, 8-сынып


Нанотехнология саласының мамандары



бет3/6
Дата02.12.2022
өлшемі29,12 Kb.
#160883
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-сабақ Жаңа мамандық түрлері

Нанотехнология саласының мамандары. Әлемдік эксперттердің болжамы бойынша, нанотехнология саласы болашақта ғарыш, мәшине жасау, тамақ өндірісі, медицина сияқты ірі салаларда үлкен рөл атқаратын болады.

Сөздік қор мен сөздік құрам
Сөздік қор – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйытқысы.
Сөздік қордың өзіндік белгілері:
1.Сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді.
2.Сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады.
3.Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар.
4.Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б.
5. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады.
6. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған.


Сөздік құрам – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрамға халықтың өзіне тән кәсібі,тұрмыс жағдайы, тіршілігін т.б.танытатын барлық сөздер жатады. Сөздік құрамға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер т.б. енеді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. . Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.







2 минут

2 минут

3 минут


Тапсырмалар

1-тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет