3-тапсырма Белгілі ғалым, саяхатшы О.Мазбаевтың пікіріне сүйене отырып, саяхаттың пайдасын төл сөз бен автор сөзін қатыстыра отырып жазыңдар.
Өзге елді араламас бұрын өз еліңді бес саусақтай білуің қажет. Мәселен,
қазір оңтүстікте тұратын бала Каспийді, батыстың баласы Алтайды, шығыстың баласы Көкшетауды көрмеген. Олай болмайды. Оқушы лардың патриот болуы, әдемілікті сүюі өлкетанудан басталады. Еліміздің табиғаты неше рет шарласаң да, таңдандырмай қоймайды. Таныған сайын таңғаласың, тарихқа жүгінесің, білімің артады.
Өзіңді тексер! Белгілі ғалым, саяхатшы О.Мазбаев: «Өзге елді араламас бұрын өз еліңді бес саусақтай білуің қажет...», – деді.
Белгілі ғалым, саяхатшы О.Мазбаев былай деді: «Өзге елді араламас бұрын өз еліңді бес саусақтай білуің қажет...».
«...Оқушылардың патриот болуы, әдемілікті сүюі өлкетанудан басталады. Еліміздің табиғаты неше рет шарласаң да, таңдандырмай қоймайды. Таныған сайын таңғаласың, тарихқа жүгінесің, білімің артады», – деді белгілі ғалым, саяхатшы О.Мазбаев.
«...Оқушылардың патриот болуы, әдемілікті сүюі өлкетанудан басталады, – деді белгілі ғалым, саяхатшы О.Мазбаев, – Еліміздің табиғаты неше рет шарласаң да, таңдандырмай қоймайды. Таныған сайын таңғаласың, тарихқа жүгінесің, білімің артады».
4-тапсырма Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгісін дұрыс қойыңдар. Бір жыл ішінде 4 құрлықты, 22 елді аралап шықтым. Күніне ауа райына байланысты 100 шақырымнан 200 шақырымға дейін жүріп отырдым. Жолда жергілікті тұрғындардың үйіне, арзан қонақ үйлерге, гестхаустарға, кейде палаткаға түнеп жүрдім. Күніне 5 доллардан 10 долларға дейін жұмсадым деді жер шарын велосипедпен шарлаған Мағжан Сағымбаев.
Чехия Республикасының өкілі Ярослав Вархабский былай деді
Мен Астанаға негізінен «ЭКСПО – 2017» көрмесімен танысу үшін келдім. Маған мұнда арқау етілген тақырып, экологияны жақсартуға ұмтылған идеяның өзі ұнады. Жалпы павильондардың мазмұны да, олардың безендірілуі де көңілімнен шықты.
3) Астана қаласына мен алғаш рет келіп тұрмын. Дамушы елдердің қатарында болғандықтан, көп елдердің бірін көретін шығармын деп ойлағанмын. Бірақ, маған Қазақстан басқаша әсер етті. Мұндағы қаланың құрылысы, Еуропадағыдай алпауыт ғимараттардың көптігі, қаланың безендірілуі кім-кімді де таң қалдырады. Әрі мұсылман елі болғандықтан, ашық-шашық жүретін адамдардың онша көп болмауы сүйсіндірді деді Катар мемлекетінің өкілі Абдулазиз Садык. Дескриптор
төл сөз бен автор сөзін ажыратады;
төл сөз бен автор сөзінінің тыныс белгісін дұрыс қояды.
Қорытынды Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді тапсырмалар барысында еркін қолдандық.
Диалогке даярлықсыз қатысып, өз пікірлерімізді ортаға салдық.
Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануға төселдік.
Саяхат, оның түрлері, пайдасы мен мүмкіндіктері жайындағы білімімізді кеңейттік.
Қазақстандық саяхатшылардың ой-пікірлерімен танысып қана қоймай, қазақ елін әлемге танытқанына көз жеткіздік.
Қосымша тапсырма: Суреттерге зер сала отырып, «Егер мен саяхатшы болсам...» тақырыбында эссе жазыңдар