1-тапсырма Сұрақтар бойынша пікірлеріңді білдіріңдер. Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді орынды қолданыңдар. «Саяхатшыларды не қызықтырады? Әрине, саяхат әркімнің өз қалауы мен мақсатына, мүмкіндігіне байланысты. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар» деген пікірді қалай түсінесіңдер?
Жаңа дәуірде саяхат пен туризмнің жеке адамдар үшін, мемлекет үшін қандай маңызы бар?
Дескриптор
Сұрақтар бойынша пікірлерін білдіреді;
Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді орынды қолданады.
Өзіңді тексер! Шынында да, бұл – өте орынды пікір. Менің ойымша, саяхат әлемді шарлауға ғана емес, уақытыңды қызықты да пайдалы өткізуге мол мүмкіндік туғызады. Олай болса, қаламыздағы көздің жауын алатын ғимараттардың тарихы қала қонақтары мен тұрғындары үшін танымдық, тәрбиелік қызмет атқарып тұрғандай. Саяхат – тынығудың ең негізгі түрі ғана емес, сондай-ақ, дене тәрбиесі мәдениетіне тәрбиелеудің құралы. Негізінде, саяхат пен туризмнің жеке адамдар үшін де, мемлекет үшін де маңызы өте зор. Туризм белгілі бір аумақта дамыған сайын одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді. Шіркін, саяхаттағанға не жетсін! Достарым, саяхаттауды елордамыздан бастайық!
2-тапсырма Мәтінді оқып, қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалог құрастырыңыздар. Қазақтың қазіргі саяхатшыларының бірі – Халықаралық туризм және
спорт академиясының академигі Сапар Ысқақұлы. Сапар Ысқақұлы – жер шарындағы барлық 6 континентте, 100-ден астам елде болған, отбасымен бірге Гималай тауында болып, Хан Тәңірі шыңына шыққан, еліміздің тарихында 2007 жылы тұңғыш рет Оңтүстік полюсте (Антарктикада) болып, ҚР Мемлекеттік Туын орнатқан (оның бұл ізгі ісі «Антарктиканың Үлкен кітабына» тіркелген), 2008 жылы Солтүстік полюсті (Арктика) бағындырған, балалар және жасөспірімдер туризмін ұйымдастыруға ықпал жасағаны үшін «Алтын тұсбағдар» кубогімен марапатталған атақты саяхатшы.
Астана қаласындағы «Қазіргі заманғы өнер мұражайында» Сапар Ысқақұлының Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Әлем саяхатшының көзімен» атты фотокөрмесі ашылды. Саяхатшы Сапар Ысқақұлының үш кітабын оқып, фотокөрмесімен танысқанымызда: «Ағамыздың жетпіске келген жасына қарамай, әлемнің жүзден астам елін аралауға, барлық 6 континентте болуға, Антарктида, Арктиканы «бағындыруға» қалай күш-қуаты жетті екен?! Айлап сапарда жүргенде барған жерлерін тамашалаумен бірге, олар жөнінде ғылыми-эн циклопедиялық, тарихи деректі қалай жинап алды екен, қалай соның бәрін ойында қорытып, үш кітап жазып шығуға негізгі жұмысынан тысқары бос уақыт тапты екен?!» – деп таң-тамаша
қалғанымыз рас. Сірә, бұл Сапар Ысқақұлының қазақ елін әлемге таныт пақ болған мұратының ұлылығынан жүзеге асқан шығар...
Өзіңді тексер! – Сәлем, Дастан!
– Сәлем, Аян!
– Аян, атақты саяхатшының жер шарының 6 континентінде болуы таңқалдырады екен, ал сен қалай ойлайсың?
– Иә, Дастан, дұрыс айтасың. Шынында да, жетпіске келген саяхатшының Антарктида мен Арктиканы бағындыруы өте қажырлы, қайратты екендігінің айқын дәлелі іспетті.
– Иә, Аян. Сапар Ысқақұлының қазақ елін әлемге әйгілеуі атамыздың елжандылығы деп білемін. Шіркін, өзімен тілдесер ме еді!..
– Негізінде, Дастан, бар жайтты өз аузынан естігенге не жетсін! Шіркін, атамызбен бірге саяхаттасақ, тіптен тамаша болған болар еді!..
– Қысқасы, Аян, саяхаттауды өз қаламыздан бастайық! Мүмкін, ертең «Бәйтеректің» жанында кездесерміз...
– Сөз жоқ, кездесейік! Көріскенше, Дастан!
– Көріскенше, Аян!