Мұғалімнің аты-жөні:
|
Жумадилова Жанар Кажмуратовна
|
Пән/Сынып:
|
3-сынып Дүниетану
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1-апта 1-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Жанды табиғат
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жер бетіндегі климат неге тәуелді?
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі) орналасуын талдау.
|
Бағалау критерийі:
|
1. «Климат» терминіне сипаттама береді
2. Климаттық белдеулерді атай алады
3.Климаттық белдеудегі жануарлар мен өсімдіктер әлемінің 1-2 түріне сипаттама бере алады
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
|
Ұйымдастыру
Онлайн сабағымызға қош келдіңдер! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Жазғы демалысымыздан күшті күш жігер жинап келді деген ойдамын. Олай болса
Дүниетану сабағын бастаймыз. Бүгінгі біздің бастағалы отырған бөліміміз Жанды табиғат деп аталады.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты
Сен
-Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтай аласың
-Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты
(жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі) орналасуын талдай аласың
|
|
|
Презентация № 2бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
-Балалар, осы сендер ауа райы деген сөзді естігенде көз алдыларыңа не елестейді? ( жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, қардың жаууы, аяз т.б )
-Ал климат дегенді қалай түсінесіңдер?
-Олай болса осы екі ережеге анықтама беріп көрейікші.
Ауа райы –қысқа мерзімді жергілікті атмосфералық жағдай
Климат-ұзақ мерзімді орташа атмосфералық жағдай Жер бетіндегі климат неге тәуелді? Олай болса мына бейнероликке көңіл аударайықшы. Бейнежазба арқылы түсіндіру
https://www.youtube.com/watch?v=jG-ClZyVAP0
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 6 бетінде көрсетілген климаттық картаға назар аударыңыз
- Неге карта әр түске боялған?
- Бұл түстер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Әлемдік климаттық аймақтар 4 кезеңге бөлінеді
Полярлық Қоңыржай Субтропикалық Құрғақ
Олай болса мына бейнероликке көңіл аударайықшы. Бейнежазба арқылы түсіндіру
https://youtu.be/luMr0KmWEmY
-Ал енді балалар осы кезеңдерге жеке тоқталып кетейік.
Полярлық белдеу. Ол жердегі өсімдіктер мен жануарларға тоқталатын болсақ. Ол жердегі өсімдіктер мен жануарлар сол жердің климатына қарай өмір сүреді.мысалы ақ аюды біздің елге әкеліп өсіре алмаймыз себебі ол суық жаққа бейімделген жануар.Өсімдіктеріде дәл солай.
Субтропикалық белдеу. Мысалы ананас, анар, банан сияқты жемістер біздің елімізде өспейді олар сол жердің табиғатына бейімделген, суретте көріп отырған жануарларыда сол аймаққа бейімделген.
Қоңыржай белдеу. Бұл белдеудің басқа белдеуден ерекшелігі жылдың төрт мезгілі де өтеді.Бұл аймақтағы жануарларыда мен өсімдіктері де бейімделген.
Құрғақ белдеу. Бұл белдеуде ыстық аймақтардың біріне жатады. Сондықтан құмда өмір сүретін,ыстыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар өмір сүреді.
Миға шабуыл
-Қалай ойлайсыңдар Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
( картамен жұмыс )
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Ауа райы, климат, климаттық белдеу туралы ақпаратты түсінеді
|
|
Презентация № 3бет
Презентация № 4бет
Презентация № 5бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
1-тапсырма: Берілген ұғымдардың анықтамасын сәйкестендіреді
2-тапсырма: Климаттық белдеудің сипаттамасын сәйкестендіреді
|
Климат және ауа райының ұғымын анықтайды.
Полярлық, қоңыржай,тропиктік, экваторлық ұғымдарын анықтайды
|
Дескриптор:
Білім алушы
-Климат ұғымын анықтайды
- Ауа райы ұғымын анықтайды
Дескриптор:
Білім алушы
-Полярлық белдеу ұғымын анықтайды
-Қоңыржай белдеу ұғымын анықтайды
-Тропиктік белдеу ұғымын анықтайды
- Экваторлық белдеу ұғымын анықтай
|
Презентация № 10-11бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
Жеке тапсырма ұсыну (картамен жұмыс)
Картадан климаттық белдеулерді түсіне қарай ажыратып айт
Осымен сабағымызды қорытындылап бүгінгі сабақтан қандай нәтижеге жеткенімізді бағалап кетейік. Ол үшін әр сөйлем бойынша өзіңізге + , - таңбалары арқылы баға беріңіз:
1. «Климат» деген сөздің мағынасын түсіндім
2. Климаттық белдеулерді атай аламын
3. Климаттық белдеулердегі жануарлар мен өсімдіктерге мысал келтіре аламын
СМС» кері байланыс. Мұғаліміңе смс арқылы жауап беруіңе болады.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор
Білім алушы
Картадан климаттық белдеулерді анықтайды
Берілген сөйлемге + - таңбаларын қою
|
Презентация № 12-13 бет
|