Сабақ жоспарының шаблоны Шартты белгілеулер : боә = белсенді оқыту әдісі



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#84095
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 Асылбек Күлтай



5-үлестірме материал

Сабақ жоспарының шаблоны


Шартты белгілеулер:

БОӘ = белсенді оқыту әдісі;

Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;

Ж = жұптық жұмыс;

Т = топтық жұмыс;

М = мұғалімнің көрсетуімен;

Ө = өздік жұмыс;

Ү = үй тапсырмасы.




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Тізбектер

Мектеп: Титов атындағы ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Асылбек К.

Сынып: 9 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.7 арифметикалық немесе геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

Сабақтың мақсаты

(SMART мақсат:
нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыт бойынша есептелген)

1 мақсат:
арифметикалық немесе геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару;

2 мақсат:
арифметикалық немесе геометриялық прогрессияларға байланысты есептерді түрлендіру арқылы шығару;

3 мақсат:
арифметикалық немесе геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін пайдаланып, мәтінді есептерді шығару.

Бағалау критерийі

- арифметикалық прогрессиялардың қасиеттерін пайдаланып есептер шығарады.
- геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін пайдаланып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар



Тілдік мақсат:
Оқушылар арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін сипаттайды, айырмашылығын айтады. Берілген тапсырмаларға байланысты формулаларды түсіндіреді.
Терминология:
-арифметикалық прогрессия;
- геометриялық прогрессия;
- айырмасы;
- еселегі;
- қосындысы;
- тізбек.
Диалогқа қатысты сөз тіркестері:
- арифметикалық прогрессияңың......айырмасы деп аталады.
- геометриялық прогрессияңың......еселігі деп аталады.
- арифметикалық прогрессияңың.....қосындысы деп аталады.

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде «Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылықтарын дарыту арқылы оқушыларды еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға бейімдеу

Пәнаралық байланыс




Алдыңғы білім



Арифметикалық прогрессияның айырымы, n ші мүшесі, алғашқы n мүшесінің қосындысы. Геометриялық прогрессияның еселігі, n ші мүшесі, алғашқы n мүшесінің қосындысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау – сабақ уақытының 10 % үлесі

4 мин


  1. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі

8 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу;
Сабақты тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушыларды «Сәйкесін тап» әдісі арқылы 3 топқа бөлдім.
Төмендегі тізбектерден арифметикалық прогрессия, геометриялық прогрессияны және шексіз кемімелі геометриялық прогрессияны көрсетіңіз.
Мақсаты: оқушылардың сәйкестендіру нәтижесіне қарай отырып, өткен тақырыпты меңгеру деңгейін, прогрессялардың түрлерін ажырату деңгейін, тездігін, дәлдігін, ой тұжырымдау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Нәтижесі:оқушылардың прогрессияның түрлерін ажыратуына байланысты олардың шешім қабылдауы мен тездігі анықтала отырып топтарға бөлінеді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет