Сабақ жоспарының шаблоны Шартты белгілеулер : боә = белсенді оқыту әдісі



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#84095
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 Асылбек Күлтай

Басым оқушылар: арифметикалық және геометриялық прогрессияларға есептер шығаруда, түрлендіре отырып есептің шешімін тауып, қорытындылауына қарай, талдау жасауына қарай саралауға болады яғнй тапсырманы толық меңгерген оқушы қорытындысын жан-жақты түсіндіреді;
Кейбір оқушылар: арифметикалық және геометриялық прогрессияларға есептер шығаруда басқаларға үйрете отырып, тиімді тәсілді таңдап ала отырып өз шешімін жан-жақты дәлелдеп, қорытындылап, талдап береді. Демек бұл оқушының толық қалыптасқанын көруге болады.


Бағалау: Бұл бағалау тәсілі арқылы уақытты тиімді пайдалануға, оқушының білім деңгейін анықтауға бодады. Себебі визуалды көре отырып оқушының қай белгіні көтергеніне қарап оның тапсырманы қаншалықты түсініп жатқанын анықтауға және де әр қайсының қорытындысын тыңдай отырып оқушыларды саралауға болады.

(Т). «Елші» әдісі.


Мақсаты: күрделі тапсырмаларды орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, бірсарынды сабақ тәсілін өзгерту үшін топтық жұмыс ұйымдастырдым. Оқушыларда топта жұмыс жасау арқылы сұрақ қоя отырып салыстыру, талдау жасау, дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру.
Нәтижесі: : топпен талқылай отырып, нәтижеге қол жеткізеді, топ ережесіне бағына отырып, бірігіп жұмыс жасау, елші боп тағайындалған оқушы басқа топқа барып шешімдерімен бөліседі, тыңдау, пікір алмасу, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады.


Тапсырма 3:
1) Арифметикалық прогрессия құрайтын үш санның қосындысы 15-ке тең. Егер осы сандарға сәйкес 1, 4 және 19 сандарын қоссақ, онда геометриялық прогрессяның алғашқы үш мүшесі шығады. Осы үш санды табыңдар.
2) 195 санын геометриялық прогрессия құрайтындай етіп, үш бүтін қосылғышқа жіктеңдер. Сонда бірінші қосылғыш үшіншісінен 120- ға кем болсын.
3) x;y;z сандары геометриялық прогрессия, ал x;2y;3z сандары арифметикалық прогрессия құрайды. Геометриялық прогрессияның 1- ден өзгеше еселігін табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет