Жүректен жүрекке
«Бейбітшілік күзетінде»
|
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
|
Күні:
Мектеп: №22 Приречное орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы (9 сабақ)
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: қайырымдылық, қанағатшылдық
Мұғалім: Мешитбаева Г.Қ
Сынып: 7
Сабақтың мақсаты: оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
|
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
|
Дәйексөз
«Абырой – ар еңбегі»
|
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
|
Әңгімелеу
«Адам не үшін өмір сүреді?» Талдау сұрақтары:
● Бауыржан Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?
● Бауыржан Момышұлының «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?
● Бауыржан Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
● Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырасыңдар?
● Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |