Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
Қаратөбе өлкесіндегі әдебиет өкілдері
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сағынғали Сейітов өмір жолы, шығармашылығы «Қаратөбе» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.4.1 көркем шығармалар дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
|
Сабақ мақсаты:
|
Ақынның өмір жолы туралы білу, «Қаратөбе» өлеңінің мазмұнын түсіну және жатқа білу
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңінің мазмұнын біледі;
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды.
|
Дескриптор
|
Өлеңнен үзінді мәнерлеп жатқа оқиды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Түсіну және бағалау
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Өлеңнен үзінді мәнерлеп оқиды;
Пәндік лексика мен терминология: ақын, идея, тақырып
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Суреттер галериясы арқылы сабақтың тақырыбын ашу
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Сағынғали Сейітовтың өлеңінің мазмұнын ашып түсіндірген соң, үзінді мәнерлеп жатқа айтқызу
«Автор орындығы»
Қаратөбе
Расым сол! Төбе емес, таусың маған,
Қазынаң қойнауында таусылмаған.
Көмір де, темір де емес текше-текше,
Байсың сен – адамыңмен, паңсың, далам!
Куәмін кішкентайдан ғажабыңа,
Куәмін рахатыңа, азабыңа.
Қараймын, Қаратөбем, махаббатпен,
Мен сенің қараторы қазағыңа.
Дархан ол даламыздай, пейілді де,
Момақан, мерейлі де, мерейлі де.
Баянды бақыты да баяғыдан,
Басынан бір сәт, сірә, сейілді ме?
Көнбеді қатаң кездің бұлтағына,
Ақырған алай-түлей бұрқағына.
Мақтанып, мен қалайша сүйсінбейін,
Ырысты ұлы Мұхит ұрпағына.
Қаратөбем! Төбе емес, таусың маған,
Дәм-тұзың, ризығың таусылмаған.
Естимін айқай түгіл, сыбырыңды,
Кетпейді құлағымнан даусың әман!
Қалыптастырушы бағалау
Өлеңнен үзінді жатқа айту
Дескриптор:
Өлеңді мәнерлеп айтады
Үзінді жатқа айтады
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс:
Кері байланыс : «Шығу билеті»
Сіз бүгін не үйрендіңіз?
|
|
Сіз тағы не білгіңіз келеді?
|
|
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратаөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Берқайыр Аманшин өмір жолы, шығармашылығы
«Сақ болыңдар, тірілер!» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Өлеңнің мазмұнын түсіну, тақырыбын ашу, идеясын анықтау
|
Ресурстар
|
http://library.wkau.kz/2014/temat_rubriki/stixi_o_voine/berkair_amanshin_3.pdf
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңдерінің мазмұнын біледі;
Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашады.
|
Дескриптор
|
Өлеңінің тақырыбын ашу
Өлеңнің идеясын ұғыну
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
түсіну және жауап беру
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығарманың тақырыбы мен автор бейнесін ашады;
Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Берқайыр Аманшиннің Махамбет ақын
туралы «Махамбеттің тағдыры» атты роман
жазғаны жөнінде шолып айту
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым
Топтық жұмыс
«Сақ болыңдар, тірілер»
Қырық бірінші жылдың июні...
Күндердің қауырт қиыны-
Тарқатты елдің базарын,
Соқты да соғыс құйыны.
Орманда көкпен таласқан
Өксіді Өмір адасқан,-
Қан-жоса болып қара жер,
Қақырап түсті көк аспан
Айнала шапқын жер мен көк,
Теңселіп кетті төңірек.
Жынданды құдай жердегі-
Жалмауыз жуан зеңбірек.
Ауылға жетті атқан оқ,
Аулымды бұлап жасқа көп,
Жесірлер жайып шаштарын,
Жетімдер қалды қасқа боп.
Жаныштап ажал ызғары
Қайғыдан жүрек мұздады,-
Қаусатып кетті қарттарды,
Қартайтып кетті қыздарды.
Үй сайын қайғы нала-зар,
Таусылып бітті жаны аздар,.
Мұржаға қара қарғаша
Үйілді қара қағаздар.
Есімде менің сол күндер-
Орылмай қалған егіндер.
Ашылмай қалған түндіктер,
Аш-жалаңаш тірліктер.
Өтті бастан не жайлар-
От шарпыған жыл айлар.
Өртеніп кеткен сол отқа
Оқталып келген талайлар.
Қалғаны тағы дүрлігер,
От алып қайта жүгірер.
Өлгендер қайтып келмейді,
Сақ болыңдар, тірілер.
«Репортер» әдісі. Оқушылар рөлге еніп, сұрақтарға жауап береді.
-Өлең не туралы?
-Өлеңде қандай мәселе көтерілген?т.б
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс:
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы мәтінді талқылайды
Пікір
Дәлел
Мысал
Түйін
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жұрғали Ертілесов өмір жолы. «Қаратөбем» әні
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Өлеңнің мазмұнын түсіну, тақырыбын ашу, идеясын анықтау
|
Ресурстар
|
Жұрғали Ертілесов шығармашылығы
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңдерінің мазмұнын біледі;
Өлеңдеріндегі автордың бейнесін ашады.
|
Дескриптор
|
Автор бейнесіне талдайды;
Авторға мінездеме жасайды;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
анализ және интерпретация:
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығарманың тақырыбы мен автор бейнесін ашады;
Пәндік лексика мен терминология: жыршы-жырау, терме, толғау
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Оқылым тапсырмасы:
Мәтінді оқып, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Ертілесов Жұрғали 25 сәуірде 1928 жылы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі” (1975). 1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық «Колхозшылар үні» газетінде тілші, жауапты хатшы боп бастаған. 1950-53 жылдар Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1953-1956ж.ж. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған. 1956-68 жылдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында меңгерушісі қызметін атқарған. «Жастық жалыны» повесі, «Туған жер түлектері» очерктері жинағының (А.,1970) авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ертілесовтың сөзіне жазылған “Қаратөбем” әні қаратөбеліктердің тұрақты репертуарында.
1-ашық сұрақ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-ашық сұрақ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табыңыз?
Туған жер
Ер мінез, жомарт көңіл, батыр тұлға,
Сүйікті мекен болған қыз мен ұлға.
Уа, менің қасиетті Қаратөбем,
Балалық пәк жүрекпен қостым жырға.
Гүл жайна құлпыра түс туған жерім,
Сен барда көңілде жоқ уайым-шерім,
Уа менің, қасиетті Қаратөбем,
Арман не өзің үшін ақса терім!
Ақ тақыр, қызыл құмың, бұйра шағыл,
Секілді ішжу-маржан, бейне лағыл.
Уа менің, қасиетті Қаратөбем,
Өскенсің өр арманым болып қабыл.
Астында ақ сәулелі алтын таңың,
Жүрсем де қай жерінде ұлы Отанның,
Уа менің қасиеттіөскен жерім,
Әрқашан Қаратөбе ұлы атандым.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
/ ББҮ әдісі/ оқушылар не білгенін , не білді , не білгісі келетінін стикерге жазып “ Білім ағашына ” іледі.
/
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қ.Хасанов шығармашылығы.
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
1.Қ.Хасанов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік алады.
|
2. Оқылған, тыңдалған мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпараттарды іріктейді.
|
3. Іріктелген ақпараттар негізінде жинақы мәтін жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді және негізгі ақпаратты табады.
- Мәтіндегі негізгі ақпаратты сақтайды.
- Жинақы мәтін жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: өлкетанушы, ақын, журналист, «Еңбек туы» газетінің редакторы, «Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі»
|
Құндылықтар
|
Рухани адамгершілік
|
Пəнаралық байланыс
|
Тарих
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
М.Мералыұлының шығармашылығы туралы біледі
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
Білу Түсіну
Сабақтың ортасы
20 минут
Сабақтың соңы
10 минут
|
Амандасу.
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
Ой қозғау
Оқушыларға Қ.Хасанов шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіледі.
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқы, тақырып қой. Мәтіннен негізгі ақпаратты білдіретін мәліметтерді (сөз тіркестері мен сөйлемдерді) анықта. Алынған мәліметтерді пайдаланып жинақы мәтін құра.
Хасанов Қайыржан - өлкетанушы, ақын, прозаик жазушы, журналист, “Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. 1942 жылдың 2 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының Сәуле ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Орал пединститутының филология факультетін бітіріп, Қаратөбе ауданының мектептерінде мұғалім, аудандық газет редакциясында, аудандық партия комитетінде жауапты қызметтерде істеген. Ұзақ жылдар аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы бола жүріп, ауданның тарихын, оның белгілі адамдарының өмірлері мен шығармашылықтарын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жазып, жарыққа шығаруда қажырлы еңбек етіп келе жатқан ел тарихын зертеуші, өлкетанушы, фольклор жинаушы. Өлеңдері ең алғаш «Жыр бесік» (А.,1983) жинағына енгізілген. Әр жылдары Қ.Хасановтың қаламынан туған жер мен өлке тарихына қатысты бірнеше кітаптары жарық көрген. Олар: «Дала бұлбұлы»(1991ж) эссе кітабы; “Айтыс – аталық дәстүр”(Орал-1991); “Ақбақай әуендері”(1991), “Қаратөбе құт мекен” (2002) жыр жинақтары, ”Қаратөбе-өренді, өнерлі өлке” ұжымдық жинақ (1995), “Ақтаңдақта атылған азаматтар”(1996), “Қос батырдың хиқаясы””2000), “Қаратөбе-ән мен күйдің ордасы”(2000), “Қаратау би” (2002), “Дарабоз домбырашы”(2003),”Байғұтты-Шолаққамыс батырлары”(2003),“Әнші Мұхит”(2004), “Соналы оқиғасы” (2006) “Қаратөбе қазынасы” (2006),“Өмірімнің өрнектері” (2007), “№2368 іс немесе Төлеген Иманғазиев тағдыры туралы” (2007) кітаптарының авторы. Қ.Хасанов бірнеше медальдармен марапатталған, бірнеше рет аудандық совет депутаты, 1995-99 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. Қ.Хасанов 2018 жылы қайтыс болады.
Дескриптор:
А.Оқылым мәтінінің мазмұнын түсінеді.
В.Негізгі ақпараттарды білдіретін сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды.
С.Негізгі ақпараттарды сақтап жинақы мәтін жазады.
Кері байланыс
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үй тапсырмасы: Қ.Хасановтың шығармашылығы туралы оқу, ұрпақтары туралы мәлімет іздестіру.
|
Бейнеролик
Мәтін
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қ.Хасановтың Қаратөбе тақырыбындағы шығармалары
|
Оқу мақсаты
|
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Ақын өлеңінің мазмұнын түсінеді, идеясын ашады.
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) қолданысын талдайды
|
Бағалау
критерийлері
|
-Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- Автор бейнесіне талдау жасайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Дариға дархан далам, бәйге атындай арқандаған, күй тәрізді ызыңы
нар қамыстың
|
Құндылықтар
|
Жеке тұлғаның азаматтық, рухани-адамгершілік сана-сезімдерін
қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Ақын шығармашылығымен танысты
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
3 минут
Сабақтың басы
7 минут
Қолдану
|
І. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша үй жұмысын тексеру.
1. Қ.Хасанов туралы не білеміз?
2. Қандай шығармалары бар?
Мәтінмен жұмыс
«Туған жер» өлеңінің аудионұсқасын тыңдатамын. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.
Ақын туған жеріне деген сезімін қалай жырлады?
Туған өлкенің табиғаты өлеңде қалай бейнеленген?
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
Талдау
|
1-тапсырма
Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды.
Бағалау критерийі
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады;
Ақынның тіл шеберлігіне сыни тұрғыдан баға бере алады.
Дескриптор
– оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
– мәтіндегі көркемдегіш құрал түрлеріне кемінде 3 мысал келтіреді;
– көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;
– шығарма жайлы түйінді ой қорытады.
ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі
|
|
15 минут
Бағалау
|
2-тапсырма
Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тауып, мағынасын ашыңыз. (5 мин)
Көркемдегіш тәсіл
|
Мағынасы
|
М:Тұлпардай бәйге атындай арқандаған (теңеу)
|
Ақынның туған жеріне деген сезімі, ыстық махаббаты жүйрік тұлпардың бұлқынған шабысындай қуатты екендігі байқалады
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өлеңде ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі қалай бейнеленген?
Шығармадан өзіңе ұнаған бір эпизодты алып, автордың қандай адам екенін өз пікіріңмен дәлелде.
Бірінші сөйлем: Менің ойымша, автор...
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін
Үшінші сөйлем: Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын
Төртінші сөйлем: Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім
|
|
Сабақ соңы
Кері байланыс
(3 минут)
|
«Шығу парағы»
Сабақта не қызықты болды?
Сабақта не қиын болды?
Сабақта не үйрендім?
|
|
2 минут
|
Үй тапсырмасы: Ақынның өлеңін жаттау
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Қаратөбе – құт мекен» жинағы
|
Оқу мақсаты
|
Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Ақын жинаққа енген туған жер тақырыбынна арналған өлеңдерінің мазмұнын түсінеді, идеясын ашады.
|
Бағалау
критерийлері
|
- Автор бейнесіне талдау жасайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Кептірген орамалдай, етегін күміс көбік астарлаған, мауқын бастым
|
Құндылықтар
|
Жеке тұлғаның азаматтық, рухани-адамгершілік сана-сезімдерін
қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Ақын шығармаларын талдады
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
5 минут
Сабақтың басы
5 минут
Қолдану
|
І. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Ақынның өлеңін жатқа айтқызамын
Мәтінмен жұмыс
«Ақ жайық», «Ауылда» өлеңдерінің мәтінін мәнерлеп оқытамын. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.
Ақын Жайық өңірін, туған аулын қалай сипаттайды?
Туған өлкеге деген ақын сезімі өлеңде қалай бейнеленген?
|
Өлең мәтіндері
|
Сабақтың ортасы
10 минут
Талдау
|
1-тапсырма
Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды.
Бағалау критерийі
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады;
Ақынның тіл шеберлігіне баға береді.
Дескриптор
– оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
– көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;
– шығарма жайлы түйінді ой қорытады.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі
|
|
15 минут
Бағалау
|
2-тапсырма
Өлеңдегі көркемдегіш әдіс-тәсілдерді тауып, мағынасын ашыңыз. (10 мин)
Ақ жайық
Ақтарып тамашанды бар ғажайып
Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.
Апыр – ау, қалай әсем ырғаласың,
Кептірген орамалдай талға жайып.
Етегін күміс көбік астарлаған,
Толқының қандай ерке тас қармаған.
Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,
Жүректе сыр қала ма ақтармаған...
Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,
Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап ,
О, Жайық саған деген махаббаттың ,
Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.
Ауылда
Білмеймін ай асқанба, жыл асқан ба
Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.
Босайды жүйкем менің елге келіп,
Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.
Білмеймін ай асқанба , жыл асқан ба
Қоштасып, төс қағысып жыласқанға.
Қайын аға болғанымды білдім бір – ақ,
Келіндер келіп саулық сұрасқанда.
Өмірдің барса келмес сапарына ,
Аттанып сирепті қарт қатары да.
Осы ғой деп ойладым шыққан күнің
Мезгілімен ұясына батары да.
Ауылға келмегенге жыл асқан ба,
Сағыныш қайта оянды қыр асқанда.
Күн сайын туған жерге шақырғандай,
Жарқырап алтын күнім тұр аспанда .
Көркемдегіш тәсіл
|
Мағынасы
|
Ақтарып тамашанды бар ғажайып
Тамсатқан талайларды ар ма, Жайық.
Апыр – ау, қалай әсем ырғаласың,
Кептірген орамалдай талға жайып.
|
|
Етегін күміс көбік астарлаған,
Толқының қандай ерке тас қармаған.
Қос ғашық қайықпенен жөнелгенде,
Жүректе сыр қала ма ақтармаған...
|
|
Болса да жағаңның, көк ар жағы алап,
Жүргем жоқ күн өткізіп баржа қарап ,
О, Жайық саған деген махаббаттың ,
Күн сайын мауқын бастым жар жағалап.
|
|
Білмеймін ай асқанба, жыл асқан ба
Қалада ауылдасқа сыр ашқанға.
Босайды жүйкем менің елге келіп,
Әркіммен аман-саулық сұрасқанда.
|
|
Өлеңде ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі қалай бейнеленген?
Шығармадан өзіңе ұнаған бір эпизодты алып, автордың қандай адам екенін өз пікіріңмен дәлелде.
Бірінші сөйлем: Менің ойымша, автор...
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін
Үшінші сөйлем: Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын
Төртінші сөйлем: Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім
|
Парақтар
|
Сабақ соңы
Кері байланыс
(3 минут)
|
«Менің ойымдағы ақын бейнесі» тақырыбында өз ойын жазу
|
|
2 минут
|
Үй тапсырмасы: Ақынның бір өлеңін жаттау
|
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың І жартысындағы өлке әдебиетінің дамуына үлес қосқан өкілдердің шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Құрманғазы Қараманұлы өмірі мен шығармашылығы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.3.1.1 шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
|
Сабақ мақсаты:
|
Жазушы шығармаларының тарихи құндылықтарын анықтау ;
|
Ресурстар
|
Қ.Қараманұлы шығармалары
|
Бағалау критерийлері:
|
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Шығарма үзіндісіне тарихи құндылықтар жағынан баға береді.
|
Дескриптор
|
Шығармадағы эпизодтарды анықтайды
Тарихи құндылығын табады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Бағалау және салыстыру
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, мазмұнын таба алады ;
Пәндік лексика мен терминология: Аққұм, Қалдығайты
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Аққұм мен «Қалдығайты» өзенінің суретін көрсету арқылы оқушыларға сұрақ қою.
-Бұл суреттердің бүгінгі шығармаға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
Құрманғазы Қараманұлы - 1943 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976—1996 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларында редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Көк Аспан — Қара жер» танымдық газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазір «Айта жүрер әңгіме» дайджест-альманағының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма жөніндегі кеңестің төрағасы. Алғашқы көлемді шығармасы — «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 жылы облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланған. Сондай-ақ ол ағылшын жазушылары Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» («Жалын», 1979), И.Стоунның «Грек қазыналары» («Жазушы», 1983), орыс жазушысы Г.Гриннің «Комедианттар» («Жалын», 1984), Сервантестің екі бөлімнен тұратын «Дон Кихот» («Аударма», 2006,2007) романдарын, Чезаре Павезенің «Ғажайып жаз»,«Жотадағы жынойнақ», «Жолдас», «Ай мен алау» («Аударма», 2008) роман-хикаяттарын қазақ тілінде аударған. 1987 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008) Қ.Қараманұлының әкесі Мұстафа Дүйсенғалиев 1939-1941 жылдары ауданның Қаратөбе совхозында партия ұйымының хатшысы қызметінде болады. Кейін соғысқа аттанып, 1944 жылы қаза табады. Анасы Орынша Көшербаева «Социализм» жеті жылдық мектебі, қазіргі Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінде ұзақ жылдар жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан. 1997 жылы дүниеден озған анасының құрметіне арнап, мектептегі озат оқушыларға «Ақ Орынша» атындағы сыйлықты тағайындаған. Жазушының бұл идеясын мектеп директоры болған Мақуза Айсағалиева құптаған.
Қаламгердің «Жалғыз атты жолаушы», «Періште мен пенде» повестерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ қауымының өмірінде болған өзгерістер мен сол тұста тағдыр тәлкегіне ұшыраған тағдырлар жайы баяндалады. «Ай куә», «Тағы мысық» хикаяттарында ауылда туып-өскен қыз-жігіттердің шынайы сүйіспеншілігі, өкініші жайлы әңгімеленсе, «Алтын іздеушілер», «Жапан түздегі жұрт» повестерінде сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Бұлардың бәрі – кезінде оқырманы жылы қабылдаған, әдеби сын тарапынан жоғары бағаланған шығармалар. Осыншама үлкен ізденіс пен аударма ісіндегі шеберлігіне сай жазушы 1987 жылы «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», 2003 жылы «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» атағына, 2008 жылы «Әдебиеттегі жетістігі мен әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін» аталымы бойынша Халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болады.
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым тапсырмасы.
«Жалғыз атты жолаушы» - 1979 жылы жазылған шытырман оқиғалы повесть. Хикаятта Кеңестік дәуірдің бастапқы жылдарындағы кезеңнің шындығын арқау еткен.
Алашорда офицері Құлбатырдың әлеуметтік-қоғамдық трагедиясын нақты көрсеткен повесть тартымды шыққан. Бас кейіпкердің мәрттігі мен ірілігі, әділет жолын іздеудегі табандылығы, мергендігі ширақ та шымыр көрініске ие болған. Кешегі Кеңестік дәуір құрығына іліккен жалғыз қалып, саяқ жүрген салт аттының күні қараң еді.
Автор өзінің газеттерге берген сұхбаттарында Құлбатырдың бейнесін тарихтағы жазықсыз жапа шеккен тұлғалардың жиынтық бейнесі деп көрсетеді.
«Жалғыз атты жолаушы» повесі кейіпкердің драматизмге толы тағдырын ашып көрсетеді. Автор шығармадағы басты кейіпкердің тағдырын терең психологизм арқылы арқылы танытқан.
Мысалы, «Аққағаз сәт сайын әлсіреп бара жатқан-ды. Соған қарап Құлбатыр әлгінде бой көтерген болмашы үміттің қалай бұлдырап кеткенін байқамады...
Ақ тілекпен көңіл қосып, азапқа душар болған Аққағаздың тағдырын ойлап күйінеді. Неліктен тағдыр бұларға мұнша әділестіздік жасады? Кінәлі кім? Заман ба, адам ба? Көкірегі қарс айырыла аһылайды...». Бұл үзіндіде кейіпкер трагедиясының қаламгер өз шегінде бере білген. Кеңес өкіметін алғашқы орнату жылдары жүрген солақай, ұр да жық саясаттың кесірінен қарапайым адамдарды халық жауы атандырған дүрбелеңнің болғаны шындық.
Құлбатыр образы тарихтағы Құныскерей Қожахметовпен тағдырлас екенін тануға болады. Оған себеп, тарихи деректердің Құныскерей Қожахметов іс-әрекеттерімен сәйкес келетін тұстарын көркем шығарманы оқи отырып табуға болады.
Құныскерей Қожахметов 1885 жылы Атырау облысы, Қызылқоға
ауданының Кеңқоқты деген жерінде дүниеге келген.
Оның банды атануының себептерін баласы Айтмұқан Сәлімгереев әкесінің кезінде Совет қызметін атқарғандағы жұмысына жоғары жақтан риза болмаған басшылықтың «Өкіметке қарсы шықтың!» деген жаласымен байланыстырады. Оның үстіне 1928-1929 жылдары кәмпеске кезінде Құныскерей атын жамылып, елді қан қақсатқан ұры-қарылар шықса керек.
Қаламгер өз шығармасында Құлбатыр образын Құныскерей бойынан табылатын, ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып жасайды.
Мысалы, Құныскерейдің қашып жүріп Түрікпен жеріне өтіп кеткендігі, сол жерде басқа ат жамылып, өз ажалынан өлгендігі туралы деректер бар. Ал көркем шығармада:
«-Дұрыс айтасың, Райыс. Кетуім керек. Кетем. Бірақ жалғыз кетпеймін, Аққағаз бен Тұяқты ала кетем. Сен Таңатқа бар. Жақсылық қылса бүтін қылсын, жолдасым болса жәрдемін берсін. Біз Түрікпен жаққа кетеміз. Қарағанды құмынан өткізіп салсын».
Өлкетанушы, журналист Қ.Хасанов өзінің «Қос батырдың хикаясы» атты кітабында Қадыр Нұржанов деген ақсақалдың: «Құныскерей моласының Түркімен ССР-і, Мары облысы, Машкөпір стансасы, «Саратжа» совхозынан төрт шақырым жердегі «Кіші әулие» бейітінде екенін айта келіп, құлпытасында – «Жаманов Әбілхайыр. 1885 жылы туып, 1968 жылы 28 қаңтар күні опат болды. Руы - Шеркеш» деп жазылған» деген деректі келтіреді.
Тарихтағы Құныскерейдің мергендігін де жазушы шығармада көрсете біледі. Оны ауыл-аймақ адамдарының арасындағы диалогы арқылы береді:
-Әй, осы Шанау иттің, құдай біледі, оқ қағар ақ шайтаны бар.Қырыққа келіп ана жылы тай үйреткенде, тайы қадаға апарып жыққанда да өлмей аман қалды.
-Болса болар, құралайды көзге атқан Құлбатырдың оғы дарымаған соң не жорық?!»
Бұл деректерге қарап отырып автордың туған өлке тарихына қанық болғанын байқаймыз. Тарихи деректерді көркемдікке ұштастырған жазушы шығармаға тағдыр тәлкегіне ұшыраған Құныскерей Қожахметовтың өмір деректерін, соған қатысты ел аузындағы әңгімелерді арқау етіп алғандығын айтуға толық негіз бар.
Құныскерей Қожахметов Егіндікөлдегі Құныскерей тығылған үңгір
Жазылым тапсырмасы. Төмендегі шығарма үзіндісін оқу арқылы, , «Сенім межелігін» толтырыңыз. Тарихи құндылығына баға беріңіз.
Шындық
|
Жалған
|
Сенімді
|
Сенімсіз
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс: Кері байланыс:
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бір ұсыныс
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ш.Қыдырниязова өмірбаяны, шығармашылығы
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды табады, орфография ережесін еске түсіреді..
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді, сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тақырыпты өмірмен байланыстырып,сөздердің орфографиялық нормаға сай жазылу ерекшеліктерін түсіндіре алады.
|
Бағалау критерийлері
|
– Оқылым стратегияларын қолданады;
– Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді;
– Мәтін мазмұны негізінде нақты ақпараттарды анықтайды;
– Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді;
– Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Тақырыптан негізгі ақпаратты анықтайды, өмірмен байланыстырып, өз ойларын білдіре алады.
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Айтыскер ақын, Қаракөл селолық округінде дүниеге келген. Әкесі Батыр Қыдырниязов ақын, журналист. Анасы Бибібатима Ерғалиева
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Ш.Қыдырниязова туралы не білеміз?
– Қандай өлеңдерін білеміз?
|
Құндылықтарға баулу
|
Рухани-адамгершілік
|
Пəнаралық байланыс
|
Әдебиет
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіреді.
Орфографиялық норма ережесін біледі.
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ширату
«Сәлемдесу»
(оқушылар 1-2-3-ке саналып, 1-қолымен, 2-басымен, 3-қолымен бір-бірімен амандасады.)
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
Оқылым алдындағы тапсырма
1-тапсырма
Ш.Қыдырниязова туралы бейнебаян көрсетіп, бүгінгі сабақтың тақырыпын болжатамын.
Дескриптор:
Бейнебаян мазмұнын түсінеді.
Өз ойларын жинақтайды.
Ойларын болжам түрінде айтып сипаттайды.
ҚБ «Смайликтер» арқылы
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері еске түсіріледі.
Оқылым кезіндегі тапсырма
2-тапсырма
Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу.
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Оқушылар мәтінді әуелі жеке оқиды, содан кейін мазмұнын жұпта, топта меңгереді.
ҚЫДЫРНИЯЗОВА Шолпан Батырқызы
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
1949 жылы 6 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл селолық округінде дүниеге келген. Әкесі Батыр Қыдырниязов ақын, журналист. Анасы Бибібатима Ерғалиева сөзге ұста, эпостық жырларды жатқа айтатын өнерлі жан болған. 1956- 1966 жылдары мектепте орта білім алады.
Еңбек жолын аудандық «Еңбек туы» газетінде бастайды. Газетте жұмыс жасай жүріп, өлең, мақалаларымен аудан жұртшылығына танылады. Аудандық ақындар айтысына қатысып, жоғары білімді ұстаз Құмарғали Ғұбайдуллинмен сөз жарыстырып тұсауын кестіріп, «Аудан ақыны» атағын алады, жеңімпаз ретінде облыстық ақындар айтысына жолдама беріледі. Қаратөбе ауданының атынан айтысқа шыққан он жеті жасар Шолпанға Тайпақ ауданынан жиырма бес жасар Мақот Құсанов деген өнерпаз қарсылас болып, екеуі жарасымды жұп құрап, бірінші орынды бөліседі, екеуіне де «Облыс ақыны» деген атақ беріледі.Айтыста жарқ еткен жас қыз сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға қабылданады. Төрт жыл жоғарғы оқу орнында оқи жүріп ақындар айтысына тұрақты қатысып, өнерін шыңдап, облыс жұртшылығының көзайымына айналады.Республикалық телехабарларға шақырылады, баспасөздер ол туралы көлемді материалдар жариялап, елге таныстыра бастайды.
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының түлегі (1971), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сегізжылдық мектепте мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1971-1976), аудандық газетте жергілікті радио хабарын ұйымдастырушы, газеттің жауапты хатшысы (1976-1983), халық депутаттары аудандық Совет атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (1983-1993), Орал қаласына қоныс аударуына байланасты «Қазақгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының салалық «Рауан» газетінде тілші, «Батысгаз», «Тахат» акционерлік қоғамдарының кадр бөлімінің бас маманы (1993-2002), Орал қалалық мәдениет бөлімінде, облыстық мәслихатта аудармашы (2002-2004), Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы (2004-2008) қызметтерін абыроймен атқарады. Қазіргі кезде зейнеткер. Саналы ғұмырының жиырма жылын мемлекеттік қызметке арнаған ол талай таланттың жолын ашып,талай өнерпазға қамқорлық жасады. Бір ғана Қаратөбе ауданының өзінен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуында оның үлесі зор.Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен облыста тұңғыш рет бәйгеге бес жеңіл автокөлік тігілген халықаралық ақындар айтысы оздырылғанын халық әлі күнге дейін мақтанышпен еске алады. Шолпанның еңбегі елеусіз емес, халық оны «Ақжайық айтысының анасы» десе, мемлекет тарапынан да марапаттауларға ие.
«Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағының (1980), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» ,«Ерен еңбегі үшін» медальдарының, Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасының, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» төс белгілерінің иегері. 51айтысқа қатысып, соның 29- ында І-орын алған.
«Жазира» (1980) ,«Ерке құс» (1991) , « Елігі еркін даланың» (2004), «Қос қанат» (2010) жыр жинақтарының авторы. Бұдан басқа ақынның өлеңдері мен айтыстары «Жайықтың мөлдір сырлары», «Жыр шашу», «Он алты қыз, бір жігіт» топтамаларына, ол туралы мәлімет республикалық «Кто есть кто», Батыс қазақстан облысының энциклопедиясына, «Ақжайықтың асыл арулары» энциклопедиясына, тіл дамыту және өнер иелері жөніндегі мақалалары мен ұсыныс, пікірлері халықаралық, республикалық, облыстық конференциялар жинақтарына енгізілген.
Дескриптор:
– Мәтін мазмұнын жеке, жұпта және топта меңгереді.
3-тапсырма ТЖ.
Нақты ақпаратты анықтау үшін оқу.
«Пирамидалық талқылау» әдісі
Мәтіндегі көтерілген мәселе негізінде топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
Дескриптор:
– Әр оқушы өз пікірін жазады.
– Ортақ пікір қалыптастырады.
– Пікірлерін қорғайды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы
4-тапсырма. ЖЖ.
«Т» кестесі
Берілген мәтіндегі орфоэпиялық норма бойынша жазылған сөздерді тауып, оны орфографиялық нормаға сай жазады.
Орфоэпиялық Орфографиялық
норма норма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.
1949 жылы 6 мамырда батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл селолық округінде дүниге келген. Әкесі Батыр Қыдырниязов – ақын, журналист. Анасы Бибібатима Ерғалиева сөзге ұста, эпостық жырлар жатқа айтатын өнөрлі жам болған. 1956- 1966 жылдары метепте орта білім алады
А.С.Пушкин атындағы Орал педагоикалық институтының түлөгү (1971), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінін мұғалімі
Қазіргі кезде зейнекер Саналы ғұмұрұның жиырма жылын мемлекеттік қызметке арнаған ол талай таланттың жолын ашып, талай өнерпазға қамқорлық жасады. Бір ғана Қаратөбө ауданының өзүнен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуында оның үлөсі зор
Дескриптор:
– Мәтіннен орфоэпия норма бойынша жазылған сөздерді табады.
– Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады
Саралау жұмысы:
1. Қабілетті оқушылар өз біліміне сүйеніп жазады және осы сөздерді қатыстыра отырып әдеп тақырыбымен байланыстырып сөйлем құрайды.
2.Тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға орфографиялық сөздік ұсынамын.
ҚБ. Мұғалімнің қолпаштау сөзі.
|
Бейнебаян
Мәтін жазылған парақ
Флипчарт
Тапсырмасы бар карточкалар
Тапсырма жазылған карточкалар
Орфоэпиялық норма бойынша жазылған мәтін
Тапсырмалары бар карточкалар,
орфографиялық сөздік.
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
Кері байланыс
«Бағалау терезесі»
Маған бәрі де Сұрақтар пайда
түсінікті болды
Мен есте Түсінбедім
сақтадым
|
Флипчарт, стикерлер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ш.Қыдырниязованың туған жерге арналған өлеңдері
|
Оқу мақсаты
|
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Ақын өлеңінің мазмұнын түсінеді, идеясын ашады.
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) қолданысын талдайды
|
Бағалау
критерийлері
|
-Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- Автор бейнесіне талдау жасайды
|
Тілдік мақсаттар
|
сағыныш оты, торғайдай тоңып, жүректің марғау соғысы
|
Құндылықтар
|
Жеке тұлғаның азаматтық, рухани-адамгершілік сана-сезімдерін қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, тарих
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Ақын шығармашылығымен танысты
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
3 минут
Сабақтың басы
7 минут
Қолдану
|
І. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша үй жұмысын тексеру.
1. Ш.Қыдырниязова туралы не білеміз?
2.
Мәтінмен жұмыс
«Қаратөбе» өлеңінің аудионұсқасын тыңдатамын. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.
Ақын туған жеріне деген сезімін қалай жырлады?
Туған өлкенің табиғаты өлеңде қалай бейнеленген?
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
Талдау
|
1-тапсырма
Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды.
Бағалау критерийі
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады;
Ақынның тіл шеберлігіне сыни тұрғыдан баға бере алады.
Дескриптор
– оқушылар тақырыптың негізгі мәселесін анықтайды;
– мәтіндегі көркемдегіш құрал түрлеріне кемінде 5 мысал келтіреді;
– көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;
– шығарма жайлы түйінді ой қорытады.
ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі
|
|
15 минут
Бағалау
|
Өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды (эпитет, теңеу, ауыспалы мағыналы сөз) анықтап, қолданысын талдап, кестені толтырыңыз. (5 мин)
Өлең үзінділері
|
Көркемдегіш құрал түрлері
|
Қолданысы
|
Туған жерім, қойнауың толы құт анық
Келдім саған сағыныш оты тұтанып.
Жаурағанда құшағыңа тығылам
Торғайдай тоңып паналайтын бұтаны ық.
|
|
|
Өмір, өлім –бірі тәтті, бірі өктем,
Арпалыспен түнім өткен, күн өткен.
Саған ғашық жырым-жырым жүрекпен
Жарыққа шықтым түнектен.
|
|
|
Жарқылдасын жанарға-жанар тоғысып,
Қарқындасын жүректің марғау соғысы.
Ұшықтап жібер деміңнің ыстық лебімен
Жанға дауа еш жерде ондай жоқ ұшық.
|
|
|
Өлеңде ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі қалай бейнеленген?
Шығармадан өзіңе ұнаған бір эпизодты алып, автордың қандай адам екенін өз пікіріңмен дәлелде.
Бірінші сөйлем: Менің ойымша, автор...
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін
Үшінші сөйлем: Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын
Төртінші сөйлем: Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім
|
|
Сабақ соңы
Кері байланыс
(3 минут)
|
«Шығу парағы»
Сабақта не қызықты болды?
Сабақта не қиын болды?
Сабақта не үйрендім?
|
|
2 минут
|
Үй тапсырмасы: Ақынның өлеңін жаттау
|
| Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың І жартысындағы ақын-жазушылар шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Айсұлу Қадырбаева өмірбаяны мен шығармашылығы.
«Барып қайт, балам ауылға!» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Ақын өлеңінің көркемдік құндылықтар тұрғысынан идеясын ашу;
|
Ресурстар
|
Айсұлу Қадырбаева шығармалар жинағы
|
Бағалау критерийлері:
|
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Өлеңдегі шығарманың басты тақырыбы мен автордың бейнесін ашады.
|
Дескриптор
|
Шығарманың тақырыбы анықтайды
Өлеңнің идеясын ашады,;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Түсіну және жауап беру
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, мазмұнын таба алады ;
Пәндік лексика мен терминология: тақырыбы, идеясы
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Айсұлу Қадырбаева 1950 жылы 2 қарашада Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітірген соң, 1968 — 1972 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-де оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алады. Жетпісінші жылдары «Жазушы» баспасында корректор, кіші редактор, редактор, 1984— 1990 жылдары Қазақ радиосының редакторы, оның Орал облысындағы меншікті тілшісі, 1990—1993 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Орал облыстық бөлімшесінің төрағасы болып жұмыс істейді. 1993 жылдан бері шығармашылық қызметпен айналысады.
Көптеген өлең, дастан, толғаулары түрлі газет-журналдарда (соның ішінде Түркияда), ұжымдық жинақтарда 1979 жылдан бастап жарық көрген. «Айту — парыз» (1996), «Ақ мама» (1997), «Барып қайт, балам, ауылға» (1998), «Иманға жүгін, ей, пенде!» (2000) жыр кітаптарының авторы.
1990—1994 жылдары Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы басқармасының мүшесі, Орал облыстық бөлімшесінің тең төрағасы болған, 1991 жылдың қыркүйек айында Орал қаласында жергілікті казактардың Ресей казак әскерлері басшылығымен бірігіп, «Орал казактарының патша ағзамға қызмет етуінің 400 жылдық мерекесін тойлау» жөніндегі отаршылдық арандату әрекетіне қарсы тойтарыс акциясын ұйымдастырушылардың бірі. Дүниежүзі түркі халықтарының I қүрылтайының (1994, Измир қаласы, Түркия) делегаты.
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым тапсырмасы.
БАРЫП ҚАЙТ, БАЛАМ, АУЫЛҒА:
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Өр болып келед біз жақтың азаматтары,
Намысты соның көкірегінде жанып қайт.
Барып қайт,
Барып қайт балам,
Ауылға туған барып қайт.
Белесі, белі,
Жоқ елде, мидай дала да,
Қарама, жаным,
Қалдырмай бәрін арала.
Шомыла барсаң, байқарсың күміс көліне,
Ӏздерім жатқан секілді менің жағада,
Арала,
Арала бәрін орман ба, тау ма, дала ма!
Болад деп қандай
Сұрайтын едің жайлауды.
Сыбағаң үшін,
Бір қозы сонда байлаулы.
Аңқылдап келіп арғымақ тартар ағайын,
Алтынды зерлі
Ер тұрмандары сайлаулы.
Байлаулы!
Көзіңмен өзің қайтарсың көріп жайлауды.
Аулың жайлы,
Қиялын менен елесің
Айналып шынға
Ғажайып күйге енесің
Атаң мен марқұм әжеңнің сонда бейіті
Соға кел, қалқам, елемей кетті-ау демесін
Демесін!
Соға кел қалқам, елемей кетті-ау демесін
Басына барсаң,
Түс ауып кетпей, ерте бар.
Қасыңа, жаным,
Жөн білер біреу ерте бар.
Атымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Шерте бар!
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Ертелі-кеші
Қуалай берме ойыңды,
Бір ауық, қарғам,
Арманға жүздір ойыңды.
Көпшілік көзі сынағыш келер мұндай да,
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Бойыңды!
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Біз жақтың қызы, ибалы келед
Ибалы келед, құлыным,
Жарқ етіп, жаным,
Жанарың шоқ боп барып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам аулыңа туған, барып қайт.
Жазылым тапсырмасы. Төмендегі өлеңді оқу арқылы, алған әсерің бойынша автор стилін сақтай отырып, «Концептуалдық кестені» толтырыңыз.
Ақынның осы өлеңді жазуына не түрткі болды деп ойлайсыз?
|
Қандай сезімдер сөз болды?
|
Ақын сағынышы мен өз сағынышың...
|
|
Ризашылық сезімі т.б
|
|
|
|
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс:
«Көңіл-күй гүлшоғыры». Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді өлең шумақтарындағы тірек сөздерді жазу арқылы құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйлері анықталады.
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Талап Таймасұлы шығармашылығы.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Ақын өлеңінің көркемдік құндылығын анықтау;
|
Ресурстар
|
Талап Таймасұлы шығармашылығы
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңдерінің мазмұнын біледі;
Өлеңдеріндегі автордың бейнесін ашады.
|
Дескриптор
|
Шығармадағы тілдік бейнелеу құралдарын табады,
Мағынасын анықтайды;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
анализ және интерпретация:
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығармадан көркем-бейнелі сөздерді таба алады ;
Пәндік лексика мен терминология: теңеу, эпитет
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Оқылым. Топтық жұмыс
Барлық топтарға НҰСҚАУ:
@talap_taimasylu
Талап Таймасұлы- БКИТУ-дың ғалым-әдіскер ұстазы, "Ақберен" жас ақындар мектебінің жетекшісі, педагог-тәлімгер. Жерлес ақын, балалар әдебиетінің өкілі.
Жаз
Жадыраған жаз қандай,
Күн моншағы төгілген.
Күн құшағын жазғандай,
Ыстық леп бөлінген.
Шабақ ойнап көл беті,
Шағала жүр қорыған.
Сағымның да келбеті,
Қырдың басын торыған.
Жаз шыққанда шыбындар,
Мал суатқа ағылар.
Жусап жылқы, құлындар,
Сиыр, қойы тағы бар.
Су бетіне үңілген,
Балықшының ермегі.
Қармағына ілінген –
Бір балығы еңбегі.
Жаз шаттығы тамаша,
Еңбегімен өнікті.
Берекесі жараса,
Адамдар да көрікті!
Ауыл
Жусанның иісі аңқыған,
Сағынып тұрасың ауылды.
Ынтымақ Қаймағын қалқыған,
Аңсап-ақ тұрасың қауымды.
Төлімен толтырып қыратын,
Ойнаған төскейде
сағымы.
Малшылар сабалап құр атын,
Өрістен шұбырар
табыны.
Құс үнін тыңдаған көлмегі,
Жатады айнадай
жарқырап.
Балығын шоршыған көлдегі,
Шағала ториды
сән құрап.
Ауылдас үй-үйді жағалап,
Саулығын сұрасып
дәм татқан.
Ағайын тумасын аралап,
Ауылдың арасын
шаңдатқан.
Ауылдың ғажайып
таңы да,
Қораздың үнімен ататын.
Түні де ерекше
тағы да,
Сыбыры естіліп жататын!
Әжесінің көзі
Ойын қызды жарысып,
Арасында алысып.
Келіс болмай кей кезде,
Қалды олар қағысып.
Алысты да жұлысты,
Тастай салды бұл істі,
Қайта енді келісіп,
Бір-бірімен ұғысты.
Жыртып бірі кимесін,
Бірі үзіп түймесін.
Бар ойынды түгесіп,
Қайтты олар үйге кешін.
Көріп әже киімді,
Қабақ шытып күйінді.
Бергеніңе шүкір деп –
Содан кейін сыйынды.
«Тентегім» деп, сүйгесін,
Қадау үшін түймесін.
Қолға алды әжесі,
Жібі менен инесін.
Шиыршықтап сабағын,
Жасауратып жанарын.
Немересін шақырды:
Сабақта – деп, қарағым!
Әжесінің мақтаны –
Немересі ақтады.
«Әжесінің көзі» - деп,
Әжесі оны мақтады!
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым тапсырмасы.
Төмендегі өлеңдерді оқи отырып, мазмұны бойынша «Екі жақты күнделік» толтырыңдар.
Көркемдегіш құрал
|
Өлеңнен үзінді дәлел
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Маңыздылық шеңберіне өлеңнен тірек сөздерді анықтап, түсінік беріңдер
Ең маңызды
Маңыздырақ
Маңызды
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
|
|
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ақындар шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ертай Бимұхановтың туған жер тақырыбындағы өлеңдері
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.2.4.1 көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
|
Сабақ мақсаты:
|
Ақын өлеңінің көркемдік құндылығын анықтау;
|
Ресурстар
|
Ертай Бимұханов «Өлеңмен қалдыр оңаша» жинағы
|
Бағалау критерийлері:
|
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Өлеңдеріндегі автордың бейнесін ашады.
|
Дескриптор
|
Шығармадан алған әсерін сипаттап жазады,
Өз ойын білдіреді;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
анализ және интерпретация:
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығармадан көркем-бейнелі сөздерді таба алады ;
Пәндік лексика мен терминология: теңеу, эпитет, метафора
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
«Тұлғаны танып біл!» ойыны. Суреттегі тұлға туралы білетін мәліметтерімен оқушылар бөліседі.
ЕРТАЙ БИМҰХАНОВ
Бимұханов Ертай Сағындықұлы 1973 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған.
Е.Бимұханов – республикалық, облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының бірнеше дүркін жүлдегері.
2002, 2007 жылдары елордасы Астана қаласында өткен Халықаралық шығармашыл жастардың «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет», «Журналистика» номинациялары бойынша дипломанты атанған.
Е.Бимұхановтың туындылары «Қос ішек-Струны души» (Астана), «Жыр Жайық», «Жырлайды Жайық», «Ауылдың азаматтары», «Айтыстың аясында ару Жайық», «Мемлекеттік тілге – құрмет», «Әнімен елді тербеген...» (Алматы), «Батыс Қазақстан ақын-жазушыларының библиографиялық көрсеткіші» т.б. кітаптарына енген.
2006 жылы Орал «Ағартушы» баспа лингвистикалық орталығынан мемлекеттік тапсырыс бойынша «Ақындық-азаматтық тұлға қалыптастыру жолдары» атты педагогикалық-әдістемелік кітабы, 2014 жылы «Өлеңмен қалдыр оңаша...» атты тұңғыш өлеңдер жинағы, «Тарих таңбасы» кітаптары жарыққа шыққан.
Е.Бимұханов 2006 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапаталған.
2016 жылы Ертай Сағындықұлы «Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталған.
https://adebiportal.kz/kz/auylym/view/466
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым тапсырмасы.
МЕНІҢ ӨЛКЕМ...
Сырын шертіп бұйрат құмдар, тың далам,
Ел-жұртыммен жасап келем бірге аман.
Тұла-бойым тазалықтан тұрады,
Сал Мұхиттың асқақ даусын тыңдағам.
Ұрпақ қамын жайсыздықтан қалқалап,
Бойға қуат, жанға шуақ ән тарап.
Көкірегіне қазынаны қаттаған,
Сал Мұхиттың ән мұрасы – салтанат.
Ғарекеңнен мұра қалып соңғыға,
Өнер деген таңдап алдым жолды да.
Қанымда бар қонақжайлық қасиет,
Шаңыраққа шақырады домбыра.
Туған жерден бұйырғасын құт қадам,
Келер күнге рухым биік, тік барам.
Менің жаным тазалықты қалайды,
Тышқантайдың зәмзәм суын ұрттағам.
Бәйтеректің тамырындай мәуелеп,
Біздің жақтың табиғаты, бауы ерек.
Махаббаттан жолы болған адаммын,
Ескендірдің «Гүлсезімі» әуелеп.
Құтты өлкенің тас емшегі біз емген,
Желдің өзі өлеңімді күзеген.
Аты аңызға айналған жер Аққұм да,
Анау-мынау қатемді де түзеген.
Ат дүбірі – домбыраның қағысы,
Бура мінез – ер жігіттің намысы.
Менің жазған жырларымның барлығы,
Қалдығайты өзенімнің ағысы.
Жұмақ жердің жаннаты ғой бұл нағыз,
Дала сазын тек жүрекпен тыңдаңыз.
Арманыма алыстатпай апарды,
Қасиетті Қаратөбем құмдағы із.
Қаратөбем – асқақ даңқың, мәртебем,
Сенім деген келешекке тарт өлең.
Менің мәңгі жүрегіме орныққан,
Таудан биік құдіретті әр төбең.
Төмендегі өлеңді оқу арқылы, алған әсерің бойынша автор стилін сақтай отырып, «Менің туған өлкем» атты әдеби эссе немесе авторға хат жаз.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс: «3Қ» әдісі
Не қызық?
Не қиын?
Не қажет болды?
|
Сабақ : Менің туған өлкемнің өлеңдері
|
Мектеп: Қаратөбе мектеп-гимназиясы
|
Күні :
|
Мұғалім: Ескожина С.С
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы ақындар шығармашылығы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Талант Арынғали шығармашылығы.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
|
Сабақ мақсаты:
|
Ақын өлеңіндегі кейіпкерлер образын ашу;
|
Ресурстар
|
Ғаламтор желісі
|
Бағалау критерийлері:
|
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Өлеңдегі шығарманың басты тақырыбы мен автордың бейнесін ашады.
|
Дескриптор
|
Шығарманың кейіпкерін анықтайды
Кейіпкердің образын ашады,;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Түсіну және жауап беру
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар қолдана алады:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, мазмұнын таба алады ;
Пәндік лексика мен терминология: образ
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Ойымды қорытындылай келе...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, әдебиет, қазақ тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация, слайд
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Талант Арынғали – айтыскер ақын, сазгер. 1980 жылы 23- ақпанда БҚО, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Шөптікөл орта мектебінің 9-сыныбын тәмамдаған соң, 1995 жылы Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Дарынды балалар мектебіне қабылданады. Мектеп қабырғасында жүріп, Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық оқушылар айтысының және облыстық ақындар айтысының жүлдегері атанады. Танымал әндерге сөз жазған ақын.
|
Сабақтың ортасы
15
15 мин
|
Оқылым тапсырмасы.
Жүректің жалынысың, мәңгілік сағынышың
Қарызың өтелер ме, ұйқысыз таңың үшін?
Аяулы анашым...
Аяулы, айбыным, арайлы, ай күнім
Бақытым,байлығым - анашым
Өмірдің сынақ бәрі, әлдиін құлақ тілін
Қабыл ал арман әнін, балаңның жырақтағы
Аяулы анашым...
Аяулы, айбыным, арайлы, ай күнім
Бақытым,байлығым - анашым
АНА
Өлеңдегі Ана бейнесін
топтастыру
ҚБ тапсырмасы: «Концептуалдық кесте»
Ақынның осы өлеңді жазуына не түрткі болды деп ойлайсыз?
|
Көркемдегіш құралдар
|
Ақын сағынышы мен өз сағынышың...
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс: Желкенді кеме
|
Достарыңызбен бөлісу: |