Сабақ жоспарлары үлгілері Құрастырушы: Шадина Гүлдәрі Қорқытбайқызы


Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың»



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі366,43 Kb.
#535
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың»

Мақсаты:Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту,оларды мейірімділікке тәрбиелеу.Өз ортасын,жолдастарын,ата-анасын,ұстаздарын сыйлауға үйрету.Ең құнды адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.Бірін-бірі сыйлап,мейіріммен қарауға тәрбтелеу.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,мақалдар жазылған плакаттар.

Барысы:


Адамгершілік - парасатты сөз.Сөз ғана емес,адамның асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым.Ұғым ғана емес,тіршіліктің мәнін,дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным.Шынында айтқанда,жеке дара ұстаным ғана емес,заңның да,заманның да,адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.Адамгершіліктің қас жауы – тоғышарлық,азғындық.

I.Қызығушылықты ояту.Адамгершілік туралы не білеміз деген сұраққа жауап,Топтастыру(Оқушылар тақтаға жазады)

Қайырымдық Мейірімділік Кішіпейілділік

Адамгершілік асы қасиет

II.Мағынаны ашу.Адам баласы өмір сүрген ортасы рухани – адамгершілік қасиеттермен,адал еңбегімен,жақсы мінез- қылығымен бағалы.Күнделікті өмірде кездесіп қалатын мейірімсіздік,қатыгездік,дөрекілік құтқаратын даналар сөзі мен ойшылдардың сөзі екен.Енді адамгершілік туралы Шәкәрім өлең тұрғысынан көрелік.



Сусағанның сусыны бол,

Су сықылды сұп-суық




От сықылды жылы болсын

Жүзіңіз бен сөзіңіз






Жер сықылды желпі жұрттың

Шаршағанын талғанын




Өзімшіл болма,көпті ардақта

Адамның бәрі өз халқың





Адамгершілігім-басты байлығым



Еңбекке шыда,ебін тап

Мейірім,ынсап,ақпейіл,адал еңбек

Бұл төртеуді кім қылсын шын адам сол





Ақ жолдан айнымай,ар сақта оны біл

2.Адамдық болмысты анықтайтын аамға тән қасиеттер біздің барлығымызға ортақ.Өмірге адам болып келген соң,адам болып калу үшін – өз бойымыздағы адамгершілік қасиеттерді жинақтап адамды бұзатын әрекеттерден аулақ болған жөн.

Венн диаграммасы арқылы жақсы және жаман әдеттерді ажырату.

Жақсы әдеттер

Ортақ қасиеттер

Жаман әдет

Ақыл,парасат,ар-ұят,

Адалдық,қанағат,

Ынсап,талап,ізеттілік.

Кішіпейілділік,

Ұстамдылы,

Мейірімділік.





Әдет

Дөрекілік.өзімшілдік,

Озбырлық,екіжүзділік,

Мақтаншақтық,кекшілдік,

Ызақорлық,қорқақтық.


3.Халқымыздың ұлағатты,тәрбиелі,мәні зор маржан сөз сөздері,өсиет-өнегесін рухани азық етіп,жас ұрпақты бүгінгі тығырықтан алып шығуға болады.

4.Адамдық қасиеттер туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер айту.

III.Ой толғаныс кезеңі:Адамның адамдық мәні.

Қорыту:Адамгершілік қасиет – жеке адамның ғана басындағы емес,жалпы қоғамның қордалы байлығы.Адамгершілік моральдық ахуалы төмен адамның айналасындағы адамға ғана емес,қоғамға тигізер кесірі көл-көсір.Адамдық қасиеті төмен бір адамнан көп адам зор зардап шегеді.

Адамдық борыш ар үшін

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін



Сабақтың тақырыбы:М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі.
Мақсаты:

Білімділік:Махамбет шығармаларымен тереңірек таныстыру,өлеңнің туу себебін түсіндіру, идеясын ашу.

Дамытушылық:Ойлай білуге дағдыландыру.өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

Тәрбиелік:Елін,жерін сүюге,Отан алдындағы борышын сезінуге тәрбиелеу.

Әдісі:СТО әдістері

Типі:жаңа білімді меңгерту

Түрі:дәстүрлі

Көрнекілігі:Махамбет портреті,қару жарақтар суреті

Пайдаланылған әдебиеттер:Махамбет- дауылпаз ақын.

М.Тілеужанов

Махамбет поэзиясы-отты поэзия

С.Мақпырұлы

Әдебиет оқулығы 5 класс

Сабақ барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

а)Өтемістен туған он едік

ә) «Соғыс» өлеңі

б)Ерлік туралы мақал-мәтелдер

III.Жаңа сабақ

«Қызғыш құс» өлеңі-монолог түріндегі өлең.Ақын еліне деген сүйіспеншілігін Отанына деген сезімін,сағынышын психологиялық параллелизм арқылы барынша тебіреніп,тамаша бейнелеген.Исатай қазасына кейін Махамбет жалғыздыққа бой алдырады. «Қарой» деген ойпаңды мекен етті.Оы кезде өлеңі дүниеге келді.

Жәңгір Бөкеев- өз заманының үлкен қайраткері.Еділ мен Жайық арасын 22 жыл билеген.

Өлеңді кезектесе оқыту

Өлеңде қандай ой бар?

Ақын не айтпақшы болды?


Тақырыбы:Жалғыз қалған батырдың қызғыш құсқа мұңын шағуы.

Идеясы:Елім деп еңіреген ерді осындай күйге түсірген Жәңгір ханды айыптау.

IV.Дамыту кезеңі:

а) «Бес жол өлең» әдісі

Зат есім:жауынгер

Сын есім:жалынды,қайсар

Етістік:қорғады,сүйді,аңсады

Синоним:сарбаз

Сөйлем:Махамбет қызғыш құсқа мұңын шақты.

ә) «Суреттер сөйлейді»

б)Венн диаграммасы

Махамбет




Жәңгір хан

Ержүрек,батыр,шешен,

Өжет,ақын,қайсар



Қазақтың ұлы тұлғалары

Хан,қатал,

Өз заманының қайраткері.


в) «Екі жақты күнделік» әдісі



Өлең жолдары

Мен қалай түсінемін?

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні.



Батыр қуғынға ұшырап

Жалғыздық ғұмыр кешті

Халықтың қамын ойлап батыр қайғы жамылды.


г) «Еркін жазу» әдісі:

Егеменді елімізді бүгінгі ұрпақ қорғауға даяр ма?

Әрине,даярмыз.Себебі Отанын сүймейтін кім бар?Бұл атадан балаға,ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ,сонау ғасырда өмір сүрген бабаларымыздан қалған асыл мұра.Жалынды жауынгер Махамбет өз шығармалары арқылы жас ұрпақты халқын,Отанын сүюге тәрбиелейді.Көптеген батыр бабаларымыз,аға- апаларымыз Отан үшін аянбай еңбек еткен,терлерін төккен.Солардың арқасында бүгінгі ұрпақ бақытты ғұмыр кешуде.Бізде елімізді қорғауға әрқашанда дайынбыз.

Серік Жібек.

Тәуелсіздігімізді алып егеменді мемлекет болдық.Ешкімге тәуелді емеспіз.Осы тәуелсіздігімізді мәңгі сақтауға,Отанымды қорғауға мен даярмын.Ол қшін бүгіннен бастап саналы білім алып,салауатты өмір сүруге күресуім керек.Менің Отаным – Қазақстан.Отанымды сүйемін және оны қорғайтын шын патриотпын.

V.Қорыту:

Махамбет-тәуелсіздік туын алғаш көтерген дауылпаз ақын.

VI.Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау

Жәңгір хан – қазақтың соңғы ханы

VII.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

Мақсаты:

Білімділік:Махамбет кім және қандай деген сұрақтарға шолу,ақынның өлеңіндегі Исатай бейнесі және өлеңнің тақырыптық,идеялық мәнін ашу;

Дамытушылық:Сын тұлғасынан өзіндік ойлау қабілетін шыңдау,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларға ерлік рухын дәріптеу арқылы азаматтық тәрбие беру;Қлы адамдарға деген сезімін ояту;

Әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру,екі жақты күнделік және еркін жазу стратегиялары ,баяндау.

Көрнекілігі:буклет,өлеңдер жинағы,кесте,тірек-сызба.

Сабақ түрі:Аралас

Сабақтың жүргізілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.

Сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі.

1.Дулат кім?Өзіне тән ерекшелігі.

2.Аягөз кімнің жері?

3.Аягөз өзені қайдан бастау алады?

4.Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

5.Аягөз,сенің бойыңда

Несібе,ырыс тегіс қой,-деген жолдардың мәнін қалай түсінесіңдер?



III.Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

I.Қызығушылық ояту.Үнтаспадан Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату;

II.Топтастыру стратегиясы.

1.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен сұхбаттаса келе,М.Өтемісұлы жөнінде білетіндерін тақтаға топтап жаздырту:

Ақын,шешен




Махамбет

кім?

Қолбасшы

Күйші,әнші батыр найзагер

Махамбет

қандай?


ақылды сауатты

қайсар қайырымды

ержүрек,қырағы

2.М.Өтемісұлы өмірі мен шығармалары туралы тірек-сызба арқылы жалпы мәлімет беру.

Махамбет

Өтемісұлы





Шаруалар

көтерілісі




Шешендік өнер:

терме,толғау





Ерлік,адамгершілік,

достық


Исатай бейнесі

Балалық,жастық

шағы


Көтеріліс кезінде




Истатай мерт болды

Жалынды жыр,асыл қазына
III.Мағынаны тану

Махамбет-адам бейнесін жасаудың өз заңындағы үздік шебері.Махамбет Исатайды әрі көтеріліс басшысы,әрі қайтпас берік,әрі батыр,әрі ақылды,халық тілегін жеке бастың тілегінен жоғары санайтын,шоқтығы биік жан етіп көрсетеді.Махамбет Исатайдың әр қырын сипаттайды. «Тарланым» атты өлеңінде ақын Истай батырдың сырт тұлғасынкөркем портретін жасайды.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын ашу; (Исатай бейнесі)

2.Өлеңнің идеясын ашу; (Ержүрек,қайтпас қайсар елі үшін туған)

3.Көркем,айшықты сөздерді табу;(Батырға тән)

IY. «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша



Өлеңнен үзінді

Нені таныдым?

Таудан мұнартып ұшқан тарланым.

Кершығын кербезім,шандозым.

Ащы дауысты құлан айбар мүйізді құлжа.

Теңіздей терең ақылды,

Тебіренбес ауыр мінезді

Хиуадай базарым.



Ардақты,қасиетті,киегі ажарын,көркем,сыбатты жан,қаһарлы,ақылды,сабырлы,ойлы,парасатты,

сері,ақынжанды



Исатай бейнесі-Махамбет шығармашылығында шоқтығы биік көркем әдебиетте ұнамды бейне сомдаудың үлгісі.

Y.Еркін жазу стратегиясы

а)Ел үшін туған ер. (Оқушы өз пікірін,ойын еркін жазады)

ә)Махамбет атаға хат.

IY.Қорыту:Махамбет жырлары-ереуіл толғаулары


Y.Бағалау.
YI.Үйге:Махамбет.Тараным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет