Сабақ жоспарлары үлгілері Құрастырушы: Шадина Гүлдәрі Қорқытбайқызы



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі366,43 Kb.
#535
түріСабақ
  1   2   3
Оқыту тиімділігі – жаңа педагогикалық технологияларда

(қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспарлары үлгілері)

Құрастырушы: Шадина Гүлдәрі Қорқытбайқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Бозой орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Бозой орта мектебі

Құрастырушы: Шадина Гүлдәрі Қорқытбайқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта мұғалімнің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі қазақ әдебиеті пәнінен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Сабақ тақырыбы: «Бақытсыз Жамал» романы
Мақсаты: Романның тақырыбы мен идеясын аша отырып кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты талдау.

Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне,ой түйіндерін тауып қорытуға,сыни көзқараспен қарап,өздігінен тың пікірлер айтуға үйрету.

Ел қамын ойлайтын ері адамгершілік иесі ,қайырымды жан етіп тәрбиелеу.

Әдісі:талдау,пікірсайыс.

Типі:Қайталау

Көрнекілігі: «Бес арыс» кітабы, «Бақытсыз Жамал» романы.

Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тест.10 сұрақ («Бақытсыз Жамал» романының оқиға желісі бойынша)

2.Талдау жоспарын жүргізу(Оқушылар дәйекті дәлелдемелер келтіре отырып романды жан-жақты талдайды.)

а) .«Бақытсыз жамал» романы -қазақтың ұлттық әдебиетіндегі тұңғыш роман.

ә) Жамал бейнесі- сол замандағы бақытсыз бойжеткендер бейнесі

б) Ғали-өз заманының озық жасы.



Ғали

в ) Екі жастың қосылуына қарсы тұрған екі әке-Сәрсенбай мен Байжан.




Сәрсенбай

Ортақ белгісі

Байжан







г ) Бай баласы-Жұман





Жұман

3.Проблемалық сұрақтармен жұмыс:

-Жалпы қызды еріксіз ұзатуға бола ма? Сәрсенбайдың замандастары қызды малға сатуда қандай заңға сүйенді?

-Ғалидың ауыр дертке ұшырап,қайтыс болуы не үшін керек болған?

-Қалың мал салт па,әлде ұнамсыз әрекет пе?

-Бүгінгі заманымызда қалың мал қайта жандана бастаса,ол дұрыс па,бұрыс па?

-Жазушы Жамалды неге өлтіреді,тірі қалуға болмады ма?

-Егер дәл қазір,біздің заманымызда,дәл осындай оқиға болса,жазушы романын қалай аяқтауы мүмкін?


III Қорыту:

М.Дулатұлының халықтың азаттығы мен ағарту жолындағы күресінде қазақ қоғамындағы әйелдердің жай-күйі,тағдыры елеулі орын алады.Ол жас қыздарды қалың малға сатуға,тең емес адамдарға зорлап қосуға,жесір әйелдерді әмеңгершілік заңымен некеге отырғызуға қарсы екенін алғашқы қығармаларында батыл көтерген.Мұны Міржақып адам құқын аяққа басу,қорлау деп түсінген.Көп әйел алушылық,әменгершілік сияқты ескі салт-ұғымдар талай адамдардың өмірін өксітіп,талай тағдырлардың қайғымен аяқталғанын ол ашық жазған.Көркем әдебиет арқылы халыққа әсер етуді,жастардың бас бостандығын қолдауды көздеген. «Егер дәл қазір,біздің заманымызда,дәл осындай оқиға болса,жазушы романын қалай аяқтауы мүмкін?» деген сұраққа «Қазір қыздарды,жалпы кім-кімнің де мүддесін қорғайтын заң бар.Сондықтан біздің заманның «Жамалдары»бақытсыз бола алмайды».Жазушы Жамалды қайғылы қазаға ұшырату арқылы өз оқырманына жаңа заманның жаңалығын,оған ұмтылу қажеттігін айтады.

Құқық пәні мұғалімі:

Баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

3-тарау.10-бап.

IY.Бағалау

V.Үйге:Әйел теңсіздігіне арналған шығармалар оқу


Сабақтың тақыорыбы:Ш.Құдайбердіұлы « Еңлік –Кебек» поэмасы
Мақсаты: поэманың мазмұнын аша отырып кейіпкерлер іс-әрекетіне тоқталу .танымдық қызығушылығын дамыту, іс-әрекетінің белсенділігін арттыру . Бір-біріне адал , мейірімді болуға тәрбиелеу

Әдісі: СТО әдістер, проблемалық жұмыс

Типі: жинақтау, қайталау

Түрі:Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Көрнекілігі:

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі :

І .Қызығушылықты ояту

А.Құнанбайұлы «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату

ІІ Мағынаны тану : «ІNSERT» әдісі

Білемін

Білдім

Мен үшін жаңалық

Бір-біріне қосыла алмаған жастар

Жартас түбінде өмір кешкен қыздың алдымен сөз айтқаны Кебектің мерген болғандығы

Баласы дүниеге келгені ,

Кесте толтыру

Кейіпкерлері

Іс-әрекеті

Адамгершілік қасиеті

Еңлік

Кебек


Нысан

Кеңгірбай

Әке-шешесі


Ғашық болды

Аң аулады...

Бал ашты....

Үкім шығарды..

Баласы үшін қам жеді..


Адал қарапайым

Адамдық қасиеті жоғары

Әділ

Қатал


Қарапайым жандар

«КУБИЗМ» әдісі (Кубиктің алты қыры бойынша тапсырмалар орындау)

1-суреттеңіз: Жастар өмір сүрген дәуір қандай еді?

2-салыстырыңыз: «Қалқаман-Мамыр» поэмасымен салыстыр

3-қолданыңыз: Осы тақырыпқа өлеңдер оқу (махаббат )

4-зерттеңіз:Баласының тағдыры не болды?

5-елестетіңіз: Еңлік пен Кебек тағдырын өз елесіңізде айтыңыз

6-қарсы шығыңыз: Жастар тағдырын тәлкекке салғандарға ...

«ҮШ ҚАДАМ» сұхбат әдісі

О

М Х


Проблемалық сұрақтармен жұмыс:

-Поэманың көтерген мәселесі

-Еңлік –Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?

-Екеуінің өліміне кінәлі кім?

ІІІ Ой толғаныс кезеңі

«Дөңгелек үстел» әдісі : Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?

ІҮ Қорыту . Шәкерім-халық тарихынан , этникалық ,этнографиялық деректерден мол хабары бар ақын. Поэмадағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем . Ақын халық тілінің нәрлі бояуларын , мақал-мәтелдері мен ұанатты сөздерін мол пайдаланады.

Ү .Бағалау

ҮІ Үйге . Абай дәстүрі және Шәкәрім

Сабақтың мақсаты: С.Торайғыров «Кім жазықты» романы.Әжібай бейнесі

Мақсаты:

білімділік:Романның негізгі кейіпкері Әжібай бейнесін сомдау.Іс-әрекеттері арқылы жан-жақты қырынан таныту.

дамытушылық:Оқушыны өзіндік пікір айтуға және жаңа қырынан тани білуге дағдыландыру;

тәрбиелік:Әрбір жасты жаманнан жақсыны айыра білуге,жаманнан қашып, жақсыны тәрбиелеуге үйрету.

Әдісі:деңгейлік тапсырмалар,талдау,үлестірмелі материалдар;

Пәнаралық байланыс:Құқық пәні

Түрі:Аралас(дәстүрлі)

Көрнекілігі:тірек-сызба,кеспе қағаздар,буклет.

Жүргізілу барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау,қорыту.

Деңгейлік тапсырмалар

IY деңгей

1.С.Торайғыровтың қандай романдарын білесің?Атап шық.

2. «Кім жазықты» романында қандай мәселе суреттелген?

III деңгей

1.Жырдың негізгі кейіпкерлері кімдер?

Қайсысы ұнамды,қайсысы ұнамсыз?

2.Романдағы Тасболат қандай адам?Мінеземе бер.

II деңгей.

1.Ескі ауылдағы жаңа типті жастардың өкілдері кімдер?

Олар қандай адамдар?

2.Романның басқа романдардан айырмашылығы.

I деңгей


1.Романдағы оқиғатбайданысын сарала

2.Жазушының айтпақ ойы,ұсынар идеясы


III.Жаңа сабақтың мақсатын қою кезеңі

1.Оқушылар мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, тірек сызбаны толтырады.





Ақылы:


Мақсаты

Әжібай әлемі



Сезімі


Қайраты:

Мақсат.қайрат.ақыл.сезім туралы түсінік беріледі.




Портрет



Мінездеме
Суреттеу

Диалог

Көрініс:Әке мен бала

2.Бүкіл Тасболаттың ұрпақтарының бұзылуына өмірге жеңіл көзбен қарауына не себепкер,кім жазықты?-деп сұрақ тастаймын.

Оқушы жауаптары:

1-оқушы:Мен өз бақыты үшін күресе алмаған Әжібай жазықты деп ойлаймын.

2-оқушы: ...Ежелден келе жатқан қалың мал,ата-дәстүр салтымыз себепкер(қалың мал туралы түсінік)

3-оқушы:...Алғашқы алған әйелдері өздерінен үлкен онымен тұрмай салдыр-салақ жұғымсыз(әйелдеріне тоқталу)

4-оқушы:...Әкесі Тасболат бай кінәлі...

5-оқушы:Әжібай өмірінің бұзылуына солар жасаған орта кінәлі,яғни жазықты.

IY.Бекіту:Құйрығы жоқ,жалы жоқ,құлан қайтып күн көрер

Аяғы жоқ,қолы жоқ жылан қайтып күн көрер

Басшысы жоқ,биі жоқ елім қайтып күн көрер.

Асан қайғы жырау

Халық әлі оянбаған тек алдыңғылар ізімен жүрген еді.Сол себепті Әжібай, Қабыш іс-әрекеттеріне қоғам жазықты.Енді міне,заман өзгерді,ел жаңарды,адамдарда өзгерді.
Y.Қорыту:Мемлекет және құқық негіздері пәні мұғалімі А.Нұртаева

«Неке және отбасы туралы» мағлұмат береді.


YI.Бағалау.

YII.Үйге:С.Торайғыров- ірі суреткер- реалист

Cабақтың тақырыбы : Абай, феодалдық қоғам және әйелдер
Мақсаты: романның мазмұнына талдау жасай отырып Абай образының қыр-сырын ашу және ол өмір сүрген дәуірдегі қоғам туралы түсінік беру , әйелдер бейнесімен таныстыру

Оқушыларды еркін ойлап , өз ойын дәлелді айтуға баулу. Өзіндік ойлау қабілетін шыңдау

Абай мен аналар бойындағы адамгершілік ізгі қасиеттерді үлгі ете отырып азамат болуға тәрбиелеу

СТО-ға байланысты міндеті:өздері меңгерген теориялық ұғымдарды практикада пайдалану

Типі: Білім пен іскерлік дағдыны қалыптастыру

Көрнекілігі: суреттер романнан үзінді суреттер

Оқыту әдісі: АКТ. СТО әдістері

Пәнаралық байланыс : Тарих

Пайдаланылған әдебиеттер : Әдебиетті оқыту әдістемесі Қ.Бітібаева .Абай елі С.Оразалин . «Абай жолы» романы.11кл оқулық

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп , ынта -назарын сабаққа бағыттау

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:

1«Абай жолы»романы –ғасырлық туынды ( шығуы т.б).

2.Романға аннотациялық талдау

ІІІ. Актуалдау кезеңі

Таныс есімдер: Зере, Ұлжан ,Абай ,Әйгерім , Тоғжан, Әбіш, Құнанбай, Құдайберді. Ділдә

Ақылбай , Мағауия

Сабақтың эпиграфы: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз ,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс

Н. Ә. Назарбаев

ІҮ . Жаңа сабақ

Эпопеяның алтын тұғыры –Абай образы. Бұл образды эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай үзбесчтен өріп шығарады. Көл-көсір нақты да затты деталь,ұшан-теңіз психологиялық талдау , сан-сала іс-әрекет қимыл-харекет –осылардың бәрі образын сомдауға қызмет етеді.




Абай шыңдалуына әсер еткен жағдайлар
жұтқа ұшырау ескі мен жаңаның

аражігінің ажырауы

ру мен ру арасындағы

кескілес әлдінің әлсізгеқиянат

түрлі сипаттағы қанаулар жатақтардың пайда болуы

2. Абай заманы – феодалдық қоғам( слайд бойынша сол дәуірден суреттер. тарих пәні мұғ)

Феодалдық қоғмда екі тап өмір сүрді. Феодалдар шаруалар еңбегін қанады. Негізгі белгі: жердің табыс көзі болуы. Абай заманында үйлерінің көпшілігі ағаштан қиып салынған, көшелерін құм басқан, саудагерлер мен көпестер көп мекендеген. Семей қаласының базарында да қысқы жабағы жүн мен соғым терісін, артық малын сатқан қазақтарды жиі кездестіруге болады.


Абай аналары

Заманның шерменделері



Әйелдер галереясы




Адуын бәйбішелер

Абай сүйген арулар

Абай сырласы

Ү.Дамыту кезеңі : «Концептуалдық кесте» әдісі



Кейіпкерлер

Шығарма пікірі

Өз пікірің

Зере.,Ұлжан
Ділдә ,Айғыз
Керімбала ,Үмітей
Салтанат,Нұрғаным,Иіс, Есбике

Қарашығым, қоңыр қозым
Күндестің аты күндес
Жолыңа жаным құрбан
Босағада шіріп кеттің-ау

Әжем-асыл қазынам
Анам-жанашырым. Балаларымның анасы.

Сүйген сұлу


Атар таңың жарқырап

«Тумалы бейне» әдісі




Алда – өмір тартыс. Сол тартыста мен жалғыз рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуатым – ақындық, үмітім – халық.

Әсемпаз болма әрнеге



Атаның емес, адамның ұлымын.

Абай Қ.


Жүрегімнің түбіне терең бойла...

... Бүгін Байсүгірді ұрғаның өзімді ұрғаннан кем болған жоқ

... Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды

Әнді сүйсең, менше сүй.

«Авторға сұрақ қою» әдісі



  • «Абай жолы» романың жазудағы басты мақсатыңыз не?

  • Абай образын жасаудағы кездескен қиыншылық болды ма?

  • Әке мен бала арасындағы қарама-қайшылық не үшін қажет?

  • Халық еркесі, халық баласы, халық данасы, Ұлы Абайды неге бақытсыз еттіңіз?

VI. Бекіту кезеңі:

  1. Абайды аналарымен достастырған қанда күш?

  2. Әйгерім неге «қапастағы бұлбұл»?

  3. Ұлжан бақытты ана ма? Әлде...

Қорыту: Ғалымдар берген баға (роман , кейіпкелері т.бтуралы пікірлерге тоқталу)

Үйге тапсырма: Менің Абайым (ой толғау)

Абай аналар арасында
Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ж.Молдағалиев Ар-ұят туралы өлеңі
Мақсаты :

Білімділік : Ж.Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру,Ар-ұят туралы өлеңінің негізгі ойы мен халықтық санамен байланыстыру

Дамытушылық:Оқушылардың сана сезімдерінң қалыптасуына ықпал жасау.Дүниетанымын кеңейту, білім дәрежесін көтеру

Тәрбиелік :оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа ,абыройлы болуға баулу.

Көрнекілігі:Жұбан шығармалары

Әдісі:баяндау, сұрақ-жауап,

Типі: Аралас

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі

1. Мазмұнын ой ағымдарына қарай бөлімдерге бөліп айту:

-Аңырақайдағы айқас

-Әбілмәмбет ханның ызасы

-Қыран қанат қаршыға

-Жеңілген жау

2. Кейіпкерлер әлемі:Бас қаһарман-қазақ елінің тарихындағы ерлердің бірегейі

3. «Толғаныс табалдырығы»шығармашылық тапсырма: Абылайдай ерлер болса ер мінез

ІІІ.Актуалдау кезеңі

Арлы, ұятты ,намысты адам ғана өз елін , жерін, ұрпағын мәңгі қорғай алады.

ІҮ .Жаңа сабақтың мақсатын қою кезеңі

Сабақтың эпиграфын оқушылардың ар,ұят, намыс т.б адамдық қасиеттерге байланысты айтқан мақал не нақыл сөздерінен таңдау.

1.Жұбан Молдағалиев өміріне шолу.Жұбан –өзінің атақты «Мен –қазақпын» деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған ,отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын...

2.«Ар-ұят туралы» өлеңін кезектесе тізбек әдісімен оқыту арқылы ең негізгі түйінді ойды бөліп алу

3.Рөлге бөліп оқу арқылы қария мен жігіттің іс-әрекетін талдау

Ү. Дамыту кезеңі

1.Сұрақ-жауап :Қарт пен Жігіт не себепті дауласты?

Қалай ойлайсыңдар жас жігіттің қарияға берген жауабы дұрыс па?

Ұят туралы ақын ойынан не ұға алдыңдар?

2.Дәптермен жұмыс Өлеңдегі ең түйінді ойды жазу

Өлеңдегі мақал-мәтелге негізделген жолдарды жазу

«Арлы»сөзіне математикалық тәсілмен талдау жасау,сипаттама беру

Қария мен жігіт бейнесіне мінездеме

3.Шығармашылық тапсырма: «Арыңды жасыңнан сақта» «Әдепті бала-арлы бала»

ҮІ Бекіту кезеңі : Көркем тәрбиелік қабылдау модулі


Қандай үлгі өнеге аламыз?
ар-ұят сақтай білу ұят-адамның асыл қасиеті

Ү.Бағалау .

ҮІІ Үйге: 1.Ж.Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы.

2.Үзінді жаттау



Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романы бойынша алған білімдерін бекіту
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Абай жолы» романы бойынша алған білімдерін бекіту,жүйелеу,жинақтау,Абай,Құнанбай бейнесін таныта отырып,олар туралы ақиқат деректерді мәнді етіп меңгерту.Оның мәңгілік мұра екенін ұғындыру.

Дамытушылық:Білімді ғылыми тұрғыда меңгерту және өз беттерінше игере білуге дағдыландыру.Шығармашылықпен жұмыс істеу,топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Романның өнегелік қырын аша отырып,оқушыларды азаматтық,адамдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Түрі:

Типі:Қайталау сабағы



Әдісі:топтық жұмыстар,шығармашылық жұмыс,талдау

Көрнекілігі:Буклет,нақыл сөздер,кестелер

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі

Барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Мұғалімнің сөзі

Кеңес әдебиетінің алып классигі,көп қырлы талант иесі М.О.Әуезовтің «Абай жолына» дейін жазған шығармаларының өзі-ақ әдебиетіміздің алтын қорына қосылған кесек дүниелері болып табылады.С,Мұқанов айтқандай ,алғашқы әңгімлерімен Мұхтар қазақ прозасын «шын мағынасындағы Еуропалық прозаның дәрежесіне көтерді»,сыншыл реализм мен өршіл романтика астасқан,адамдар тағдырының ең қымбатты,ең аяулы нәзік сезімдерін ерекше көркемдік әдіс,нағыз шығармашылық тәсілмен суреттей білген жазушы әңгімелерінің терең сырын,идеялық мәнін меңгере білудің маңызы зор.Эпопея қазақ халқының жарты ғасырлық өмірінҰлттық сипатынң сан алуан бедерлі қырларын көркем тілмен қамтиды.Роман кқптеген шет елдерге аударылып,әлемнің сан мыңдаған сүйікті кітабына айналды.Осы туынды арқылы дүние жүзі қазақ деген халықтың өмірімен етене таныс болды. «Абай жолы» романы-дүниежүзілік классикаға енген шығарма.

Класс оқушыларынан 3 топ іріктеу:I топ:ТЕЛҒАРА

II топ:ҚАРАДАН ШЫҚҚАН ХАН

III топ:ӘЙГЕРІМ

Әр топ өз аты мен ұранын айтады

I топ.Ұраны: Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын соны да ойла

Соқтықпалы-соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кіна қойма.
II топ.Ұраны: Кімің юар Құнанбайдан озып туған,

Айырма енді нағыз иесінен

Арғымақ қанша шапса арылмаған.

Қиыннан жол табады дарын адам.


III топ.Ұраны: Жарқ етпес қара көңілім неғылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде,сірә,сендей маған жар жоқ,

Саған жар маған артық табылса да...

I блок « Ш Е Ж І Р Е» Бұл бөлімде топ оқушылары өз аттарына сай эпопеяның негізгі тартыстарын ашады.

I топ:Ескі мен жаңа арасындағы тартыс.Білім және надандық.

II топ:Әкелер мен балалар.Халық пен ел билеушілері.

III топ:Махаббат және ескі әдет-салт.

II блок: «ОБРАЗДАР ГАЛЕРЕЯСЫ».Бұл бөлімде образдарды сомдайды.

I топ:Негізгі тұлға-Абай

II топ:ҚҰНАНБАЙ- қатал әке

III топ:Әйелдер бейнесі-ғажайып бейне

Оқушыларға осы тұста шығармашылық ой-толғанысын байқау мақсатында тапсырмалар беріледі.

I топ:Абай бейнесінен алған әсер.

II топ:Құнанбай-тарихи тұлға

III топ:Жарқ етпес менің көңілім...

III блок «ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА». Бұл бөлімде роман бойынша жүргізген оқушылардың зерттеу жұмыстарына талдау.

I топ: «Абай жолы» романындағы мақал-мәтел

II топ:Романдағы салт дәстүрлері

III топ:Абайдың ақын шәкірттері.

IV блок. «ТАЛДАУ-ТАБЫС КІЛТІ».Әр топ өз аттарына математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасайды.

Топтық жұмыстар бағалау парағы бойынша бағаланады.



Топ аттары

Шежіре

Образдар галереясы

Ғылыми тұрғыда

Талдау-табыс кілті

Телғара













Қарадан шыққан хан













Әйгерім












Қалған оқушыларға тест-интервью жүргізіледі.



Құнанбай өзіңе ұнадыма?




Құнанбайдың бейнесі арқылы болашаққа түйген түйінің.



Романдағы халық өкілдері кімдер?

Романдағы әйелдер образдарынан жақын тұтқан образың кім?

Құнанбай типтестерге кімдерді жатқызасың?

Құнанбай бейнесін ашатын негізгі оқиғалар қайсы?

Абайдың өмірдегі мақсаты не еді?

Базарлы қандай тұлға?

Әйгерім туралы бірер сөз.

Абайдың халықпен қарым-қатынасымен қандай болды?Дәлелде.






Қорыту:Ашты ол талай ғылымда жаңалықтар

Дүниедегі достасты бар алыптар

Соқты өзіне ескерткіш өз сөзімен,

Халқымыздың мақтаны дана Мұхтар!

М.Әуезов-білгір зерттеуші,әр жанрда шеберлікпен қадам тербеген заңғар жазушы,білікті драматург,қазақтан шыққан тұңғыш режиссер.Ол-әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға.

«Шынындада ,бұл қазақтар неткен ғажайып халық!Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»

.Б.МАТИП.

Үйге тапсырма:М.Әуезов- ірі суреткер.Шығарма



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет