Сабақ жоспарлары Орындаған: Мамандығы 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» Біліктілігі 0103023



бет20/20
Дата11.12.2021
өлшемі54,5 Kb.
#99295
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
бала бакша жоспар
бала бакша жоспар, 640333, 25-11 13-13, 11-с,бжб.2-тоқсан, 25-11 06-15
Бөлімі : Дене шынықтыру 

Тақырыбы: « Биік секір»

Негізгі қимылдар:

Жоғарыға затқа қол тигізіп секіру

Тура жолмен жүру және жүгіру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)

Мақсаты: ілулі тұрған затқа қол жеткізе жоғарыға секіруге үйрету.

Шектелген алаң бойынша жүруде және жүгіруде тепе-теңдік қалпын сақтауды бекіту.

Құралдары: ленталар, тақия, доп

Билингвалды компонент: доп-мяч, секіру-прыгать;

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Кіріспе бөлім:

-Балалармен амандасу

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.

-Сәлеметсізбе!

-Көңіл күйіміз жақсы.

Ұйымдастыру іздестіру

-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Ленталарды алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Жаттығуларды атайды.

-Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.



  • Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

  1. Тура жолмен жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м) жаттығуларын жасату, бекіту.

  1. Ілулі тұрған затқа(доп) қол жеткізе жоғарыға секіру жаттығуын жасату,үйрету.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.



Қозғалмалы ойын:

1.Аз қозғалмалы ойын: «Өз үйіңді тап» ойынын ұйымдастыру.
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді нұсқаушы.

Нұсқаушының «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.


Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.
Балаларды қолдау және мадақтайды.

Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды ленталар ұстап жасау.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды

-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

- Алдыңғы іс – әрекетті жасаған жаттығуларын қайталап жасайды.

- Балалар саптізбекте тұрып кезек-кезек ілулі тұрған затқа секіріп бастарын тигізеді.

-Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.

-Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді.



Рефлексивті-түзетушілік

Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтарды жинайды)



- Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Тура жолмен жүруді (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м) біледі

Нені игеру керек: Жоғарыға екпінмен секіруді игереді

Нені біледі: Нұсқаушының белгілеріне ыңғайланып жаттығулар жасауды біледі
Дене шынықтыру жетекшісі:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет