Тура бағытта төрттағандап еңбектеу (4 метр қашықтықта) жаттығуын түсіндіру,көрсету.Жаттығуды жасауға нұсқау беру.
«Тезірек шеңберге» ойынын ұйымдастыру.
Балалар гимнастикалық орындықтарда отырады. Нұсқаушы балаларға сары,қызыл,көк ленталар таратып береді. Бөлменің 4 бұрышына сары,қызыл,көк ленталар байланған құрсаулар қояды. Құрсаулар балалардың үйлері болып саналады.
«Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз құрсауларына(ленталары бойынша) жүгіреді. Ойын 3-4 рет ойналады
Балаларды қолдау және мадақтайды.
Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.
-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).
-Шеңбер бойымен сапқа тұру
-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестен діру).
-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.
-балалар саптізбекте шеңбер бойымен жүреді, нұсқаушының белгісімен тоқтап екі-екіден жұптасып тұрады да қарам-қарсы отырады, аяқтарын алшақ қояды. Допты бір-біріне домалатады.
- Балалар саптізбекте тұрып кезек-кезек 4 метр қашықтыққа төрттағандап жүреді.
-Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |