Сабақ жүргізуге арналған №3 Әдістемелік нұСҚАУ



бет2/3
Дата22.05.2022
өлшемі58 Kb.
#144633
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ӘН№3.

Ұрықтың сыртқы қабығы - тамырлы (chorion) көрінеді, оның бүтіндігін бузбай жатырдан бөліп алады.
Сиырдың жатыр шырыш қабығында карункулдар болады, оларда шұңқур (крипты) байқалады. Сиыр карункулдарының көлемі буаздылықтың мерзіміне байланысты (урме бұршақтан қаз жұмыртқасындай).
Саулықтардың карункулдарының тереңдіктері ортада орналасқан.
Мегежіндердің жатыр шырыш қабығында плацентарлық зоналар көрінеді.
Биелерде - барқыт тәрізді көп сәнді криптілер байқалады.
Аналық жыныс бездерін байқайды. Бір ұрықтылық малдарда (сиыр, бие) сары дене жиі ұрық жатқан мүйіз жағында орналасады. Көп ұрықтылық малдардың аналық жыныс бездерінде қанша піскен фолликулдардың санындай соншама сары денелер болады. Сары денеден басқа, аналық жыныс бездерінде әр түрлі сатыдағы фолликулдар болады. Кесіп аналық жыныс безінің көлемін, түрін консистенциясын анықтайды.
Сиырда - тамырлы қабық екі мүйізді қап секілді, оның салмағы 3-5 кг. Хорионның ішкі беті несеп және сулы қабықтармен борпылдақ қосылған. Сыртқы беті жағында карункулдармен қосылған жерінде котилендондар - ұрық плацентаның бөліктері бар. Олардың жалпы саны 115, олар шие түсті.
Саулықтардың котилендондарының басқа малдардікінен ерекшелігі ол олардың ворсинкалары жартылай түрлі шарлы басқа топтастырылған.
Мегежіндерде - тамырлы қабықтың ворсинкалары барлық бетінде шашыранқы болады.
Биелерде - тамырлы қабығы екі мүйізді қапқа ұқсас, оның беті біркелкі ворсинкалармен жабылған.
Тамырлы қабықтан кейін несеп (allantois) қабығы келеді. Ен ішкі қабық - ұрық жанындағы (сулы)- amnion.
Барлық қабықтарын кескеннен кейін ұрық жоғары да аталған қабықтармен кіндік арқылы байланысқаның көреміз.
Плацента ұрықтың анасы организмімен байланысуына, ұрықтың көректенуін қамтамасыз етуіне, ұрық тамырлы қабығынан және жатыр шырыш қабығынан дамыған ткандік жинақтан құрылатынды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет