плацента деп атайды.
Ұрық және аналық плацентаның байланысы жағынан келесі түрлері белгілі: (по связи).
Ахориалдық (ворсинкаларсыз) - кенгуру, киттін аналығы;
Эпителиохориалдық (бие, мегежін, інген)
Десмохориалдық және эпителиохорилдық (сиыр, саулық, ешкі)
Эндотелиохориалдық (ет көректілер)
Гемохориалдық (маймыл, қоян, тңіз шошкасы)
Ворсинкалардың орналасуы жағынан келесі плаценталарды анықтайды:
Шашыраңқы (бие, інген, мегежін)
Көпшілік (күйыс қайыратын малдарда)
Зоналдік (аймақтын /ет көректілер)
Диск сияқты (кеміргіштер).
Ұрықтың көректенуіне байланысты плаценталар гистиотрофиялықтарға - бұл жағдайда плацентаның ұрық бөлігінің көректенуі хорион ферменттерінің ткандерді еріту және сұйылту нәтижесінен пайда болған заттарды сіңіруі. Оларға қояндар, еткөректілер жатады және эмбриотрофиялық - бұл жағдайда аналық плацентаның бөлегі ерекше секрет (эмбриотрофты (сүт) өндіреді ол ұрық плацентаның бөлігінің ворсинкаларымен сініріледі. Бұларға күйіс қайыратын, жануарлар мегежіндер, тақтұяқтылар).
Кіндіктің құрылысы
Кіндік - шілбір, екі кіндік артериялардан (бұзау, қозы) немесе біреуден (құлын, торай) күре тамырлардан, урахустан және сары қапшық қалдығынан тұрады. Осы көрсетілген элементтер қабыққа (амниотикалық қабығының жалғасы) ішінде аз мөлшерде мөлдір массалары бар сұйыққа алынған.
Орталық және перифериялық кіндік бөлектерді анықтайды. Орталық бөлігі сулы қабыққа алынған. Ол екі кіндік артерияларынан және бір немесе екі күре тамырлардан құрылған. Тамырлардың жанында кіндік көпіршігінің аяғы (сары қаптын қалдығы) және несеп тармағы қуық және несеп қабығының қуыстарын қосатын орналасқан.
Кнідіктің перифериялық бөлігі ұрық жанындағы (сулы) қабықтан тамырлы қабыққа дейін созылады. Ол кіндік тамырларын перифериялық бұтақтарға бөледі.
Бақылау сұрақтары
Аналық малдардың буаздылық кезіндегі жыныс органдарының жағдайы қандай?
Сиырдың, биенің, мегежіннің, саулықтың орташа буаздылық мерзімі (ай) қанша?
Іш төлдің жасын қандай көрсеткіштерге қарап және қалай анықтайды?
Ұрық қандай қабықтардан тұрады?
Плацента дегеніміз не?
6. Байланысы жағынан аналық малдың плацентасы қандай түрлерге бөлінеді?
7. Ворсинкалардың орналасуы жағынан плацентаның түрлері қандай?
8. Көректену жағынан плацентаның түрлері қандай?
Кіндіктің құрылысы.
Қандай мақсатпен іш төлдің жасын анықтайды?
Достарыңызбен бөлісу: |