Сабақ Калашников автоматының түрлері, ак- 74 Калашников автоматының ұрыстық қасиеті



Дата10.04.2017
өлшемі79,13 Kb.
#13581
Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектеп

Ашық сабақ
Калашников автоматының түрлері,

АК- 74 Калашников автоматының ұрыстық қасиеті,

жалпы құрылысы жəне жұмыс істеу тәртібін көрсету.

Автоматты толық емес шашып – жинау реті.


Өткізген: АӘД пәні оқытушы-

ұйымдастырушысы Мукашев Б.Р

Тақырыбы: Калашников автоматының түрлері,

АК- 74 Калашников автоматының

ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеу тәртібін көрсету. Автоматты толық емес шашып – жинау реті.

Білімділік мақсаты:  Калашников автоматының түрлерімен таныстыру,

Калашников автоматының

ұрыстық қасиетін, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеу тәртібін

көрсету, білдіру, меңгерту. Автоматты толық емес шашып – жинауды үйрету.



Дамыту мақсаты: Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту, білдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.  

Сабақтың әдісі: Көрсету, түсіндіру, орындау



Көрнекі құралдар: «Алғашқы әскери дайындық» оқулығы, «Калашников автоматы» атты плакаттар, интерактивті тақта, слайд, Калашников оқу-жаттығу автоматы, Ұрыстық патроны, сүңгі-пышақ суреті т.б.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Взвод командирі сапқа тұрғызады, баяндау, амандасу түгендеу, сырт көріністі тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Сақшы дегеніміз кім?

2. Сақшының міндеті?

3. Тиым салынатын жағдайлар

4. Қаруды қолдану тәртібі

5. Сақшыларды ауыстыру

6.Шекара бұзушыға берілетін ескерту және сақшы қандай шешім қабылдайды?

Қосымша сұрақтар:

1.    ҚРҚК-нің алғашқы қорғаныс министрі кім?

2.    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы кім?

3.     Әскери қызметшілерге көрсетілетін көтермелеулер және тәртіптік жазалар?

4.     ҚРҚК-нің қорғаныс министрі кім?

5.     Неше офицерлік құрам бар және атаулары?

6. Әскери жарғыда белгіленген 36 бап туралы

7. ҚРҚК –нің құрылған күні?



ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе. Калашников автоматын ойлап табушы, орыс ғалымы, конструктор,соғыс ардагері, екі мәрте социалистік еңбек ері, әскери шені генерал – лейтенант Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туған. Алғашқы қару Қазақстанда 1947 жылы АК-47 деген атаумен жасалды. 1945 жылы Ұлы Жеңістен кейін әлемде 60-тан аса үлкенді-кішілі соғыстар болған. Олардың 40-ында осы Калашников автоматы қолданылған.

М.Т. Калашников өзі жасаған автоматты сынақтан өткізді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейінгі сынақта 1-1,5 шақырымға жеткен. Қазіргі автоматтардың оғы 3000 м-ге дейін жетеді.

Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе 26 елдің армиясы Калашниковпен қаруымен қаруланған.Қысқасы автоматтың 12 түрі өндірілген.

Енді Калашников автоматының түрлерімен таныс болыңыздар.

(Тақтадан көрсету)

Біздің сабақта пайдаланатын негізгі қаруымыз АК-74 автоматы (макетін көрсету)



АК 74 автоматының ұрыстық қасиеті (слайд)

Сипаттамалары

АК-74

Калибрі (мм)

5,45

Көздеу қашықтығы (м)

1000 м

Жарақталған оқжатармен қоса салмағы (кг)

3,6

Сүңгі-пышақтың массасы (гр)

490

Оқтың ұшу қашықтығы

3150

Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы

1350

Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы

900

Ұшу схемасы (интр.тақтадан көрсету)

Автоматтың негізгі бөлшектері (инт. тақтадан көрсету)

Видео көрсетілім:

1. Жарақталған оқжатарды қаруға қосу



  1. Қарудың жұмыс жасау тәртібі

  2. Жекелей атыс

  3. Автоматты атыс

  4. Сақтандырғышқа қою

Практикалық жұмыс

Автоматты оқушыларға шаштырып, жинату



Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың нормативі төмендегідей:

Толық емес бөлшектеу                   Жинастыру         

18 секунд – «5»                               30 секунд -  «5»

20 секунд – «4»                               35 секунд -  «4»



25 секунд – «3»                               40 секунд -  «3»

V. Бекіту сұрақтары

  1. Қандай автомат түрлерін білесің?

  1. АК- 74 автоматы бойынша оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы неше метр?

  1. Оқтың ұшу қашықтығы

  1. Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы

  1. АК-74 қаруының салмағы

  2. Оқжатар сыйымдылығы


VІ. Оқушыларды бағалау

VІ. Үйге тапсырма. «Бастауыш әскери дайындық» оқулығы

ІV тарау § 3 Атыс дайындығы 175-184 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет