Сабақ кестесі I жарты жылдық № Үзіліс Дүйсенбі Сейсенбі



бет4/11
Дата02.02.2017
өлшемі1,43 Mb.
#8468
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

3-қосымша



Бастауыш білім берудің деңгейінің

2-4-сыныптары үшін «Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік

оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

1. Түсінік хат

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. «Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

  3. Пәнінің мақсатыдұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

  4. Пәннің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.


Әдебиеттік оқу

3-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Оқулықтың авторлары: Т.М. Әбдікәрім, С.Р. Рахметова, Б.Т. Қабатай

Алматы, «Атамұра» баспасы, 4-басылымы өңделген, 2014 жыл.
Жазба жұмысының кестесі:

Айы

IX

X

XI

XII

I

II

III

IV

V

Тест жұмысы




























Шығарма




























Мазмұндама




























Барлығы:





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет