Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
мәтінді саналы оқуды;
шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді;
мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды;
мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);
шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
сурет бойынша диалог құруды;
тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
2-3 өлеңді жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
6- қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік
оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2.Бастауыш сыныптардағы (1-4-сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар,алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
3. Оқыту мақсаты –ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:
тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту;көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияныигеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Жазба жұмысының кестесі
Айы
|
IX
|
X
|
XI
|
XII
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзіндік жұмысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: 20
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |