Өзін-өзі тексеретін сұрақтар 1.Қазіргі балалар әдебиеті туралы қайдан оқып білуге болады?
2.Қазіргі балалар поэзисы туралы зерттеулер барма?
3.Қазіргі балаларға жазып жүрген ақындар кімдер?
4.Соңғы кезде шыққан қандай балалар жинақтарын білесіз?
15-апта 15-дәріс Дәріс тақырыбы: Қазіргі балалар прозасының дамуы.
Қарастырылатын сұрақтар: 1.Балалар прозасының жанрлық түрлері.
2.Балалар жазушылары.
Дәріс мазмұны:Соңғы жылдардағы балалар прозасына көз жібергенде төл әдебиетіміздегі аға буын және орта буын қалыптастырған дәстүрдің творчестволықпен дамуда екенін көреміз. Ең алдымен айтарымыз балалар өмірінің түрлі қырынан суреттелуі. Сондай- ақ, балалар өмірін бедерлеу арқылы өміріміздің өзекті шындығын танытуға деген талап бар. Осы ыңғайда орыс совет әдебиетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн.
Назар аударарлық және бір жай – балалар әдебиеті саласында қызықты хикаялар жанрының пайда болып , жаңа – жаңа \қанат жая бастауы. Шым – шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер тағдырлары мен табиғаты балалр ойын шынықтыра түсуге қалайда өзіңдік себебін тигізбек. Ал белгілі бір ұнамды ой айтуға бағытталған шұрайлы шгығарма баланың қалыптасуына әсер етіп, арман – қиялына, қимыл - әрекетіне түрткі болады.