13. М.Орманов атындағы орта мектеп
Оқу – ісі жөніндегі орынбасар – Ғ.Жумадилова
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны -256. Сынып комплектісі -18. Жалпыға білім беру айлығы пед. кеңесте жарияланып, қорытындысы қаралған. Сабақ кестесі кәсіподақ төрайымымен бекітілген. №10 мөлтекаудан дәптерінде оқушы саны сәйкес емес.10-сынып құжатына негізгі мектепті бітіргені туралы аттестат салынбаған.Журналдың жалпы оқу бетіне ауысып келген-кеткен оқушылар келді,кетті деп жазылған.
Ұсыныс:
1. Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту.
2.10-сынып құжатына негізгі мектепті бітіргені туралы аттестатты салу.
3. №10 мөлтекаудан есебін нақтылау.
4.Журналдың жалпы оқу бетіне келді,кетті деп жазбау,тек бұйрық №,мерзімін көрсету.
.
Әдістемелік қызмет:
Мектеп бойынша мұғалім саны- 43. Әдістемелік жұмыстар бойынша құжаттар толық жинақталған. Әдістемелік кеңес хаттамалары жазылған, материалдары толық. Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері аудан көлемінде. Тәлімгерлер жұмысы жандандыруды қажет етеді,3 тәлімгер тарапынан сабақтастық аз.
Ұсыныс:
1. Мұғалімдер тарапынан авторлық бағдарлама жазуға ықпал жасау.
2. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер жұмысын жандандыру,тәлімгерлер тарапынан сабақтастықты молайту.
3. Оқушыларды, мұғалімдерді облыс, республика деңгейіндегі байқауларға қатыстыру.
Зерделеу барысында кеткен- кемшіліктер бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Түзелетін кемшіліктер дер кезінде түзетілді.
Анықтаманы әзірлеген: Б.Сейіткеменова
А.Даутова
Достарыңызбен бөлісу: |