Қарқара орта мектебі
Оқу –әдістемелік істер жөніндегі орынбасар – Г. Құрманбекова
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны - 319. Сынып комплектісі -19. Алфавит кітабымен статистикалық мәліметтер сәйкес келеді. Алфавит кітабында 10 сынып оқушыларына қайта келгендігі туралы белгі қойылмаған. Сабақ кестесі кәсіподақ төрайымымен бекітілген. Жалпы оқу беті журналдың төменгі жағынан бекітілген. Барлық сынып журналдарында оқушылардың алфавит номері сызықша арқылы қойылған. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығында ҚР Білім туралы заңының баптары көрсетілмеген. Міндетті оқу құжаттары жалпылама жинақталған.
Ұсыныс:
1.Алфавит кітабына 10 сынып оқушыларына «қайтып келген» деген белгі қою.
2.Сынып журналдарының жалпы оқу бетін үлгіге сәйкес бекіту.
3.Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту.
4. Келген –кеткен оқушы бұйрығына ҚР Білім туралы заңының баптарын көрсету.
5. Сынып журналдарына оқушылардың алфавит номерін талапқа сай қою.
Достарыңызбен бөлісу: |