Бөлексаз орта мектебі
Оқу –әдістемелік істер жөніндегі орынбасар – К.Нүсіпақынова
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны - 168 Сынып комплектісі -11. Алфавит кітабымен статистикалық мәліметтер сәйкес келеді. Алфавит кітабында 10 сынып оқушыларына қайта келгендігі туралы белгі қойылмаған. 5 сынып журналында сабақ қалдырған оқушылар бола тұра , қалдырған сағат саны түспеген. Мұғалімдер 5,7 сынып журналына күн ретін тігінен қойған.Жалпыға бірдей білім беру айлығының қорытындысы кіші пед. кеңесте қаралған. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығында ҚР Білім туралы заңының баптары көрсетілмеген. Оқушылардың жеке іс –қағаздары директордың кабинетінде қалғандықтан көрсете алмады. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығы жалпы оқу бетінде толық мәтінмен жазылған. Сабақ кестесі кәсіподақ ұйымымен бекітілген.
Ұсыныс:
1.Алфавит кітабына 10 сынып оқушыларына «қайтып келген» деген белгі қою.
2.Сынып журналдарының жалпы оқу бетін аудан көлемінде бір үлгіде бекіту.
3.Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту.
4. Сынып журналының жалпы оқу бетіне ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрық № , мерзімін ғана көрсету.
5.Келген –кеткен оқушы бұйрығына ҚР Білім туралы заңының баптарын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |