Талды орта мектебі
Оқу –әдістемелік істер жөніндегі орынбасар – Г.Дауталиева
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны – 56. Сынып комплектісі -9. Алфавит кітабымен статистикалық мәліметтер сәйкес келеді. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығында ҚР Білім туралы заңының баптары көрсетілмеген.Алфавит кітабында 10 сынып оқушыларына қайта келгендігі туралы белгі қойылмаған. 5 сынып журналында сабақ қалдырған оқушылар бола тұра , қалдырған сағат саны түспеген. Сынып журналдарында алфавит номері сызықшамен қойылған. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығы жалпы оқу бетінде толық мәтінмен жазылған. Сабақ кестесі кәсіподақ ұйымымен бекітілген. 6 сынып журналында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен диктант,шығарма , изложение тақырыптары жазылмаған.
Ұсыныс:
1.Алфавит кітабына 10 сынып оқушыларына «қайтып келген» деген белгі қою.
2. Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту
3. Сынып журналының жалпы оқу бетіне ауысып келген-кеткен оқушылардың
бұйрық № , мерзімін ғана көрсету.
4. Келген –кеткен оқушы бұйрығына ҚР Білім туралы заңының баптарын көрсету.
5. 6 сынып журналына қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен диктант,шығарма , изложение тақырыптарын жазу
6. 5 сынып бойынша қалдырған сағаттың есептелуін қадағалау .
Достарыңызбен бөлісу: |