Әдістемелік қызмет:
Мектеп бойынша мұғалім саны- 24. Әдістемелік жұмыстар бойынша пән бірлестігінің хаттамалары қысқа жазылған. Бірлестік құжаттарында 2016-2017 оқу жылының материалдары жүр. Мұғалімдерде авторлық бағрлама жоқ. Онкүндік құжаттарында мұғалімдердің рейтингісі, ұсыныстар туралы мәліметтер жоқ. Мұғалімдердің жетістіктері жеткіліксіз. Жетістіктер аудан көлемінде, облыс , республика көлемінде жетістік жоқ. Бірлестік құжаттары жүйесіз.
Ұсыныс:
1. Мұғалімдерді облыс, республика деңгейіндегі байқауларға қатыстыру.
2. Бірлестік құжаттарын жүйелеу, онкүндік кезінде мұғалімдерге рейтинг жүргізу.
3. Мұғалімдер тарапынан авторлық бағдарлама жазуға ықпал жасау.
4.Әдістемелік кеңес хаттамаларын толық жазу.
7. Тасашы орта мектебі
Оқу –әдістемелік істер жөніндегі орынбасар – Г.Сәрсембаева
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны - 219. Сынып комплектісі -11. Алфавит кітабымен статистикалық мәліметтер сәйкес келеді.10 сынып оқушыларын 9 сыныптан кейін мектеп тізімінен шығарып,10сыныпқа қайта қабылдамағандықтан, алфавит кітабында 10 сынып оқушыларының алфавиті ескі, жаңа алфавит берілмеген, қайта келгендігі туралы белгі қойылмаған. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығы жалпы оқу бетінің екінші бетіне жазылған. Ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрығында ҚР Білім туралы заңының баптары көрсетілмеген.Сабақ кестесі кәсіподақ төрайымымен бекітілген.
Ұсыныс:
1.Алфавит кітабына 10 -сынып оқушыларына «қайтып келген» деген белгі қою, алфавит номерін реттеу.
2.Сынып журналдарының жалпы оқу бетін үлгі бойынша бекіту.
3 .Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту.
4. Сынып журналының жалпы оқу бетіне ауысып келген-кеткен оқушылардың бұйрық № , мерзімін ғана көрсету.
5.Келген –кеткен оқушы бұйрығына ҚР Білім туралы заңының баптарын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |