9.Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебі
Оқу – ісі жөніндегі орынбасар – Д.Жетібаева
Жалпыға бірдей білім беру құжаттары:
Мектеп бойынша оқушы саны -490. Сынып комплектісі -24. Жалпыға білім беру айлығы кіші пед. кеңесте жарияланып, қорытындысы қаралған. Сабақ кестесі кәсіподақ төрайымымен бекітілген. 5 сынып журналының 124 бетінде үйірме, қоғамдық жұмыс туралы мәлімет түспеген.
Ұсыныс:
1. Сабақ кестесін ата-аналар комитетінің келісімімен бекіту.
2. 5 сынып журналының 124 бетін толтыру.
Әдістемелік қызмет:
Әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасар- А.ҚимаділоваМектеп бойынша мұғалім саны- 67. Әдістемелік жұмыстар бойынша құжаттар толық жинақталған. Әдістемелік кеңес хаттамалары жазылған, материалдары толық. Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері жеткілікті. Тәлімгерлер жұмысы жандандыруды қажет етеді.
Ұсыныс:
1. Мұғалімдер тарапынан авторлық бағдарлама жазуға ықпал жасау.
2. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер жұмысын жандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |