Сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі


-ші сабақ. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Гаусс теоремасы



бет8/9
Дата22.12.2023
өлшемі162,93 Kb.
#198318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саба кезінде шы ару а та дап алын ан есептер. Бір са атта 5-6 е

12-ші сабақ. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Гаусс теоремасы


  1. Конденсатор пластиналарындағы зарядты 4 есе арттырса, энергиясы қалай өзгереді?

  2. Кернеулігі Е0=500 В/м біртекті электр өрісіне, өріске перпендикуляр қалыңдығы d=1 см және ауданы S=100см2 шыны пластинка ( ε=7) қойылған. Пластинкада шоғырланған электр өрісінің энергиясын анықтаңыз.

  3. Кернеулігі Е=18 кВ/м біртекті электр өрісіне күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен жасалған жазық параллель пластинка қойылған. Диэлектриктің Р поляризациялану векторының сан мәнін анықтаңыз.

  4. Зарядталған конденсатор ток көзінен ажыратылған. Егер астарлардың ара қашықтығын екі есе азайтса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?

  5. Өткізгіштерді параллель қосқанда, электр тізбегіндегі мәні өзгермейтін физикалық шама?

  6. Бір күш сызығында бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан нүктелердің потенциалдар айырымы 160 В. Біртекті электр өрісінің кернеулігі неге тең: Жауабы: 800 Н/Кл

  7. Кедергілері 5 Ом және 7 Ом болатын екі өткізгішті бір-біріне параллель жалғап, ток көзіне қосады. Егер бірінші өткізгіштен 20 Дж энергия бөлінсе, онда сол уақыт ішінде екінші өткізгіште қанша энергия бөлінеді? Жауабы: 28 Дж.



13-ші сабақ. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Зарядталған конденсатордың энергиясы

  1. q1=810-9Кл және q2=-610-9Кл нүктелік зарядтардың ортасында жатқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Зарядтардың араларының қашықтығы r=10см-ге тең, =1. Жауабы: Е=50,4 кВ/м.

  2. Жазық конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы U=90 В. Әрбір астарлардың ауданы S=60 см2, заряды q=1 нКл. Астарлар бір-бірінен қандай d қашықтықта орналасқан? Жауабы: 4,78 мм.

  3. Астарларының ауданы S=100 см2, арақашықтығы d=0.1 мм жазық конденсатордың С сыйымдылығын анықтаңыз. ε=7, ε0=8,85∙10-12 Ф/м. Жауабы: 6,2 нФ.

  4. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың ара қашықтығын неше есер өзгерту керек? [2 есе арттыру керек]

  5. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктеге орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді? [24 мкН]

  6. 20 нКл заряд потенциялы 700 В нүктеден потенциялы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істейді? [10 мкДж]

  7. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктеге орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді? [24 мкН]

  8. Қуаты 60 Вт шам 12 В-тық ток көзіне қосылған, ток күшін анықта: Ж: 5 А

  9. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 5мкФ, ал екіншісінікі 15мкФ. Екеуі де бірдей 30мкКл заряд жинау үшін, олардың пластиналарына қандай кернеу беру керек? Жауабы: 6В және 2В.

  10. Әрқайсысының заряды 3мкл екі зарядталған бөлшекті бір-біріне 60см қашықтықтан 20 см қашықтыққа жақындату үшін жасалатын жұмыс? (к=9∙109 Н∙м2 /кл2). Жауабы 0,27 Дж

  11. Радиусы 1 м, заряды 10 нКл сфераның центрінен 9м қашықтықтағы өріс потенциалы (k=9·109 Н·м2/Кл2) Жауабы 10 В.

  12. Зарядталған шардың бетіндегі өріс кернеулігі 130 В/м. Егер шардың радиусы 6,37 м болса, шар бетінің потенциалын табыңдар.(k=9·109 Н·м2/Кл2) Жауабы 828 В.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет