Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Сәлемдесу, түгендеу.
|
|
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Үйге берілген үй тапсырманың шығарылу жолы мен дескрипторын слайдтан көрсетеді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын педагог берген дұрыс жауаппен салыстыра отырып, дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
Дескриптор арқылы
3 балл
Дескриптор:
1. ХБЖ-ға келтіреді
2. Формуласын жазады
3. Есептеп, сандық мәнін алады.
|
Слайд
|
Тақырыпты ашу. «Фото-мозаика» әдісі.
|
Педагог оқушылардың алдына сурет қиындыларын таратып береді.
|
Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы «ЭЛЕКТР ӨРІСІ» сөзін табады.
|
|
Сурет қиындылары
|
Топқа біріктіру
|
Оқушыларға төңкерілген «электр» және «өріс» сөзі жазылған қағазды алғызып 2 топқа бөледі.
|
«Электр» сөзі қағазды алған оқушылар бірінші топ, ал «өріс» сөзін алған оқушылар екінші топ болып бөлініп отырады.
|
|
«ЭЛЕКТР» және «ӨРІС» сөзі жазылған белгілер және қағаз қиындылары
|
Сабақтың ортасы
10 мин
|
Оқушыларға үлестірме материалдар таратылады. 8 сыныптағы тақырыпты еске түсіру мақсатында.
|
Оқушылар таратылған материалды оқиды.
|
|
Үлестірме материалдар
|
Видео
|
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруі үшін видео көрсетіледі. Көрсетіліп біткеннен кейін 3 сұрақ қойылады:
1.Өрістің қандай түрлері бар?
2.Электр өрісінің суперпозиция принципі дегеніміз не?
3.Оның формуласы қалай анықталады?
|
Қол көтерген оқушы сұраққа жауап береді.
|
Мадақтау арқылы
ДҰРЫС жауабы:
1. Біртекті және біртекті емес.
2. Зарядтар
жүйесі
тудырған
электр өрісінің
кеңістіктің
берілген
нүктесіндегі
кернеулігі
зарядтың электр өрістерінің кернеулік-
терінің геометриялық
қосындысына
тең.
3. E=E1+E2+…En
|
Слайдтағы видео
|
Сабақты бекіту тапсырмасы
|
Екі топқа да бірдей есеп беріледі.
Есеп. +5 нКл және +4 нКл екі заряд бір-бірінен 3 см арақашықтықта орналасқан. Екінші зарядтан 2 см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдыз.
|
Оқушылар топ болып есепті шығарады. Әр топ басшылары қарсы топтың есептерін орын ауыстырып дескриптор бойынша тексеріп қате кеткен тұсын және жинаған балын айтады.
|
Дескриптор арқылы
4 балл
Дескриптор:
1. ХБЖ-ға келтіреді
2. Суретке зарядтардың электр өрісінің векторларын салып көрсетеді
3. Формуласын жазады және түрлендіреді
4. Есептеп, сандық мәнін алады
|
Слайд
|
Сабақтың соңы
5 мин
Қорытындылау
«ZipGrade» қолданбасы арқылы
|
Оқушыларға 3 сұрақтан тұратын тест береді. Оқушылардың жауабын педагог «ZipGrade» қосымшасы арқылы парақты сканерлейді. Нәтижесі тақтада автоматты түрде көрсетіледі.
|
Оқушылар тестке алдын ала дайындалған параққа слайдта көрсетілген сұрақтарға дөңгелекшені бояу арқылы жауап береді.
|
Бағалау парақты сканерлегеннен кейін автоматты түрде нәтижесі шығарылады. Әрбір дұрыс жауап берілген сұраққа 1 (бір) балл.
3 балл
|
«ZipGrade» қолданбасы, тестке жауапты белгілейтін парақ.
|
Кері байланыс
(Рефлексия)
«Padlet» қосымшасы арқылы
|
«Padlet» қосымшасы арқылы «3 Н» әдісімен оқушылардан кері байланыс алынады.
|
Берілген 3 сұраққа жауап береді.
3 сұрақ:
1. Нені білдіңіз?
2. Не қызықты болды?
3. Нені түсінбедіңіз?
|
|
Жеке ұялы телефон
|