Сабақ: Киім құмарлық Мектеп: №10жом Күні: 25. 04. 2017



бет1/2
Дата27.07.2017
өлшемі159,47 Kb.
#22046
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Сабақ: Киім құмарлық

Мектеп: №10жом

Күні:25.04.2017


Мұғалімнің аты-жөні: Бекеева Гүлайша

Сынып: 5 А


Қатысқандар:25

Қатыспағандар:--

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.ӘТН4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жұрнақ арқылы жасалған туынды және күрделі сөздерді ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Туынды және күрделі сөздерді ауызша тілдесім барысында қолданады

Кейбір оқушылар орындай алады:


Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданып, жаза алады

Бағалау критерийі


1. Мәтіндегі сөздердің грамматикалық

нормаларын сақтайды.

2. Ауызша және жазбаша жұмыста қолданады.


Дескриптор:

- сұхбат жанрының талаптарын еске түсіреді;

- жұбымен ақылдаса отырып, тірек сөздерді пайдаланып тақырыпқа сай мәтін құрайды

- мәтіннен туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданады;

-екі жақты күнделікте өз ойын білдіреді


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Киім, талғам, кербездік, ақымақтық

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Адам баласы, кербездің қылығы, пайдасыз құмар, жалбыраған жыртық

Талқылауға арналған сұрақтар:

Абайдың он сегізінші қара сөзін қалай түсіндің?

Шәкәрім Құдайберді өлеңі туралы өз ойың?

Бүгінгі жастардың киіміне көңілің тола ма?

Не себепті .... деп ойлайсыз?


Не себепті сән қууды дұрыс емес деп ойлайсың ?

ишара:

Нұсқау, мақұлдамау

Алдыңғы білім

Отандық бренд киімдер

Жоспар

Жоспарланған

жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

15мин


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Топқа бөлу: санамақ

3. Сергіту сәті: Ауадағы қимылдар

4. Миға шабуыл: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Құмарлық» өлеңін оқу. «Құмарлық» сөзінің мағынасын ашу, бүгінгі сабақпен байланысын сұрау.

Құмарлық деген бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.

Бай баласын көп көрдім,
Кедейлікті жек көрдім.
Сауық көрсем, құмар боп,
Мен де сүйтсем деп көрдім.

Мылтық атты, құс салды,
Домбыра кезіп, гормонь қолға алды.
Ауыл кезіп, ән салды,
Көрген адам таң қалды.

Дойбы, қарта - бәрі бар,
Жүз құбылған әні бар.
Киім біткен қынаулы,
Таңырқарлық сәні бар.

Мен де осындай болам ба,
Бола алмасам оңам ба?
Бар малымды шашсам да,
Жетпей қойсам соған ба!

Арпалыстым, алыстым,
Жағаластым, жарыстым.
Дәл өзіндей болған соң,
Озамын деп қарыстым.

Жеттім, оздым - жер білді,
Маңайдағы ел білді.
«Бәрекелді, батыр», - деп,
Қыз-бозбала сол күлді.

Мақтағанға бу ала,
Селкілдедім дуана.
Баяны жоқ, пайдасыз
Бір сағымды қуала.

Әлі келем далақтап,
Қызыл тілім салақтап.
Менен озған кім бар деп,
Алдыңғы жаққа алақтап.

Қара көрсем, кетемін,
Жетуге талап етемін.
Пайдасында ісім жоқ,
Не де болса жетемін.

Заман өтті, жас өтті,
Қайрат, өнер бос кетті.
Абұйыр жоқ, сана жоқ,
Өз басыңа не жетті?

Естігенді ұға бер,
Ыдысың болса - тыға бер.
Пайдасыз болса құмарың,
Сілкініп тастап шыға бер.


Интербелсенді тақта

Қағаз , маркер, қала атаулары



Ортасы

20мин


Тапсырма: «Т кестесі» арқылы берілген мәтіннен жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді теріп жазу, ауызша ойын жеткізу

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратпай кимей, таза кимек-дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.


Ой тастау: «ЖЫРТЫҚҚА ҚҰМАРЛЫҚ САНАМЫЗҒА СЫЗАТ ТҮСІРМЕСІН» мәтінін таратып беру


Тапсырма: «Екі жақты күнделік»

Менің ойым

Менің пікірім

Талғамға талас жоқ




Сандырақ сән




Жыртық киім




Байлықтың өлшемі




Сұлулықтың өлшемі






Флипчат , маркер

Соңы

10мин


Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек»

Үйге тапсырма: «Киіміңе қарап қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіңдер ме? Екі жақты күнделікпен ойларыңды туынды және күрделі сөздермен дәлелдеп жаз

Рефлексия: «Жылан» әдісі





Қосымша ақпарат





Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).







Технология

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озбақ. Одан басқа нәрсемен оздым дегені - ақымақтық

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері



орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту



мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?



1:

2:




Талғамға талас жоқ. Десек те жастардың басым бөлігі осы бір шұрқ тесік шалбарды жақсы көреді. Осындайда баяғы Қожанасыр­ еске  түседі.  Асқа жыртық киіммен барса, ешкім жақтырмай, ал бүтінін  киіп келгенде халық жапырылып төрден орын беретіндігі бар емес пе? Бүгінгі жұртқа сол Қожанасырдың жыртық киімі қадірлі болып тұр. Байлықтың, сұлулықтың өлшемі жыртық киім болса да, санамызға  сызат  түсірмесін.

ЖЫРТЫҚҚА ҚҰМАРЛЫҚ САНАМЫЗҒА СЫЗАТ ТҮСІРМЕСІН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет