Сабақ Күні: 11. 04. 2017 Сабақтың тақырыбы: Металдар,табиғаттағы металдар қосылыстары Сабақтың мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі166,05 Kb.
#14801
түріСабақ
Бекітемін: САБАҚ Ж О С П А Р Ы
Пән: Химия 10 сынып ЖМБ

Сабақ Күні:11.04.2017


Сабақтың тақырыбы: Металдар,табиғаттағы металдар қосылыстары

Сабақтың мақсаты: Металдардың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері және маңызды қосылыстарымен таныстыру.

Білімділік:

  • Металл элементерді жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:

  • Металдарды бейметалл элементтерден ажырата білу дағдыларын дамыту;

  • металл туралы білімдерін толықтырып, дамыту;

  • есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: 

  • оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

  • экологиялық, экономикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ-жауап, есептер шығару, сәйкестендіру,санжұмбақ,химиялық диктант,тест жұмыстарын орындау т.б.

Сабақтың пәнаралық байланыс: физика, биология, география, тарих т.б.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, периодтық жүйе, металдардың электрохимиялық кернеу қатары,мыс және мыс құймалары,интерактивті тақта,бағалау смайликтер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

  • оқушыларды психологиялық дайындау.

    • Амандасу.

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    • Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

    • Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

    • Сынып оқушыларын топқа бөлу,топ басшысын сайлау.

Үй тапсырмасын сұрау:

Алдынғы сабақтан ҮІ тарауға қысқаша түсінік сұрау.

1.Периодтық жүйені ашқан кім?қай жылы? (Д.И. Менделеев,1869 жылы)

2.Периодтық жүйеде барлығы неше элемент бар? (110элемент)

3.Металдар саны? (88)

4.Бейметалдар саны? (22)

5. d-элементерді ата

6. Ең жеңіл металлды ата (литий )

7.Ас содасының формуласы қандай? (NaHСO3)

8.Судың жалпы кермектігінің жіктелуі? (тұрақты және уақытша)

9.Кермек су деген не? ( Құрамында гидрокарбонаттар бар су. )

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

- оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.



  1. Сілтілік металдар:

    • Литий

    • Натрий

    • Калий

    • Рубидий

    • Цезий

    • Франций

  2. Сілтілік-жер металдар:

    • Магний

    • Кальций

    • Стронций

    • Барий

    • Радий

  3. Амфотерлі металдар (екідайлы):

    • Алюминий

    • Галлий

    • Қорғасын

    • Қалайы

    • Бериллий

    • Мырыш

  4. Бағалы металдар:

    • Рутений

    • Родий

    • Палладий

    • Осмий

    • Иридий

    • Платина

Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:


  • Al (8,1%)

  • Fe (4,65%)

  • Ca (3,6%)

  • Na (2,64%)

  • K (2,5%)

  • Mg (2,1%)

  • Tі (0,57%)

  • Mn (0,1%)

  • Ba (0,05%)

  • Sr (0,03%)

  • Қалғандары (0,1365%)

Металдардың физикалық қасиеттері


Металл кристалындағы атомдар, иондар "электрон газымен" берік ұсталып, металдық байланыс түзеді дедік. Кристалдағы бос электрондарға тəуелді металдар белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттерге жылу жəне электрөткізгіштік, металдық жылтыры, иілімділігі, т.б қасиеттері жатады.

Электр жəне жылуөткізгіштігі


Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тогя пайда болады. Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн

Металдық жылтыры


Бұл металдардың өзіне тəн қасиеттерінің бірі-оны адамдар өте жоғары бағалап, кейбір көркемөнер туындыларын жасауға пайдаланады. Металдың бəрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры бар. Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.

Иілімділігі (пластикалығы)


Металдарды соққанда, ұсақ түйіршіктерге бөлініп шашырап қалмайды, небəрі пішінін өзгертіп тапталады не жанашылады, яғни соғуға төзімді пластикалық қасиетін, иілімділігін көрсетеді.

Балқу температурасы


1000° жоғары температурада балқитын металдарды қиын балқитын, ал одан төмен болса, оңай балқитын деп бөлінеді. Ең оңай балқитын металл-сынап оның балқу температурасы 38,9 градус. Ең қиын балқитын металл-вольфрам, оның балқу температурасы 3390 градус, сондықтан оны элеткр шамынынң сымын дайындау үшін қолданады.

Металдардың химиялық қасиеттері


Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:

Жай заттармен:


  1. 2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы

  2. Fe + S = FeS темір (II) сульфиді

  3. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.

Күрделі заттармен:


Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.

2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2



Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді

Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2

Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O

4Mg + 10HNO3 (сұйық) = 4Mg(NO3)2+ NH4NO3 + 3H2O

Ag + 2HNO3 (конц.) = AgNO3 + NO2↑ + H2O

Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.

Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg

Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu

2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti



Металдар оксидтермен әрекеттеседі:

2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe

Mg + CO2=MgO + CO

Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:

Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2

2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl


Металдарды алу әдістері


Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.

Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.

Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.


  • Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;

  • Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);

  • Мn - Қаражал, Жезді;

  • Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;

  • Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;

  • Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов, Сарыбай, Лисаковск;

  • W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);

  • Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;

  • Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:

  1. пирометаллургия,

  2. гидрометаллургия,

  3. электрометаллургия.

Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.

Металлургия


Металлургия – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

  • Металлургияға кендерден металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату, байыту, кесектеу, т.б.);

  • кентастар мен басқа материалдардан металды бөліп алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту;

  • металдар мен қорытпалар өндіру;

  • металдарды термиялық, химия-термиялық және термомеханикалық өңдеу;

  • металдарды қысыммен және құймалап өңдеу;

  • металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау, т.б. жатады.

Түсті және қара металлургия, галламды, өте жоғары температурада (2000 – 20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін металлургия болып ажыратылады; орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қара металлургия – қара металдар өндіру барысында кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуды қамтитын металлургия саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаттарында комбинатында өндіріледі.

Түсті металлургия – кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпаларын алу өндірісін қамтиды. Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды.

Галламды металлургия – су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары жасалды.



Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады. Плазма металлургияда қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет.[1]

Постер қорғау
І-ТОП: Металдарға жалпы сипаттама

ІІ-ТОП: Металдар және олардың қосылыстары

ІІІ-ТОП:Металдардың маңызы

«Сиқырлы сандықша»

Лабораториялық тәжірибелер көрсету

Есептер шығару:

І-топ:Массасы 40грамм мыстың мыс (ІІ) оксидімен қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда,6 грамм су түзілді.Қоспадағы әрбір құрауыштың массалық үлесін анықта. (32,5)

ІІ-топ: 40 грамм 10%-тті мыс сульфаты натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген мыс (ІІ) гидроксидінің массасын есепте (2,45)

ІІІ-топ: Массасы 78 г жез (мыс+мырыщ) құймасы тұз қышқылынан 13,44 л (қ.ж.) газы ығыстырды. Құймадағы мыстың массалық үлесін (% есебімен) табыңдар.

«Санжұмбақ» ойыны

І-топ: 2-2,50-3,60-3,1-3,50-3,1000-1

ІІ-топ:90-3,60-1,6-2,6-1,1000000-2,6-4

ІІІ-топ:1000-1,2-1,6-3,60-1,50-2,6-2

Жауабы:

  1. Купрум

  2. Қалайы

  3. Металл


ІІІ. Қорытындылау.

Алты ойлау қалпақтары



Әр типтің қысқаша сипаттамасы:

 

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.



Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?



Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 



 

Көк қалпақ

Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?



 


ІҮ. Оқушының білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма: Металдар,табиғаттағы металдар қосылыстары тақырыбына реферат жазу


АШЫҚ САБАҚ
№8 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:Металдар,табиғаттағы металдар қосылыстары

Химия пән мұғалімі:Мергенбаева Р.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет