Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері Тақырыбы: Бастауыш сытыпта көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі педагогикалық пән ретінде Мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттерін айқындау
Жоспар:
1. Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Пәннің мақсаты мен міндеттері,
Пәннің басқа пәндермен байланысы
Білім берудің парадигмасы өзгеріп, мазмұны жаңарып жаңаша көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Үкімет тарапынан білім беру саласындағы оқу орындары мен мектептерде өтілетін барлық пәндер сұрыпталып, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша «Білім туралы» Заңының тұжырымдамалары қайта жасалуда. ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті бала тұлғасының рухани және дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетін дамыту барысында жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту болып табылады. ХХІ ғасырда жалпы білім беретін мектепте оқушының жеке өзін үйлесімді дамытуға бағытталған жаңа үлгісін таңдау міндеті тұр.
Осыған орай бастауыш мектепті бітірген бала ХХ ғасырдағы өз замандастарымен салыстырғанда оқу іс әрекетінің жоғары деңгейлілігімен, өз бетімен оқу және өзін өзі дамыту арқылы білімді, еңбексүйгіш, патриоттық құндылықтар жүйесін игеру яғни тұлғаның барынша жан жақты даму үрдісінің маңыздылығын сезіну біліктілігімен ерекшеленуі тиіс.
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін көркем еңбекті сабағы жасөспірім оқушылардң ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Бастауыш сыныптарда өтілетін көркем еңбекті сабағында оқушыларға еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мұғалімдерге төмендегі міндеттерді жүктейді:
еңбек біліктілігін, бейімділігін қалыптастыру арқылы көркем қызығушылығын ояту, мінез-құлқын тәрбилеу;
оқушылардың әр түрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі ісжүзілік дағдысын қалыптастру;
техникалық олау қабілетін дамыту, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету, көркемдік шығармашылығын дамыту.
Еңбек сабағы мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді.
Көркем еңбекті сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниемтанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.
Бұл курс бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың тарихы курсы мен тығыз байланысты жүргізіледі. Көркем еңбекті сабағында оқушылар басқа пәндермен алған білім, біліктілігін бекітеді, өз кезегінде, басқа пәндерді өту кезінде ой қорытындылауға көмегін тигізетін техникалық-технологиялық сөз қорын, нақты ұғым, бейне мен түсінік жинақтайды.
Бұл пәнді оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар жүзеге асады:
қазақ тілі (сауат ашу) оқушының сөздік қорын молайтуда, көркем қатысты терминдерді игеруде, орындалған жұмыстың нәтижесін ауызша жеткізуде т.б.
бейнелеу өнері, заттың пішінін, түсін, түрін салыстыруда, құрастыру, желімдеу,
бояу, безендіру, әрлеу кезінде сонымен қатар жасалған бұйымның көркемдігін көріп, сезіне білуде, оқушылардың көркемдік шығармашылығын және арнаулы біліктерін дамытуда жүзеге асса, математика, дүниетану пәндерін оқытуда да сабақтастықтар жүзеге асады. Мысалы, математика сабағын алсақ, мұнда шамаларды өлшеп, бұйым жасау барысында өлшем бірліктерін қолдана білуде, оқушылардың өз іс-әрекетін жоспарлауда, пішін, зат құрастыруда логикалық ойлауды дамытуда байқалады.
дүниетану де адамның табиғаттағы, қоғамдағы орнын білуде, адам өмірі мен
еңбегінің табиғатпен қоғаммен өзара байланыстылығын көрсетуде байқалады. Сондай-ақ мал бағу, бақша, егіс егу сияқты ауылшаруашылығының ерекшелігімен, оған қатысты мамандық түрлерімен танысуда пәнаралық байланыс жүзеге асады.