Сабақтың тақырыбы: Үй құстарын және төлдерді күту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Жас төлдерді күте білуге, оларды аялы алақандарға салып күтудегі мейірімділікті қажет ететіндігін түсіндіріп ынта-жігерін қалыптастыру.
Сабақтың әді-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Үй қүұстарының суреттері, жас төлдерді күтудегі серттері бейнеленген плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Сабақ барысында рет-ретімен көркем құралдарды жүйелей отырып, толықтырамыз. Жаңа сабақтың тақырыбына қатысты үй құстары, қоректік тағамдары және неліктен үй құстары деп аталатынын мұғалім оқушылардан сурап, анықтап алады. Үй құстарының пайдасына, мал ішіндегі төрт түліктің төлдерінің ерекшеліктеріне тоқталып, көптеген мағлұматтар берілуі тиіс. Құстардың балапандары өте нәзік келеді. Олар жұмыртқаларын астына басып, бірнеше күн өз жылуларымен балапандарын шығарады. Олардың күтімі жақсы болса, өнімдері де жоғары болады. Бұл құстарды адамдар әр құрлықта алғашқы рет үйде асырауға бейімдеп үйрете бастаған. Үй жануарларының жас төлдері қалай аталады, оларға ерекше қандай күтім керек екендігі түсіндіріледі. Ертеден қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып, келгендіктен оларға күтім жасауды , балаларды еңбек ете білуге ерте бастан бейімдеу болып қалыптасып келген. Дегенмен қазіргі кезде қала мен ауыл балаларының үй жануарларына деген қамқорлығы мен көзқарасы екі түрлі. Оның үстіне әрбір үйде үй жануарлары бола бермейді. Сонда да болса, үй жануарларын күту, олардың сүтін, етін жеп отыратындықтан ерекше көңіл бөлетіндіктеріне мән берілуі тиіс.
Әрбір үйдің жануарларын жақсы күтіп бағатын болсақ, олардың күйі де, өнімдері де мол болатыны туралы оқушыларға мағлұмат беру. Үй жануарларына төлдей кезінде арнайы көңіл бөлініп, оларды жеке оқшаулап, күнделікті күтім жасауды қажет етеді. Сабақ барысында дәптерлеріне үй жануарлары төлдерінің атын жазып үйретуді талап ету ккерек. Сабақ соңында қорытынды сұрақтар беріп, үйге үй жануарларының суретін салуға тапсырма беріледі.
Сондай-ақ осы бөлімде оқушылардың көркемдік шығармашылығы қалыптаса бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |