Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Дәріс-11 Тақырыбы: Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары



бет17/26
Дата14.09.2023
өлшемі81,76 Kb.
#181072
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
лекция

Дәріс-11
Тақырыбы: Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларыларының мәнін ашу
Жоспары:

  1. Оқытудың жаңа технологияларына сипаттама

  2. Көркем еңбекті сабағында жаңа технологияны тиімді пайдалану

Білім беру жүйесінде қазіргі таңда түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соңғы кездерде «Педагогикалық технология» жөнінде түрлі ой-пікірлер, көзқарастар айтылып жүр. Педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп, жүйелі пайдалану. Әр педагогтың бүгінгі таңдағы негізгі міндеті болып отыр.


«Педагогикалық технология» дегеніміз не?

  • Технология дегеніміз – жүзеге асатын нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған жобасы. Бұл нақты жоба әрине педагогикалық жүйе арқылы тәжірибеде жүзеге асады. Сондықтан педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі

  • Педагогикалық технология сонымен қатар жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің әмбебап жүйесі деп те айтылады.

Қазіргі таңда мектеп ұлттық мәдениетті сақтау және рухани адамгершілік тәрбие мен саналы білім беру арқылы жас ұрпақты оқыту тәрбиелеудегі жүзеге асыратын орталыққа айналды. Осыған орай қазіргі мектептердің мақсат міндеттері өзгерді. Олар – мемлекеттік білім стандартына сай білім беру, жеке тұлғаны шығармашылық деңгейде дамыту, оған қолайлы жағдай жасай отырып, жаңа педагогикалық технологияларды әр баланың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалану.
Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Қазіргі таңда құрастырылып, жарық көрген төл оқулықтарымыз «Атамұра» оқыту мақсатына жетуге сай құрастырылған деп атауға әбден болады. Себебі оқулық мазмұны мақсатты білім алуға, яғни дарынды баланың шығармашылық қабілетін асыруға негізделіп құралған.
- оқулық мазмұнын негізге ала отырып «Саралап, деңгейлеп» оқыту әдістемесін бастауыш сыныптарда (I-IV) пайдалану өте тиімді.
I деңгей. (Саты) Міндетті деңгей. Міндетті деңгейдегі тапсырма барлық оқушыға айқын түсінікті болуы шарт, ол деңгейді барлық оқушы меңгеруі тиіс.
II деңгей. (Саты) Мүмкін деңгейі. Мүмкін деңгейде кейбір ситуациялар түсініксіз, бірақ оны оқушы мұғалім көмегімен шешуі тиіс.
III деңгей. (Саты) Эвристикалық деңгей. Мақсат айқын, ситуация түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, жаңа мәліметті өз еңбектерімен алса ол евристикалық деңгей.
IV деңгей. (Саты) Шығармашылық деңгей. Мақсат жалпы емес, жалпылама, оқушы мақсатты айқындап сол арқылы шешуге кіріседі, жаңа білім игеріледі, тың мәлімет шешіледі.
Бұл педагогиалық технологияның (саралап, деңгейлеп) тиімділігі. Мұғалім сыныптың, соның ішінде әр баланың деңгейін анықтайды. Әр баланы шығармашылық деңгейге жетелеуге жұмыс жүргізеді. Шығармашылық сатыға жету жолдраы тек мұғалім арқылы ғана емес, оқушының өзі іс әрекеті арқылы жүзеге асады. Технологияның тиімділігі осында.
Бал білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге көтеруде дамыта оқыту, проблемалық оқытудың ролі ерекше.
- дамыта оқыту әдістемесі – жеке тұлғаны қалыптастыру негізі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы – олардың білімі мен дағдыларының ережесі ғана емес, сонымен бірге, баланың ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу-тәрбие процесін жолға қою болып саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Мұнда сабақ құрамдас үш бөліктен тұрады.

  1. Оқу мақсатының қойылуы

  2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыру

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу

Оқушы алдына ешқандай дайын үлгі берілмейді. Әр оқушы шешімін жинақтап дәлелдейді. Мұғалімнің қызметі ұйымдастырушы, бағыттаушы.
Бұл технологияда білім мен жаңа ұғым әр уақытта ұштастырылады. Соңғы кезең – ой толғаныс, мұнда оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Дамыта оқыту әдістемесі, ең алдымен баланың бойында нені дамыту керек деген сауалнамаға жауап іздестіреді.
Түйсігін, сезімін
Ынтасын, қабылдауын
Зейінін, еске ұстауын
Ұғынуын
ойлау, қиялдау, болжау, қабілетін
Ерік – қайратын
Оқу, іс-әрекетін, дағды, машықтарын
Өз бетінше ізденіс, жауапкершілігін
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық шығармашылық ойын дамытуда қолданылатын тәсілдердің бірі – проблемалық оқыту.
Проблемалық оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар

Мұндағы мақсат тек проблемалық ситуацияны шешу ғана емес, қойылатын сұрақ мүлдем басқаша болуы тиіс. Өйткені оқушы қойылған сұрақ бойынша жорамал, жоба ұсынуы керек, шешудің дұрыс тәсілін таңдап алуы шарт. Проблемалық талдау нақты бір сұрақ әзірлеуді қажет етеді.
Қорыта айтқанда қазіргі әрбір мектеп, ұстаз оқу – тәрбие процесінің ең тиімді меңгерілу жолын іздейді және оқушы деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруді көздейді.
Ендеше Педагогикалық технология дегенім – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір жүйенің жобасы (В. П. Беспалько) дегендей педагогикалық технологияны оқу – тәрбие процесіне енгізу ең тиімді жол болып табылады.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет