Бақылау - кең көлемде бiр нəрсенi тексеру деген мағынаны бiлдiредi. Бақылау оқыту процесiнде оқушы-лардың оқу əрекетiне басшылық жасау қызметiн атқарады, олардың творчестволық күшi мен қабiлетiнiң дамуына ықпал етедi.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлiгi жəне қорытын-дылау сатысы. Бағалау, бiр нəрсенiң деңгейiн, сапасын, дəрежесiн белгiлеу. Оны оқушының оқу-таным əрекетiнде қарастырсақ оқыту процесiнiң мiндеттерiн оқушылардың қандай дəрежеде меңгеруi, дайындық деңгейi мен дамуын, бiлiмдерiнiң сапасын, бiлiк пен дағды көлемiн анықтайтын құрал.
Келесi кезекте бiлiм, бiлiк жəне дағдыны бақылау жəне бағалау қызметiне тоқталамыз. Ол негiзiнен үш жақты сипатта болып келедi: бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту.
Бақылаудың бiлiм беру қызметi негiзiнде оқушылар жаңа бiлiмдердi қабылдайды, бұрын алған бiлiмдерiн толықтырып, жетiлдiрiп, белгiлi бiр жүйеге келтiредi.
Тəрбиелiк қызметi оқушыларды жүйелi түрде жұмыс iстеуге үйретедi. Бақылаудың нəтижесiнде олар күнделiктi сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершiлдiк сезiмдерi артады.
Дамыту қызметiнiң маңызы сол, оқушылар өз бетiнше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа бiлiмдердi қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар əзiрлейдi, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметi үш топқа бөлiнедi: хабарлау-шылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тəрбиелеушiлiк (воспитывающие).
Бiрiншi топ өз алдына: белгiлеп қоюшылық (фик-сирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келедi. Бұл топтың u1179 .ызметi бiлiм, бiлiк жəне дағдыны бағалауды, əрбiр бағаның көрсет-кiштерi мен өлшемдерiне мұғалiм мен оқушылардың арқа сүйеуi жағдайында iске асады.
Екiншi топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушiлiк (регулирующая), дəлдеп түзетушiлiк (коррек-тирующая) болып келедi. Осы топты жүзеге асырудың қажеттi шарты бағадағы көрiнiс тек қана оқытудағы қол жеткiзiлген нəтиженiң мөлшерi ғана емес, сонымен бiрге сапасын белгiлейтiн көрсеткiш.
Үшiншi топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келедi. Бұл топтың қызметiнiң нəтижелi болуының кепiлi, баға оқытудың нəтижесiн нақты бейнелей бiлуде.
Достарыңызбен бөлісу: |