Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет15/26
Дата14.09.2023
өлшемі81,76 Kb.
#181072
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
лекция

Оқытушыларға арналған нұсқаулар:

  1. Оқушылармен қарым-қатынаста аса зерделі болған жөн.

  2. Өзіңіздің психологиялық құзырлығыңызды бейімділігіңізді де дамытуды ескеріңіз.

  3. Сабақтан соң өзіңізге есеп беріңіз.

  4. Өзіңіздің және балалардың қателігін жазып, сабақты жетілдіру жолдарын қарастырыңыз.

  5. Өз сабағыңызға тәжірибелі әріптестеріңізді шақырыңыз, өзіңіз де олардың сабағына қатысып отырыңыз.

Дәріс- 10
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағын сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастыру
Мақсаты: Студенттерді сыныптан тыс жұмыстармен таныстыру және оны ұйымдастыру мен басқару әдістемесін үйрету
Жоспар:

    1. Сыныптан тыс жұмыстардың жіктелуі

    2. Көркем еңбекті сабағында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

Көркем балу бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады.. Сондай-ақ, көркем еңбекті сабақтарындағы оқушылардың көркемдік шығармашылығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың заңды жалғасы болады.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқу барысында жүзесе асырылатын тәрбиені толықтырып, кеңейтеді және тереңдете түседі. «Сыныптан тыс жұмыс» термині көп жағдайда сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің мектеп оқушыларымен жүргізетін тәрбие жұмыстарын білдіреді. Ал, «мектептен тыс жұмыс» термині арнайы мектептен тыс мекемелердің жүргізетін тәрбие жұмыстарын білдіреді.
«Сабақтан тыс» және «оқудан тыс тәрбие жұмысы» терминін кең мағынада қарастырып, синоним ретінде сабақтан және оқудан тыс уақытта оқушылармен жүргізілетін барлық тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларын қамтитын тәрбие жұмысы.
Балалармен мектептен тыс уақытта жүргіілетін жұмыстың ғылыми-педагогикалық негізін Н.К.Крупская салған.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі мақсаты– балалардың түрлі білім саласы мен іс-әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту және тереңдету. Сондай-ақ, оқушылардың қабілеттері мен таланттарын ашу және әрі қарай дамыту, олардың қоғамдық және танымдқ белсенділіктерін тәрбиелеу, бос уақыттарын дұрыс, тиімді, мәдениетті ұйымдастыру.
Көркем еңбекті бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарың негізгі міндеттері төмендегідей:

  • бастауыш сынып оқушыларының практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу;

  • логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту;

  • бастауыш сынып оқушыларының көркемдік шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • неғұрлым қабілетті және дарынды оқушыларды көрсете білу, олардың ой-өрісіне әрі қарай дамуына көмектесу;

  • еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

  • көркем еңбекті сабағына қызуғышылығын арттыру; балаларды қызықты шығармашылық жұмыстарға тарту.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшелігі:

  1. сыныптан тыс ұмыстар еріктілік принципінде құрылады;

  2. оқушыларға баға қойылмайды.

Сыныптан тыс жұмыстар еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет