Дәріс-15 Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік шығармашылығын қалыптастыру жұмыстары Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбекті сабағында көркемдікке баулып, шығармашылығын дамыту
Жоспар:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері туралы түсінік
Көркем еңбекті негізінде оқушылардың көркемдік шығармашылығын дамыту негіздері
Шығармашылық – оқушынығң танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыдан басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Бұл туралы әйгілі қоғам қайраткері, психолог Жүсіпбек Аймауытов былай дейді.
Өмірде ешбір ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады. Сол қабілет қандай іске керектігін біліп алу керек. Бір іске олақ адамды ешнәрсеге икемсіз, мүлдем топас деуге болмайды. Рас, адамның көбісі іске тұрлаусыз табансыз келеді. Әр адамның өмір ағымын зерттесек, түрлі қабілеті түрлі мезгілде өсіп-өнетінін байқаймыз. Адамның талабы тез іске асу үшін сыртқы шарттардың жағымдылығы мен сүйегіне біткен қасиеті керек болады.
Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Психолог Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология» еңбегінде: Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті, - деп пайымдайды.
Қабілет екі түрлі болып келеді: 1. Репродуктивтік – адам білім игеруге, іс- әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, 2. Шығармашылық – жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілетті дамытудың ең негізгі факторы - еңбек. Адам неғұрлым еңбекқор болса, ойлаған ісін ешбір жалықпай орындайтын болса, оның соғұрлым қабілеті жақсы дамитын болады.
Белгілі физиолог И.П.Павловтың пайымдауынша адам қабілетінің әр түрлі болып келуі оның сигнал жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Сигнал жүйесінің типтік ерекшеліктері психикалық әрекеттің кез-келген түрінен байқалады және олар өмірде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Осы типтің кез-келгенінің негізінде қабілетті жан – жақты дамытып отыруға болады. Қабілеттің қандай түрі болмасын, өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тері төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Осыдан келіп, белгілі бір қабілетті қалыптастыру үшін кез-келген адамға еңбек ету қажет.
Қабілетке ең жақын қасиет бейімділік. Психолог Қ.Жарықбаев: Қабілет пен бейімділік көп жағдайда бірге болады, - дейді.
Адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Әсіресе, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәкес қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Ал бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған ерекше көңіл аударуы оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықта да баланың кішкентайынан көзге көрінген бейімділік –болашақта қабілеттің көрсеткіші екенін ескере отырып, баланың бейімділігін дер кезінде байқап, анықтап соған сәйкес қабілетті дамыту қажет.
Оқушының шығармашылық қабілетінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Белгілі ғалым И.Д.Левитановтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады дейді.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалтып отыратындығын түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға керектігін ескертеді.
Шығармашылық қабілеттілік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Шығармашылық қабілеттілік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қабілеттілік адам өмірін жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнатады.
Шығармашылық қабілеттілік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік жігерінің, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік шығармашылығын дамытуды үш түрлі бағытта жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық, мазмұнды және тұлғалық.
Бірінші жағдайда көркемдік шығармашылықты қалыптастыруда оқытудың түрлі формаларын дұрыс ұйымдастыру, құралдарын және педагогикалық үдерістің тиімді әдістерін қамтамасыз етілмек.
Екінші бағытта, бастауыш білім жағдайында бүкіл оқу-тәрбие үдерісінің мазмұндық тұтастығын бейнелейді. Ал, үшінші жағдайда субъектінің шығармалыққа үйретуді тұтас қабылдауын қамтиды.
Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік-шығармашылығын қалыптастыру тек оқу бағдарламасымен шектеліп қана қоймайды. Сабақпен қатар сыныптан тыс жүргізілетін көркем еңбекті жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Көркем балу бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бүкіл оқу үрдісінің құрамды бөлігі болып табылады.. Сондай-ақ, көркем еңбекті сабақтарынғы оқушылардың көркемдік шығармашылығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың заңды жалғасы болады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – балалардың түрлі білім саласы мен іс-әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту және тереңдету. Сондай-ақ, оқушылардың қабілеттері мен таланттарын ашу және әрі қарай дамыту, олардың қоғамдық және танымдқ белсенділіктерін тәрбиелеу, бос уақыттарын дұрыс, тиімді, мәдениетті ұйымдастыру
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар тек оқушыларды қызықтыруды ғана көздемеуі керек. Онда міндетті түрде көркемдік, эмоционалдық ойын, романтика болуы керек.
Көркем еңбекті бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарың негізгі