Дәріс-14 Тақырыбы: Шағын комплектілі мектепте көркем еңбекті оқыту үрдісі Мақсаты: Шағын комплектілі мектептерде оқу тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға үйрету
Жоспар:
Шағын комплектілі мектептің оқу тәрбие үрдісінің ерекшеліктері
Шағын комплектілі мектепте көркем еңбекті сабағын өткізу тәсілдері
Шағын комплектілі мектептерде оқытудың ерекшеліктері өз алдына күрделі. Шағын комплектілі мектептерді оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру оқушылардың білімді тиянақты игеру дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдеріне талдау жасауда ерекше маңызды болып отыр.
Негізінен шағын комплектілі метептерде екі немесе оданда көп сыныптардың сабақтары бір сынывтың ішінде жүргізіледі. Оның себебі әр түрлі болуы мүмкін:
сабақ беретін мұғалімнің жетіспеушілігі т.б. Мұндай мектептер көбіне ауылдық жерлерде кездеседі. Қазіргі кезде де шағын комплектілі меткептердің саны аз емес. Бұл еліміздің аса күрделі мәселелерінің бірі.
Шағын комплектілі мектептерідің басты міндеттері:
2-3 сыныптарда бір пәннің бір мезгілде оқытудың тиімді жолдарын белгілеу;
Сабақ құрылысының негізгі кезеңдерін бір жүйеге келтіру;
Сабақ үстінде уақытты тиімді пайдалану жолдарын анықтау;
Тақырыптық жоспар бойынша екі пәннің үйлесімділігін табу.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын басқару, Дидкатикалық топтамаларды дайындау, сюжетті суреттер бойынша балаларды жүйелі сөлеп, шығармашылық жұмыстар жасауға үйрету әдіс-тәсілдерін білу, көркем еңбекті сабағында халық ауыз әдебиетін ұтымды пайдалану, сыныпта және сыныптан тыс уақытта көркем еңбектідан бұйымдарды көркемдеп жасауға үйретуу шараларын белгілеу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жатады.
Шағын комплектілі мектептің оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану ең маңызды мәселелердің бірі. Уақытты дұрыс пайдалану үшін мұғалім істі ең алдымен, орындалатын жұмыс түрлерін: тақырыптық сабақ жоспарын, сабақта қолданылатын дидактикалық материалдарды, схема, үлгі-бұйым, суретті топтамалар, табиғи материалдар сериясын – күні бұрын дайындап алудан бастайды. Бұл жерде уақытты дұрыс пайдаланудың оқушылардың сабққа қызығушылығына, ынтасына елеулі ықпал жасайтынын ескеруі керек. Мысалы, оқушылар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма беріледі. Бұл кезде басқа сыныптың оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады.Сабақтың құрамдас бөлігі үй-тапсырмасын беру екендігі белгілі, оны жан-жақты ойластырып, түсіндіріп не нәрсеге баса көңіл бөлу керектігін ескертіп беру керек. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушылардың білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындайтындарын бақылап, жұмысын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап ететін мәселелер.
Сабақ кестесін жасау. Шағын комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысындағы негізгі бір мәселе – сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, сонымен қатар әр сыныптағы сабақ уақытын орынды пайдалану. Сонымен қатар пәнаралық байланыстың орны ерекше. Көркем еңбекті бейнелеу өнері, ана тілі сабақтарымен қатар жүргізу өте тиімді. Мысалы көркем еңбекті сабағындағы көркем еңбек, техникалық еңбек бөлімдеріндегі суреттерге қарап шығарма жазу, өлең, тақпақтар айтқызу, ол заттардың зат есім немесе суреттердегі әрбір баланың қимылын сын есіммен байланыстыруға болады. Ал бейнелеу өнері сабағындағы ұқсас тақыптарды бір мезгілде оқыту өте тиімді. Мәселен, сәндік-қолданбалы өнер тақырыбы көркем еңбекті сабағында да бар. Бір сабақтан суретін салса, екінші сабақтан тігуге арланған құралдармен бұйымдар тіге бастайды. Бір жағына мұғалімге де сабақ өткізу жеңіл болады.
Жалпы елімізде шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі әлі күнге дейін зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.