Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


І. Белгі түсіретін өлшеуіш құралдар



бет4/26
Дата14.09.2023
өлшемі81,76 Kb.
#181072
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция

І. Белгі түсіретін өлшеуіш құралдар:

  • оқушының сызғыш құралы 20-30см;

  • бұрыштық сызғыш 20-20 см;

  • циркуль;

  • қалам;

  • сантиметрлік лента.

ІІ. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс атқару құралдары.

  • тұрмыстық пышақ, ұшы доғал, ұзындығы12-14 см;

  • доғал ұшты қайшы;

  • ысқыш,

  • желім жағуға арналған қылқалам;

  • бояу жағуға арналған қылқалам;

  • біз.

ІІІ. Матамен жұмыс істеуге арналған құралдар.

  • №1-2 тігін инелері;

  • № 0-2 кесте инелері;

  • машина инесі;

  • тоқыма инесі;

  • оймақ,

  • жіп, сабақтар;

  • кесте тоқуға арналған кергіш;

  • сантиметрлік лента.

ІҮ. Әртүлі табиғи материалдармен жұмыс атқаруда қолданылатын құрал- саймандар.

  • ағаш сүргісі;

  • ағаш бетін бедерлеу пышақтары;

  • қол бұрғылар;

  • гайка кілті;

  • қысқаштар;

  • кескіштер

Ү. Ермексазбен жұмыс істеуде қолданылатын құралдар.



Дәріс - 4
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағы бойынша бағдарламаның құрылымы
Мақсаты: Студенттерге мемлекеттік құжаттарды талдауға үйрету
Жоспар:

  1. Білім беру мазмұны

  2. Оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар

  3. Көркем еңбекті сабағының негізгі бағыттары.

Бiлiм беру мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, көркем дайындау үшiн белгiлi типтегi мектепте оқытылатын бiлiм мен бiлiктер жүйесi. Бiлiм беру мазмұны дидактикалық категория ретiнде ''ненi оқыту керек'' сұрағына жауап бередi. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшiн оларға адамзат жинақтаған бiлiм-дер, бiлiктер мен дағдылардың жүйесiн меңгерту керек. Бiлiм беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы жəне болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бiрге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескередi. Айта кететiн жайт, оқу мазмұны əрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның əлеуметтiк-экономикалық жəне ғылыми-техникалық қажеттiлiктерiне сай қалып-тасады. Елiмiздiң тəуелсiздiгi, Республикамыздағы əлеумет-тiк-экономикалық жəне саяси өзгерiстер мектеп түлектерi жаңа қоғам құруға, мəдени жəне рухани өрлеуге дайын болуын талап етедi. Бiлiм мазмұнына əлеуметтiк жəне ғылыми жетiс-тiктер деңгейi де өз əсерiн тигiзедi. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгiзiлсе, заманауи компьютерлiк бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кiретiн мəлiметтер жас мүмкiндiктерiне де байланысты. Баланың есте сақтау қабiлетi жоғары болғанымен, бiлiмдi игеру, мəнiн түсiну үшiн өмiрлiк тəжiрибе керек. Ұлттық жəне жалпы адамзаттық мəдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшелiктер болады. Қазiргi заманда дүниежүзi бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендiру, кiрiктiру, тұлғалық даму ережелерiне негiзделедi. Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негiзiнде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пəндер оқытылуы керектiгiн белгiлейдi. Бастауыш сыныптарда барлық пəндерден алғашқы элементарлық ақпарат берiлсе, орта сыныптарда жүйелi бiлiм берiледi.
Бiлiм берудiң мазмұны оқу жоспарларында, жеке пəндердiң оқу бағдарламаларында жəне оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет