Сабақ көрнекілігі: тақта, компьютер, слайдтар, суреттер



бет1/3
Дата12.04.2022
өлшемі28,99 Kb.
#139050
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сынып жетекші Бестерек (1) (1), Силлабус Бейімделген дене мәдениеті 3, Силлабус ОХТ каз нов, Kanatbekqyzy Asem

Сабақтың тақырыбы: Еңбек – түбі береке.
Сабақ мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру.
3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: тақта, компьютер, слайдтар, суреттер.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз:Мұғалім: -Нағыз еңбек неден басталады? -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек. Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.
тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.
Сүйікті іс күш,жігер береді.Жарқын болашақ
Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді.Ауыр шынықтырады жеңіл
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 
Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»
Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?
Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.
Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?
Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.
1-оқушы: Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.
2-оқушы: Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.
3-оқушы: Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.
4-оқушы: Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.
5-оқушы: Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.
Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.
Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет