ІІ. Негізгі бөлім Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын ұсынды. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы.
Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті.
Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық.
2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық.
Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі.
Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады.
«Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.
Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.
2. Кім болам?
-Жұмбақ шешу;
-әдеби монтаж.
-мамандық таңдау.
Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры бар.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
Мен таңдайтын мамандық. /Әдеби монтаж/
Рауан: Ай-һой, ғажап қандай бұл,
Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай
Әнші болсам не арман бар?!
Сұлтан: Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де.
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп одан да,
Велошабандоз болам ба?
Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден
Гуілдеп күн-түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып,
Ғибрат сабақ алайық.
Исламбек: Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан – надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Жүрейін десең, тұрғызар,
Төсекке мойын бұрғызар.
«Өзгелер де жүр ғой» деп
Біреуді мысал қылғызар.
Нариман : Іс қалдырмас еселі –
Білімнің ең кеселі.
Кірсе бойдан шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Төбеңді сөйтіп теседі,
Орныққан сайын өседі.
Ғибадат жоқ, өнер жоқ,
Бәрінің жолын кеседі.
Рауан: Еріншек таза жүре алмас,
Кір-қоңын да жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Даулассаң, желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі.
Султан: Жан тыныштық бұл емес,
Жан дененің құлы емес.
Өзің байлап бересің,
Жан жұмысы ол емес.
Еріншек, ашу, құмарлық,
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Слайд- 3
Бүгін келген қонақтарға сұрақтар береміз.
Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?
2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?
4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?
5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
. Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
- Ең жасыл мамандық
- Ең тәтті мамандық
- Нағыз ақшалы мамандық
- Нағыз бала мамандығы
- Ең күлкілі мамандық
- Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
- Ең ауыр мамандық
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Айтыңдаршы, осы біздің мектепте қандай мамандық иелері бар?
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу.